Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Кесте-11. Оқушыларды зерттеп білудің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет132/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Кесте-11. Оқушыларды зерттеп білудің сипаттамасы 
Оқушыларды зерттеудің сипаттамалық мәліметтері
1
 
Оқушының тегі, аты-жөні (жалпы мәлімет) 
2
 
Оқушының денсаулығы
 
3
 
Оқушының отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы 
4
 
Ішкі жан дүниесі, рухани байлығы 
5
 
Мінез-құлқы, темпераменті, қабілеті, қызығушылығы, еркі, зейіні және т.б. 
6
 
Үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, достарымен қарым-қатынасы 
7
 
Моральдық бейнесі, адамгершілік қасиеттері 
8
 
Еңбекке көзқарасы 
9
 
Эстетикалық талғамы, өнерге, әдебиетке ден қоюы 
10
 
Интеллектуалдық дамуы 
11
 
Идеялық сауаттылығы және т.б. 
Сонымен қатар, сынып жетекшісі өз жұмысының төмендегідей 
бағыттарын айқындайды:
 
-
оқушының жеке дамуын бақылау, оның еркін дамып, қабілеттерінің 
ашылуына жағдай жасау; 
-
оқушының ынтасы мен қабілетін зерттеу, кәсіби бағдар беру;
-
оқушылардың қоғамдық-құнды қатынастарға жетелейтін әрекеттерінің 
барлық түрлерін (жеке-дара, топтық, ұжымдық) ұйымдастыру;
-
оқушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау; 
-
барлық тәрбиелік күштердің өзара ынтымақтастығы мен байланыстарын 
ұйымдастыру; 
-
сыныпта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
-
оқушылардың тұрмыс жағдайларын зерттеу;


124
-
сыныптағы оқушыларды іс-шараларға тарту және басқа ұжымдармен 
байланыс орнату;
-
оқушылардың дамуындағы, жеке мінез-құлықтарындағы ауытқуларды 
байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету, күрделі 
жағдайларда басшыларды құлақтандыру;
-
өмірде кездесетін күрделі проблемаларды шешуде оларға көмек көрсету; 
-
оқушылардың әлеуметтік және заңды құқықтарын қорғау;
-
тәрбие жұмысының нәтижелілігін көрсететін іс-қағаздар жүргізу 
(оқушылардың жеке құжаттары, күнделігі, сынып журналы және т.б.);
-
мектептің тәрбие жұмысына мұғалімдерді, ата-аналарды, білім және өнер 
саласындағы мамандарды тарту;
-
үнемі тәрбие теориясына, практикасына, психология және педагогика 
мәселелеріне байланысты кәсіби біліктілігін жетілдіру; 
-
өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, оқушылармен жылы 
қарым-қатынас орната алуы және т.б. 
Сынып жетекшісі тәрбие процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие 
ісін төмендегідей бірізділікпен басқарса, 
жұмысы нәтижелі болады:

тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсінуі, 
өзекті мәселелерін көре білуі. Оқу-тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен 
қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін меңгеруі; 

талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатқа сәйкестігін 
анықтауы, кемшіліктерінің себептерін түсінуі;

өз жұмысының нәтижесін болжау және қайшылықтарды, тәрбие ісін 
жүргізудің басым бағыттарын көре білуі. Жоспарды оқушылардың даму 
нәтижесіне байланысты құруы; 

оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік міндеттерді анықтауы; 

оқушылардың 
даму 
деңгейіне 
байланысты 
тәрбиенің 
негізгі 
міндеттерімен, оларға сәйкес іс-әрекеттерін белгілеуі. Тандап алған
іс-әрекеттердің түрлері мен тәрбие жұмысының әдістері, формалары
тәрбие ісінің деңгейін көтеруге тиісті ықпал жасайтынына тәрбиешінің
толық сенуі;

тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы. Оқушылардың көзқарасын 
қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы; 

сынып жетекшісі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың
жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасауға тиіс. Істі қорытындылағанда, 
олардың жетістіктеріне көңіл бөлгені жөн; 

тәрбиелеу барысында тәрбиешінің өзінің күшті және әлсіз жақтарын 
ескеруі; 

тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен өз жұмысын өзі тексеріп, талдап, 
оқушылардың даму деңгейін зерттеп отыруы. 
Сынып 
жетекшісінің 
оқушылар 
және 
олардың 
ата-аналарымен
қарым-қатынасты ұйымдастырғанда атқаратын міндеттері 38-суретте ашылды.


125
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет