Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық


А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ МОРФОЛОГИЯСЫ ҒЫЛЫМЫНЫҢ



бет13/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#40597
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ МОРФОЛОГИЯСЫ ҒЫЛЫМЫНЫҢ

НЕГІЗІН САЛУШЫ

П.А.Байтимбетова,

Қазақ мемлекеттік қыздар

педагогикалық университеті

Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы
Қазақ тіл білімінің ана тілімізде баяндау тарихы А.Байтұрсынұлының еңбектерінен басталады. Ғалым «Тіл құрал» деген атпен үш бөлімнен тұратын оқулық жазады. «Тіл құрал»- қазақ мәдениетінде бұрын болмаған оқулық. «Тіл құрал» деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінеді, өйткені қазақта бұрын болмаған жаңа зат,- деп ғалымның өзі де атап көрсетеді.Сонымен қатар қазақ әдебиеті мен тілін тұңғыш зерттеуші филолог- ғалым. Аталған еңбек қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатынан туған. «Тіл құралдарды» ұсынудағы алға қойған мақсаты жөнінде А.Байтұрсынұлы «Сөз басында» жеткілікті баяндаған. Онда адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі ретінде аталуын жоғары бағалай отырып; «Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса,қандай күйге түсер еді, жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айырылғанынан жеңіл болмас еді дейді». [1] Ендеше, жазу заманында «сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. Ал бұл мәселені шешетін бірақ нәрсе, ол «Тіл құралының» екінші кітабы 1915 жылы Орынбор қаласында басылды. Аталған еңбекте сөздерді тапқа бөлудің жалпы тіл біліміндегі заңдылықтарын нақты атап көрсетеді.

Ғалым бұл еңбегінде сөздерді тапқа бөлудің жалпы тіл біліміндегі сонау Платон,Аристотель еңбектерінен бастау алғандығын сөз етеді. Платон сөздерді есім және етістік деп бөлсе, ал Аристотель өзінің еңбектерінде сөздерді есім, етістік, жалғаулық деп бөледі.

Ең алғаш рет түрколог ғалым Н.И.Ильминский қазақ тілі сөздерін топтастыру мәселесін 1860-1861-жылдары «Материалы к изучению киргизского наречия» атты еңбегінде сөз етеді. Қазақ тіліндегі сөздерді тоғызға бөледі. Ал ғалым П.М.Мелиоранский сын есімді жеке сөз табы ретінде қарамай, зат есім ішінде қарастырып, 8 сөз табы бар деп көрсетеді. А.Байтұрсынұлының бұл еңбегіне белгілі тіл ғалымы Р.Сыздықова: «Тіл құрал» - қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Бастауыш мектепке, яғни, алғашқы 4-5 жыл оқитын шәкірттерге арналғанымен, қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танып берген қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми жұмыстың басы. Бұл оқулықтар «қазақ тіл білімі» атты ғылым саласының ана тіліміздегі бастамасы және дұрыс, жақсы бастамасы. Өйткені қазақ тілінің дыбыстық құрамының классификциясы да, сөз таптарын ажыратып, сөз тұлғаларының түрлерін көрсетуде де, сөздердің (септелу, тәуелдену, жіктелу) тәртібін танытуда да, сөйлем түрлерін ажыратуда да - қысқасы, қазақ тілі фонетикасы мен грамматикасын талдап таныту күні бүгінге дейін А.Байтұрсынұлының аталған оқулықтарының негізінде беріліп келеді.Тілдің әр категорияны классификациясынан бастап, бүкіл терминдеріне дейін (бірен саран жеке сәттерде болмаса, қазіргі мектеп грамматикасы А.Байтұрсынұлы салған негізде ұсынылып отыр, [2] дегені өте орынды. Ал ғалым Т.Қордабаев: «Ахаңның бұл оқулықтары қазақ тіл білімінің қазақ тілінде алғаш баяндала бастаған заманында, бұдан 75 жыл бұрын шыққанына тілдік категориялардың терминдік ауытқуы жағынан да, классификациясы жағынан да қазіргі еңбектермен үйлесіп,үндесіп жатады-деп жоғары бағалайды. [3] Сонымен қатар Р.Сыздықова: «Ахмет Байтұрсынұлы- біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із қалдырған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны саутын Байтұрсынұлының әліпбиімен ашып, Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл құралы» арқылы оқып үйренді»,- деп өте орынды көрсетеді.

Бұл оқулықта тілдегі сөздер мына түрде топтастырылған: I. Атауыш сөздер: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік. II.Шылаусөздер: (үстеу, демеу, жалғау, одағай). [1] Бұдан А.Байтұрсынұлы тілдегі сөздерді алдымен үлкен екі топқа бөліп, олардың әрқайсысын іштей бірнеше топқа бөлгенін көреміз. Ал осы сөз таптары қазақ тіл білімінде негізінен қазір де қолданылып жүр. Тек мұндағы одағайлар шылау сөздер тобына жатпайды. А.Байтұрсынұлының сөз таптарына қолданған атаулары ешбір өзгеріссіз, күні бүгінге дейін қолданылып келеді,олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай. Ғалым әр сөз табын мысал арқылы түсіндіре отырып, әрқайсысына анықтама береді. А.Байтұрсынұлы сөз таптарын жіктеуде сөз таптарының жалпы грамматикалық мағыналары - заттылық, т.б мағыналарды негізге ала отырып, сөз таптарын таза грамматикалық категория ретінде қарастырғанын аңғарамыз.

Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бір - грамматикалық категория болып табылады. Грамматикалық категория өзара тектес, мәндес, ыңғайлас, бір- біріне қайшы мәндегі бірнеше, кем дегенде екі түрлі грамматикалық мағыналар белгілі парадигмалық сипаттағы грамматикалық тұлғалардың жүйелері арқылы беріледі. Сол арқылы грамматикалық категория белгілі грамматикалық топтағы сөздердің түрлену жүйесі болып табылады.

Грамматикалық категория сөз таптарына қарай топталып жіктеледі. Грамматикалық категория түрлері күні бүгінге дейін А.Байтұрсынұлы еңбектерінің негізінде өзгеріссіз сақталып келеді. Зат есімнің көптік категориясын, тәуелдік грамматикалық категориясын, септік категориясын, сын есімнің шырай категориясын, етіс категориясын, болымды- болымсыздық категориясын, шақ категориясын, жақ категориясын көрсетеді.

Атауыш сөздердің ең негізгісі – зат есім. Зат есімге мысалдар келтіре отырып анықтама береді. Осыған орай А.Байтұрсынұлы зат есімді деректі және дерексіз деп бөледі. Зат есім екі түрлі болады.Біреулері –нәрсенің дербес өз басына ғана қойылған жалқы есім.Екіншілері нәрсенің біріне емес, барлық тобына қойылған жалпы есім.Осыған орай зат есімге жалқы есім және жалпы есім деп анықтама береді. Зат есімде екі айырыс бар дейді, олар: жекелік айырыс және көптік айырыс. Ғалым зат есімнің жеке тұрған және көптік жалғау қабылдаған кездерін жекелік айырыс және көптік айырыс деп көрсетеді, тәуелдік жалғау жалғануына байланысты, жай қалып және тәуелді қалып деп жіктей отырып, тәуелденудің оңаша, ортақ түрлерінің жақтарын атап көрсетеді.

Жалғауды екі түрге бөледі.Олар септік және көптік жалғау. Әрқайсысына мысалдар келтіре отырып анықтама береді. Сын есімге де анықтама беріп, тек сыны және сыр сыны деп жіктейді. Сыр сынында үш түрлі шырай бар дейді. Олар: жай шырай, талғаулы шырай, таңдаулы шырай.

Ғалым сан есімді есептік, реттік деп екіге бөледі. Есептік сан есімді екіге бөледі: бірі заттың есебінде айтылады, мысалы бес, алты, екіншісі зат есімге тіркелмей басқаша айтылады. Мысалы, бес-бесеу, алты-алтау. Бұлайша айтылу жетіге дейін-ақ бар деп көрсетеді.

Есімдіктерді мағыналық топтарына қарай беске жіктейді: жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау есімдігі, жіктеу есімдігі (жіктеу есімдігін екі рет атағанымен, мазмұны жағынан бір- бірінен өзгеше), танықтық есімдігі.

А.Байтұрсынұлы сөз таптарын саралауда мағыналық ерекшелікті негізге ала отырып, үстеуді мағыналық топтарына қарай беске бөледі. Олар: нықтаулық үстеу, сынаулық үстеу, өлшеулік үстеу, мезгілдік үстеу, мекендік үстеу. Сонымен қатар ғалым демеулерді жеке сөз табы ретінде қарастырады. Оларды іштей сұрау демеу және жай демеу деп бөледі. Ал жалғаулықтардың қазақ тілінде өте аз екенін айта отырып, бәрін санамалап шығады. Мысалы, менен, үшін, шейін, дейін, таман, сайын, гөрі, арқылы, тақырыпты, туралы. Жалғаулықтардың орнына жүретін басқа сөздер ретінде әрі, соң, бойы, бөтен, өзге, жанына деген сөздерді айтып өтеді.

Одағайды ғалым ілездік одағайы, еліктеу одағайы, шақырыс одағайы деп үшке бөледі. Одағайдан туған сөздерді екі түрге бөледі. Одағайдан басқа сөздер көмекші етістік жұрнақ арқылы туады деп көрсетеді [1].

А.Байтұрсынұлы атап өткен сөз таптары 1952 жылға дейін өзгеріссіз қолданылып келді. Сөз таптары жөнінде алғаш пікір айтқандардың бірі Қ.Жұбанов болды. Өзінің «Қазақ тілі грамматикасында» қазақ тіліндегі сөздерді лексика-грамматикалық топтарға бөлгенде, үш түрлі негізге сүйену керектігін айтады. Олар:1) лексикалық мағына; 2)морфологиялық қасиеті; 3) сөйлемдегі қандай мүше қызметін атқаратынына байланысты. Қ.Жұбановтың өз айтуынша: «Біздің тілімізде үш түрлі өлшеуді қабат алып отыру дұрыс. Үшеуінің бірдей сынына толса, сонда ғана бұл пәлендей сөз табы деуіміз керек. Ол үшеуінің бірі-мағына,екіншісі-морфология, үшіншісі-синтаксис.» [4] Бүгінде сөздерді таптастырудың аталған үш принципі- қазіргі қазақ тіліндегі сөздерді топтарға бөлуге негіз болғаны дәлелденіп отыр.

Сөз таптастыу мәселесіне қатысты ғылыми тұжырым айтқан ғалымдардың бірі - С.Жиенбаев. Ғалымның «Грамматикалық категориялар туралы» мақаласында сөздерді топқа бөлу мәселесінде сөздердің үш негізгі белгісін алу керек екендігі айтылған: Ол пікірдің грамматикада қазір әбден қалыптасқаны белгілі [5].

А.Ысқақов қазақ тіліндегі сөз таптарын анықтауды ғылыми тұрғыда зерттеп, ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Ол сөздерді таптастыру ұстанымдарын ғылыми жағынан анықтап, сөздерді таптастыру мәселесінің теориялық негізін жасады. Ғалым тіл білімінде қалыптасқан сөздерді үш үлкен топқа бөлді. Олар: атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер. Мұнда автор А.Байтұрсынұлы еңбегінен басталған сөздерді таптастырудың түрін жалғастырған.

Кейінгі кезеңде бұл мәселе жаңа пікірлерде айтылды. С.Исаев «Қазақ грамматикасы» деген еңбекте сөздерді таптастырудағы үш ұстанымға сүйене отырып сөз таптарын онға бөлген. Оны автордың аталған еңбектегі өз сөзімен келтірейік: «Осы атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар және одағай сөздер мен модаль сөздер де жеке- жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағынасы болмаса да, өзі қатысты сөзге, я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе ойға қатысты (көңіл-күйін білдіру я модальдық) мәндер үстейді. Сөйтіп, қазақ тілінде мынадай сөз таптарын көрсетуге болады: 1. зат есім, 2. сын есім, 3. сан есім, 4. есімдік, 5.үстеу, 6.етістік, 7.еліктеуіш сөздер, 8.шылаулар, 9. одағай,10. модаль сөздер» [7].

А.Байтұрсынұлының оқулықтары туралы А.Мектепов былай дейді: «Халық тарихында тұңғыш рет ол жазған үш томдық «Тіл құрал» ғалымның теңдесі жоқ еңбегі, ғылыми ерлігі. Ана тіліміздің фонетикасын («Дыбыс жүйесі»), морфологиясын («Сөз жүйесі») және синтаксисін («Сөйлем жүйесі») тұңғыш рет, терең біліммен жазған Ахаң еңбектері күні бүгінге дейін қазақ тіл білімінің мызғымас негізі болып келеді» [8].

А.Байтұрсынұлының айтып өткен мағыналық топтары мен олардың түрлі категорияларының көпшілігі қазіргі таңда тіл білімінде қолданылып келеді, кейбір атауларында өзгешелік кездеседі. Ғалымның сөздерді топтастыруда басшылыққа алған заңдылықтарының қазақ тілі үшін маңызы зор екендігін көруге болады. Қазақ халқының ұлы данышпан азаматының мол ғылыми мұрасын кейінгі ұрпаққа жан- жақты насихаттау- тілші,әдебиетші мамадардың зор міндеті екенін ұмытпауымыз керек екенін естен әрдайым шығармауымыз тиіс.



Әдебиеттер:

1. А.Байтұрсынов Тіл тағылымы.Алматы:Ана тілі. 1992.

2. Р.Сыздықова А.Байтұрсынов.А,.1990.

3. Т.Қордабаев Қазақ тіл білімінің иәселелері,А.,Рауан,1991.

4. Ж.Құдайбергенов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы:Қаз.СССР ҒА баспасы. 1966

5. С.Жиенбаев Грамматикалық категориялар туралы. Ауыл мұғалімі. 1936. № 5-6

6. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі морфология. А. 1964.

7. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –Астана, 2002.

8. А.Мектепов Ахаң түзген әліпби. Ана тілі, 30 қаңтар, 1992

Түйіндеме

Бұл мақалада А. Байтұрсынұлының тіл біліміндегі сөздерді сөз таптарына бөлуі, өз ішінде мағыналық топтарға жіктеуі қарастырылған.



Резюме

В статье рассматривается деление слов по частям речи в языкознании А.Байтурсунова и спряжение в себе синонимических групп.




ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ҚИМЫЛДЫҢ ӨТУ СИПАТЫ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Н.А.Бекетанова,

Мемлекеттік тіл дамыту

институтының ғылыми қызметкер

Алматы. Қазақстан

Бүгінгі таңда жұмсалымды грамматика мәселелері жан-жақты зерттеліп, тілдік бірліктердің жұмсалу ауқымын тану кеңейе түсті. Көптеген ғылыми зерттеулерде тілдің тек сипаттамалы жағын ғана танып қоймай, оның жұмсалымдық бағыты да қарастырылып жатыр. Айталық, қимылдың өту сипаты категориясының жекелеген мәселелері қазақ тіл білімінде функционалды грамматика принциптері тұрғысынан біршама зерттеу жұмыстарына негіз болды.

Алғашқы кезеңнің өзінде-ақ қимылдың өту сипаты категориясы жайында арнайы зерттеулер жүргізілмегенімен, кейбір зерттеулерде қимылдың жасалу тәсілдері туралы сипаттама берілді. Мұның өзі бұл категорияның зерттелуі әріден басталғандығын аңғартады. Мәселен, орыс тіл білімінде, түркітанымда аталмыш категория түрі "сыпат", "вид" ұғымымен байланысты зерттеліп, осы тақырып аясында біршама ғылыми ой-толғамдар дүниеге келген [1,47].

Қазақ тіл білімінде бұл топтағы зерттеулердің басында А.Байтұрсынұлы, Н.Оралбаева, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, М.Оразов, А.Ысқақов, Қ.Ұйықбаевтар тұрды, кейіннен қимылдың өту сипаты категориясын жұмсалымды тұрғыдан қарастырған З.Ахметжанова, М.Жолшаева, С.Құлманов т.б. сынды ғалымдарды атауға болады.

Бұл тақырыпқа қалам тартқан Ахмет Байтұрынұлы ойлары кеңінен өріс алды. Ғалым етістіктің категорияларына тоқталып, оларды құрылымдық жағынан зерттеуді негізге алған. Соның ішінде қимылдың өту сипаты категориясына тікелей қатысы бары – ғалымның етіс түрлеріне жасаған жіктемелері. Ол етіс түрлерін дүркін етіс (бірнеше рет қайталанған іс-қимыл) және өсіңкі етіс (күшейген іс-қимыл) деп бөледі [2,49]. Бұлардың қимылдың өту сипатына қатысты мағыналар екендігін аңғару қиын емес.

Қазақ тілінде сипат категориясы көсемше тұлғалы етістіктердің арнайы көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы жасалатындығын ғалым Қ.Кемеңгерұлы анықтаған. Өз кезеңінде ғалым осы мәселеге ерекше назар аударып, ой түйіндеген ғалымдардың бірі. Зерттеушінің сипат категориясына қатысты ойлары, негізінен, "Грамматика казахского языка" және "Оқу құралы" сияқты еңбектерінде баяндалған. Атап айтқанда, "Грамматикада" көмекші етістіктерге аяқталған, аяқталмаған қимылды білдіруіне қарай сипаттама берілсе, "Оқу құралында" көмекші етістіктердің көмекші мәні, қимылдың әр мезетін жасаудағы қызметі, аналитикалық формант түзуі, т.с.с. негізгі қосымша реңктерді қамтуға тырысқан [3,64]. Зерттеуші ғалымның қимылдың өту сипаты категориясы туралы ой-тұжырымының әртүрлі аналитикалық форманттар арқылы көрініс тапқандығын мынандай схема арқылы беруге болады:


Кесте 1 - Қ.Кемеңгерұлы зерттеуіндегі қимыл өту сипатының концепциясы

Қ


Қимылдың жасандылығын білдіретін а.ф:

- ған бол

аналитикалық формант



қимылдың жұмсалуына шек қою: - а көр; -а ал/-а алма
имылдың өту сипаты категориясы

Қимылдың созылуын, қайталануын білдіретін а.ф: - а бер

Қимылдың күтпеген жерден ж-н білдіретін а.ф: - а қал(са)

Қимылдың бағыт-мақсатын білд-н а.ф: - п ал

Қимылдың еркеше қарқынмен жасалуын б а.ф: - а бер

Қим-ң немқұрайды жұмсалуын б а.ф:- п бер

Сонымен қатар тілеу, жалыну, өтініп сұрау мәнінде - а көр формантының қолданылатынын білдіру үшін - а ал/ -ал алма форманты жұмсалатынын көрсеткен. Бұдан шығатын қорытынды - өзіне дейінгі зерттеушілермен салыстырғанда Қ.Кемеңгерұлы көмекші етістіктердің мәнін барынша нақтылап, жан-жақты ашуға тырысқандығын аңғарамыз.

Кейіннен ғалым Т.Шонанов та өз еңбегінде көмекші етістіктерге тоқтала кетіп, олардың қимылдың сипатын берудегі жолдарына тоқталып өткен [3,73].

Қимылдың өту сипаты етістіктің грамматикалық категориясы ретінде негізделіп, оның аналитикалық және синтетикалық тәсіл арқылы берілетіндігін ғалым Н.Оралбаева да атап өткен. Ғалым өз еңбегінде қимылдың өту категорияларының 14 түрін көрсетеді. Олар: жетімсіз қимыл (-а жазда), қимылдың ерекше ынтамен жасалуы (-п бақ), асығыссыздығын білдіру (-а жатыр), жасалуға бейім қимыл (- ғалы отыр) т.б [4,36].

Қимылдың өту сипаты табиғатын арнайы сөз еткен ғалымдардың бірі - Қ.Жұбанов. Ол көмекші етістіктердің әр мезетін дәл суреттей алатыны, қазақ тіліне көрініс (вид) категориясының тән емес екендігі, тұр, отыр, жүр, жатыр етістіктерінің амалдың өту деңгейін көрсете алатыны туралы құнды тұжырымдар жасайды [5,8].

Қимылдың өту сипаты категориясына арнайы тоқталған ғалымдардың бірі - Ы.Маманов. Ол мынадай анықтама береді: "Қимылдың ішкі өту шегін, ағымын білдіретін етістіктің формасын сыпат категориясы дейміз. Ол екіге бөлінеді: созылыңқы сыпат; аяқталған сыпат" [6,74]. Ғалым Ы.Мамановтың ой-тұжырымы жоғарыда талданған тұжырымдармен сәйкес келеді. Ғалымның көрсетуінше, синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын қимылдың қайталануы сыпат категориясынан тыс қаралуы керек. Қимылдың қайталануын көрсететін етістіктер де процестің өтуін білдіретіндігіне қарамастан, аяқталған және созылыңқылық тұрғысынан сипатталады деп, мынадай мысалдар келтіреді: ұрғыла, ұрғылап таста, атқыла, атқылап таста [6,32]. Ол "созылыңқы сыпат көсемше тұлғаларының отыр, тұр, жатыр, жүр, ал аяқталған сыпаттың қал, қой, таста, асық, сал, жібер, кет, бол, біт, ал, бер көмекші етістіктері арқылы жасалады және негізгі етістіктің қандай көсемше тұлғасында келуімен көмекші етістіктің түріне қарай: а)қимылдың аяқталу шегін; ә) қимылдың нәтижесін немесе қимылдың батыл болатындығын білдіреді" деп көрсеткен [6,74].

Сонымен, Ы.Маманов қазақ тілінде сыпат тек аналитикалық тәсіл арқылы жасалады деп сыпаттың (кейбір ғалымдар көрсеткен) синтетикалық тәсіл арқылы берілуін жоққа шығарады.

М.Оразов синтетикалық және аналитикалық жолмен жасалатын амал-әрекеттің орындалу тәсілін беретін грамматикалық формалардың 17 мағыналық тобын көрсеткен [1,53].


Кесте 2 - М.Оразовтың зерттеуіндегі қимылдың өту сипаты категориясын жасаудағы грамматикалық форма түрлері

Қимылдың өту сипаты


Қимылдың бірнеше қайталануы;

Қимылдың толық болмағандығы;

амал-әрекеттің орындалып барып, орындалмай қалғандығы:

ары қарай жалғасуы; амал-әрекетке тиым салу; бір нәрсені байқау, ұғыну мағынасы... т.б.


Ал А.Ысқақов қимылдың өту сипаты категориясын етістіктің морфологиялық категорияларының қатарына жатқызады. Сонымен қатар, ол аналитикалық жолмен де, синтетикалық жолмен де жасалатындығын айтып және синтетикалық тәсіл арқылы жасалған көрсеткіштер қатарына мына қосымшаларды жатқызады:



-ла (-ле, -да, -де, -та, -те);

-қыла (-кіле, - ғыла, - гіле);

-мала (- меле, - бала, -беле, - пала, - пеле) т.б. [3,290].

Қазақ тіліндегі етістіктің сыпат категориясын зерттеген И.Қ.Ұйықбаев "көрініс" деген терминді қолданады. Ол бұл категорияның негізгі критериі ретінде белгілі бір мезгілде жасаған қимылдың шектелуі мен шектелмеуі, нәтижелігі мен нәтижесіздігін алады. И.Қ.Ұйықбаев "Етістіктің қимыл сипатын білдіретін тірі көрініс деп аталады" [7,18] деген анықтама бере отырып, қимылдың жасалу қалпына қарай аяқталған және аяқталмаған деп жіктейді. Кестеге назар аударайық:



Кесте 3 - И.Қ.Ұйықбаев зерттеуіндегі қимыл өту сипаты түрлері




о
Қимылдың өту сипаты
шо

Қазіргі кезде тілді қимылдың өту сипаты деп танылған категорияның құрамына кіретін қимылдың даму сатысы мен қимылдың жасалу тәсілдерін сыпат аясында қарастырған. Мысалы, қимылдың аяқталуы мен басталуын аяқталған сыпаттың, ал қимылдың аяқталмауын аяқталмаған сыпаттың бір түрі ретінде көрсетеді. Жоғарыдағы талданған кестеден автордың сыпатты кең мағынада түсінгендігін және бұл оның сыпатқа берген анықтамасы қазақ тіл білімі үшін маңызы зор екендігін көреміз.

Қазақ тіл білімінде жұмсалымды грамматика бағытын қарастырып жүрген біршама ғалымдар тобы да қимылдың өту сипаты категориясын жан-жақты зерттеуде қалыс қалған жоқ. Бұл топтағы зерттеулер басында З.К.Ахметжанованың "функциональная-семантическая поля русского и казахского языка" атты еңбегі зерттеулердің алды. Ғалым аталған еңбекте қазақ тіліндегі аспектуалдылық категориясының функционалды-семантикалық өрісін орыс тілімен салыстыра отырып, әр тілдің өзіндік ерекшеліктеріне сай тілдік көрінісін анықтаған. Сондай-ақ, бүгінгі күнде ғалым М.Жолшаева қимылдың өту сипаты категорияларының жалпы мағынасы мен ішкі мағыналық құрылымы, олардың берілу жолдары, жасалу үстіндегі қимыл семантикасы мен оның берілу жолдары сияқты мәселелерді зерттеп, докторлық диссертация қорғады.

Қорыта келгенде, қазақ тіл біліміндегі қимылдың өту сипаты категориясы, оның грамматикалық ерекшеліктері, жұмсалу механизмі әр кезеңдегі ғалымдардың ой-тұжырымдарымен толықтырылып, қамтылып отырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет