Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Оқушы мен сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық



Pdf көрінісі
бет340/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Оқушы мен сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық 
сипаттамасын құрастыру
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек 
пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану және болашақ мамандық алатын оқу 
орнын анықтау. Бұл міндеттерді жүзеге асыру тәрбиеленушіден ұзақ уақыт 
мақсатты даярлықты талап етсе, үлкендер жағынан тәрбиеленушінің
мұқтаждығын жақсы түсініп, оған кеңес беріп, қол ұшын беруді қажет етеді. 
Мамандық таңдау тәрбиеленушінің жалпы дүниетанымдық ізденістері мен 
өмірлік жоспарларында орнығып, нақтыланады. 
Мұнда нақты «Мен» (қазір қандаймын), динамикалық «Мен» (қандай 
болғым келеді), мұраттық «Мен» (өзімнің адамгершілік ұстанымдарыма 
байланысты сондай болуға тиістімін), қиялдағы «Мен» (қолымнан бәрі келетін 
болса, сондай болар едім!) және т.с.с. көз алдына елестетін «Мен» бейнелері 
бар. Өзін-өзі талдау нәтижесінде оқушылар өзін объективті, төмен немесе 
асыра бағалауы мүмкін. Оқушылар психолог көмегімен «Мен» көріністерін 


297
анықтауға, оны зерттеуге мүмкіндік алуы керек. Сондықтан әр оқушыны өзін-
өзі танып білуге үйрету, психологиялық қызметтің тағы бір келесі міндеті.
Әрбір сынып жетекшісінің алдында егемендi елiмiздiң өсiп келе жатқан 
ұрпағын ойлы да iскер, жiгерлi де батыл, өзiне-өзi сенiмдi, интеллектуалдық 
деңгейi жоғары, дүниетанымы қалыптасқан, креативті тұлға тәрбиелеу міндеті 
тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет