38
Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері
мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім
арқылы сипатталатын педагогикалық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді.
Олардың жеке қызығушылығы, бейімі, өзіндік мінез-сипатымен бірге өз қадірін
сезінуін дамыту керек. Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани
қажеттіліктеріне қарай өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет.
Тәрбие жүйесі оқу процесіне қажет
қосымша болып қана қоймай, қазіргі
жағдайда шоғырландырушы
рөлді орындай отырып, білім беру мекемесінің
жұмыс істеуінің ең маңызды шарты болып табылады.
12-суретте жалпы орта білім беретін
мектептегі тәрбие жұмысының
бағыттары ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: