Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



бет27/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#40597
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47

Ұжымдық оқыту технологиясын зерттеген орыс ғалымы В.Дьяченко «Сотрудничество в обучении» деген еңбегінде оны жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық мақсатқа құрады [5, 14]. С.Лысенкова «Когда легко учиться» деген еңбегінде тірек сигналдарды пайдалана отырып, жеделдете оқытуды ұсынады [6, 8-9]. Ал педагог В.Шаталовтың технологиясы жеке ерекшеліктерді ескере отырып, барлық балаларды оқытуға арналған [7, 17].

Ғалым В.Занков деңгейлеп саралап оқыту технологиясын әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, тәрбиелеу бағытында жүзеге асатын технологияның түрі деп тұжырым жасайды. Ғалым деңгейлеп саралап оқыту технологиясының алдына қойған мақсаты – оқытуды оқушының әр түрлі топтарына, ерекшеліктеріне сай бейімдеу, ыңғайлау деп түсіндіреді. Технологияның ерекшелігі – оқушының білімге дене ынтасын арттыру; деңгейлік тапсырмалар арқылы дарындылығын, қабілетін ояту, ашу, қалыптастыру, сенімділікке жетелеу.

Бұл айтылған технологиялардың барлығы да оқушыларға берілетін білімді тәрбиемен байланыстыру, сабақтың блок түрінде құрылуына жағдай жасау, оқушының еңбегін дұрыс бағалау, оқушылар еңбегіндегі физиологиялық-гигиеналық талаптардың дұрыс орындалуын қадағалау, өзін-өзі жетілдіру, оқушының ой-өрісін дамыту мақсатына құрылған.

Әдебиеттер:


  1. Жұматаева З. Қазақ тілін оқытудағы педагогикалық технологиялардың тиімділігі // Түркі жазба мәдениеті және Ахмеди Ысқақовтың тілдік мұрасы. Түркістан, 2010. 71-84 бб.

  2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. -НО, 1998.

  3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. -Москва, 1989.

  4. Монахов В.М.Изучение эффективности воспитания: теория и методика. -Москва, 1981.

  5. Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучении. -М., 1991.

  6. Лысенкова С.Н. Когда легко учиться. -М., 1985.

  7. Шаталов В.Ф. Педагогическая проза. -М., 1980.

Резюме

В статье рассматриваются новые инновационные технологии в системе образования. Дается краткий обзор на новые технологии, которые успешно пользуется среди педагогов.



Summary

In article new innovative technologies in an education system are considered. The short review on new technologies which successfully uses among teachers is given.


Оқушылардың әдеби шығармашылық қабілеттерін дамыту
А.Ж.Нұржанова, филология магистрі.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

5 жалпы орта мектептің



қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Қазақстан

Шәкірттің білім дәрежесіне қарап, ұстазын бағалауға болады деген сөз бар. Әрбір ұстаз кәсіптік білімін шыңдай түсетін, сондай-ақ білім берудің жаңа технологияларын тиімді пайдалана алатын, өзінің нақты мақсатын айқын көре алатын, әлемдік ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесін қалыптастыра алатын кәсіби шебер болуы керек. Қазіргі кезде білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында әрбір сабақта қолданылатын оқытудың жаңа формалары мен технологиялары оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға, ізденімпаздығын байқауға, қабілеттерін жетілдіруге, білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды оқытудың негізгі мақсаты - баланың ашылмаған қабілетін ашу, дамыта оқыту белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру, қосымша пәнге қызығушылығын арттыру. Мұғалім міндеті- пәннің ғылыми сипатын арттырып, білім беруде тек мәлімет жиынтығын меңгертумен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыдан болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу [1.115]. Мұның бәрін жүзеге асыратын – мұғалім. Сабақтың сапалы болуының толып жатқан шарттары, әдіс-тәсілдері бар. Соның бірі – оқушылармен жүргізілетін шығармашылық жұмыс. Шығармашылық тұлға қалыптастыру – қазіргі оқу процесінің ең басты талаптарының бірі. Шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы. Дистерберг: « Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - дейді [2.23].

Оқушы қабілеті дегеніміз – оның педагогикалық ықпал аясындағы білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. Оқушылардың әдеби шығармашылығы олардың рухани тілегі болып табылады. Мектептегі бүкіл оқу үдерісі баланың ой-өрісін, ұғым- түсінігін қиялын дамытып, оны нақты білімдермен қаруландырады [3.57].

Балалардың әдеби шығармашылық қабілеттерін дамыту дегеніміз-оларды келешекте жазушы немесе ақын етіп шығару деген сөз емес. Оның көздейтін негізгі мақсаты жасөспірімдердің шығармашылық қиялының дамуын дұрыс арнаға салып, олардың фантазиясы мен іс-әрекетіне өмір бойы қолданатын дұрыс бағыт беру болып табылады. Мұның өзі балалардың ішкі сезім дүниесінің жаңаруына игі әсер етеді және әдеби тілді меңгеруіне де үлкен мүмкіндік жасайды [4.71].

Баланың ой- қиялы кейде өте ерте оянып, кәсіби бағыт ала бастайтындығы да белгілі. Егер оқушы өлең немесе шағын әңгіме жазғысы келсе, оған мейлінше көңіл бөліп, қолдап отыру қажет. Балалардың мұндай талабы ойлау, әсерлену, сезіну, т.с.с. қабілеттерін дамытып, олардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.

Мен өз тәжірибемде бірнеше жылдар бойына мектептегі оқушылардың жазған өлеңдерін, әңгімелерін, ертегілерін жинақтап, зерттеу жұмысымен айналыстым. Ол сыныпта, яғни, сабақ барысында және сыныптан тыс уақыттарда, әдеби үйірмелерде, сол сияқты баланың өздігінен орындаған жұмыстары түрінде болды. Осы жұмыстарды талдай келе байқағаным, балалардың рухани дүниесінің қаншалықты бай әрі таза екеніне, олардың айналадағы өмір шындығы мен адамдарға деген сенімдерінің адалдығына, сөйтіп өз ой-қиялдарында қандай бейнелер жасайтындарына көзім жетті. Осы орайда шәкірттер шығармашылығынан нақты мысалдар келтірейін.

5- сыныпта оқитын Жарқынай есімді оқушы әдебиет сабағында жазған

« Күзгі жаңбыр » тақырыбындағы шығармасында өз ойын былайша таратқан.



Кеше таңертең мені әжем ерте оятты. Өйткені қосымша сабаққа баруым керек қой. Далаға шықсам, аспан қабағын түйіп алған. Қызық, кәдімгі кәмпит жетпей қалып өкпелеген кішкентай бала сияқты. Сәл болса жылап жіберетіндей. Ауа салқын. Мектепке келе жатып жапырақтары сары, қызыл түске боялған ағаштарды көрдім. Бұрын байқамаған екенмін, жердің бетіне жапырақтардан біреу кілем төсеп қойғандай. Кілем болғанда қандай, әдемі сары - ала кілем. Ал мына бір шырша мен қарағайды қара, сол жап-жасыл қалпында! Табиғат қандай шебер деп ойладым. Осылайша табиғатты өзімше қызықтап келе жатып жаңбырдың жауа бастағанын байқамай қалыппын. Бұл күздің алғашқы жаңбыры еді.

Осы сыныптың оқушысы Жанайна: « Бүгін түні бойы жаңбыр жауды. Тырс-тырс тамады. Кейде терезені ұрып өтеді. Әкем: -Күз келді ғой, егіннің бәрі жиналып болды, енді жаңбырдың жауғаны да дұрыс,-деп қояды. Терезені барып ашып едім, суық леп ішке кірді. Жаңбыр таңертең де жауып тұрды. Аспан әлемі сұрланып кеткен. Сонда барып Абайдың



« Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан, күз болып дымқыл тұман жерді басқан...» деген өлең жолдарын есіме алдым», -деп өз ойын білдірсе, Толқын есімді оқушымның « Күзде » атты өлеңі:

Жыл құстары тізіліп, Аспан асты түнеріп,

Жылы жаққа кетеді. Жаңбыр жиі жауады.

Жапырақтар сарғайып, Әбігерге түсіріп,

Жерге қалқып түседі. Суық дауыл соғады.

Мұнда оқушының күз туралы өз ойын өлең жолдарымен беруге сәтті қадам жасағаны көрініп тұр.

Бұдан шығатын қорытынды, шығармашылық іс-әрекетті дамыту арқылы оқушылар бойында мына қасиеттер қалыптасады:


  • Бір-біріне жолдастық, достық қарым-қатынасы арта түседі;

  • Өз білімімен жолдастарының білімін саралай, бағалай білуіне толығырақ мүмкіндік туады;

  • Оқушылардың өзіндік шығармашылығын байқатады;

  • Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді, көптеген қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды;

  • Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, баланың мінез-құлқына, яғни тиянақтылыққа, төзімділікке, ұстанымдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады.

Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушы ізденімпаздығын, шығармашылығын, дарынын, талантын тәрбиелейді. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баули отырып, олардың бойында еркін ойлай алатын, мақсат қоя білетін тұлға қалыптастыру үшін ұтымды әдіс-тәсілдерді тауып, қолдана білу арқылы, тұжырымды қорытынды жасай алатын қабілетке ие болу қасиеттерін қалыптастырамыз. Негізі, оқушыны өздігінен ізденіп жұмыс істеуге, білім алуға деген шығармашылық ойды қалыптастыру – ең үлкен жұмыс.

7-сыныпта мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі өзекті мәселелерді көтере отырып, соны шешу жұмыстарымен айналысамыз. Біздің айтпағымыз, педагогикалық үрдістегі көптеген шешілмей жатқан мәселелерді оқушылар ойымен, көзқарасымен бірлесе отырып шешу - оң жетістігін көрсетеді. Яғни педагог – тәрбиеші ретінде білім алып жатқан оқушыларды мектеп қабырғасында педагогикалық тәжірибеге қатыстыра отырып, өзекті мәселелерді шеше алуға баулу. Нәтижесінде іздену жұмыстарымен айналысып, біздерге, мұғалімдер қауымына, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, әдістемелік жақтарынан үлкен көмек көрсетуде.

Оқу жылы соңында әр оқушы өзінің іздену – шығармашылық, зерттеу жұмысын қорғап, бағаланып, білімін әрі қарай жалғастыруға жолдама алады.

Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлының: « Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»- деген сөзі әрбір маманның жадында болуы тиіс.

Әдебиеттер:


  1. Мектептегі оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысына баулудың және

саралап оқытудың кейбір әдістемелік ерекшеліктері //Халықаралық ғылыми

практикалық конференция «Шоқан тағылымы – 11». - Көкшетау, 2006.



  1. Сыныптан тыс жұмыста оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы және оны ұйымдастырудағы өзекті мәселелер //Халықаралық ғылыми практикалық конференция «Жас ғалымдар зерттеулеріндегі қоғамның келелі мәселелері». – Астана, 2006.

  2. Оқушылардың танымдық қабілетін белсендету мәселесі //Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Гуманитарлық ғылымдар саласындағы жас ғалымдардың инновациялық идеялары».–Астана

  3. Орта мектеп оқушыларын проблемалық оқытудың педагогикалық негіздері

//Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Жас ғалымдардың қазіргі заманғы зерттеулері: проблемалар және оларды шешу жолдары», – Астана, 2007.

Резюме

В статье рассматриваются как развивать навыки мышления учеников в литературном творчестве.



Шетел тілін оқытуда көптілділіктің маңызы

Р.Ж.Оразалинова, Г.М.Сраилова,

Абай атындағы ҚазҰПУ- дың аға оқытушылары.

Алматы, Қазақстан

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен таралып, өзінің нақты нәтижелерін беруде. Көптілділік әр мемлекеттің саяси-экономикалық және мәдени-рухани дамуына бағытталған заңды құбылыс. Біздің ел дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосылу үшін бұл өте қажетті, әрі маңызды талпыныс. Көп тілді білу - тілді ғана үйреніп қою емес, ол әлеммен тілдесу. Қазіргі кезеңде бұқара халықтың сана-сезімі мен тіршілігіне шет тілдерін білудің қаншалықты керек екендігі баспа беттерінде көптеп айтылып, қазіргі заманның талабы екенін, оның қажеттілігі мен маңыздылығын жария етіп, шет елдердің тілін оқып, үйрену- ғалымдардан бастап қарапайым адамдарға дейін қатты қызығушылық тудырып отыр. Шет тілдерін білудің маңыздылығын бағалаудың өзі қиын. Шет тілдерін білетін азаматтар өз қатарынан озық болатыны да белгілі. Шет тілдерді игеру- адамның ой-өрісінің кеңеюіне, жаңа елдермен танысып, жаңа таныстар табуға мүмкіндік береді. Шет тілдерді жақсы игеру- жас маманның қызмет деңгейін көтеріп, карьерлік өсуіне әсер ететіндігі де белгілі. Шет тілін жақсы меңгеріп, шетелдік компанияларда жұмыс атқарып жүрген азаматтар болашақта өз еліне инвестиция тартып, мемлекеттерді жақындастыруға да себепші болатыны сөзсіз.

Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға кірігу тілі. Сондықтан Қазақстан халықтарының рухани және үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруда тілдік бағытта жұмыс істейтін мұғалімдердің орны ерекше. Бұл жерде қазақ халқының ғұлама ойшылдары-ағартушылары Ы.Алтынсарин, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов және тағы басқа көреген кемеңгерлер айтқан «Қазақ халқының өз алдына ел болуының түп тамыры – халық жағдайын ойлау, балаларын оқытып, сауаттылықты ашу ...» сияқты даналық еңбектері көзі ашық, көкірегі ояу ұcтаздардың жұмыстарымен ұштасуда. Елбасы өзінің кезекті Жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз.»(1) деген еді. Мемлекетіміздің саяси, экономикалық, мәдени байланыстары көптілділік пен бірнеше тілде білім алуды қажет етеді. Білім жүйесінің қазіргі заман талабына сай түбегейлі жаңаруына шет тілінің оқу пәндерінің тілі ретінде енгізілуі, базистік оқу жоспарының республикалық компонентіне енуі болып отыр. Ол үш тілде білім алуға жетелейді. Бірақ, тіл – әр халықтың негізгі ұлттық белгісі. Тілсіз халық – аты бар, заты жоқ тобыр деген қуатты пікір бар. Қазір республикамызда үштұғырлы тіл саясаты жүргізілгенімен, қазақ тілін оқыту қажеттігін өмір дәлелдеп отыр.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңі елімізде болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру саласына жаңаша қарауды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Білім беру мазмұны шетел тілін және информатика негіздерін ертерек оқытумен толықтырылатын болады» (2) деп қарастырылған. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес, жаңа технологияны меңгеру- студенттердің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Осыны түсінген жастар қазір тек қана ағылшын тілін үйренумен ғана шектелмей, тағы бір немесе бірнеше тілдерді қосымша үйренуге тырысып бағуда. Көбінесе ағылшын, неміс, қытай және испан тілін үйрену басым орында тұр. Халықаралық маңызды тілдерді меңгеру- қазіргі кезеңдегі білім берудің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Қазіргі жаһандану заманында халықаралық тіл ретінде қызмет етіп отырған ағылшын тілі арқылы студенттің тілдік құзыреттілігін қалыптастыруда елімізде тиімді әдістемелерді қолдануды, әрі өте көп ізденістерді талап ететін ауқымды жұмыс екенін айтқан жөн. Мақаланың мақсаты – көптілділіктің оқыту үрдісіндегі маңызы мен ерекшелігіне тоқтауды жөн көрдік.

Көптілділік - тек Еуропа халықтарына ғана тән еместігін, оны елімізде бейбіт қатар өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт өкілдерінен және олардың арнайы ұлттық орталықтарынан, 1995 жылы құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясының кезекті шақырылымдарының Қазақстанда өтуі, сондай-ақ басқа да тілге, дінге байланысты ірі іс-шаралардың орындалуы – барлығы елімізде көптілділік саясатының дұрыс жолға қойылып, адам өмірінде басты рөль атқарып жатқандығының куәсі.

Әлем тілі – ағылшын тілі болғандықтан білім беру жүйесінде бала-бақшадан бастап, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін үйретуді, оқытуды талап етілуде. Біз, неміс тілі пәнінің оқытушылары осы талапқа сай шетел тілін оқытуда көптілділіктің басқа қырынан қарастырып жатқан жайымыз бар. Соңғы кезде шетел тілін оқытуда жаңа инновациялық технологияны енгізе отырып, жастарды жан-жақты білікті маман иесі ғана емес, сонымен қатар өз жұмысына орай бір немесе екі шетел тілін үйренуі қажеттігін, келешекте өз білімдерін шетел ғалымдарының еңбектерімен танысып, шетелге шығып, тәжірібие алмасуымен байланыстырып жатса – еліміздің дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуіне қосылған үлесі деп білеміз. Абай атындағы ҚазҰПУ-де, шетел тілдер және халықаралық қатынастар факультетінде студенттер мен оқытушылардың шетел мемлекеттердегі мектеп, кәсіптік орта және жоғары оқу орындарымен, тілдік институттар мен орталықтарымен өз-ара тығыз байланыстар, бір-бірімен тәжірібие алмасуға, шетелде білімдерін жалғастыруға, ғылыми еңбектерін қорғауға т.б. мүмкіндіктер бар. (Германия, Франция, Австрия, Қытай, Араб, Корея, Жапония т.б. елдерінде)

Осындай өз-ара тығыз байланыстың арқасында университеттің арнайы шақыртуымен осы жылы қазанның басында бір аптаға созылған халықаралық практикалық семинарға Германияның Фрайбург қаласынан Фрайбург педагогикалық университетінің оқу ісінің проректоры профессор Ганс Вернер Хунеке мырза бастаған тағы үш германист-ғалымдары келді. Семинардың тақырыбы - көптілділік және оның маңыздылығына тағы да баса көңіл аударылды. Семинарға Азербайжан, Өзбекстан және Қазақстанның Астана, Павлодар, Алматы қалаларының жоғары оқу орындарынан профессор, доцент, оқытушылар қатысып, көптілділікке байланысты жинақтаған ой-пікірлерін ортаға салды, әдіс-амалдарымен тәжірібие бөлістік. Фрайбург профессорлары Наталия Хаан, Марианне Шеелер және Герхард Шпаней студенттерге де жеке семинарлар өткізіп, олардың да қызығушылықтарын арттырды деген ойдамыз. Айта кететін жағымды жайт: университеттен 8 студент осы Фрайбург педагогикалық университетіне семестрлік оқуға барады.



Екі шет тілі мамандығында оқитын студенттердің базалық тілі ағылшын тілі болғандықтан, неміс тілін екінші шетел тілі ретінде оқытудың (DaFnE) бірнеше модельдерімен танысып, өз мүмкіндігімізше көптілділіктің кейбір элементтерін өзімізге лайықтап, оқыту үрдісіне енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Соңғы кезде жоғары оқу орындарына түсіп жатқан түлектердің барлығы дерлік ағылшын тілін оқығандар. Сондықтан біз, неміс тілі пәнінің оқытушылары, осы студенттердің ағылшын тіліне сүйене отырып, неміс тілін үйретуге тырысамыз. Бұл екінші шетел тілін оқытуда екі жаққа да салмақ бірдей түседі, яғни студент пен оқытушының рөлі тең. Ағылшын тілін білетін студентке неміс тілін үйрену жеңіл болады, өйткені екі тілдің ұқсастық жақтары айырмашылықтарынан гөрі көбірек. Атап айтсақ:

  1. Ағылшын және неміс тілдері герман тобына жатады, алфавиті – латын.

  2. Неміс тілінде ағылшын тілінен енген сөздер көптеп кездеседі, әсіресе экономика саласында.

  3. Орфографиялық жағынан ұқсас сөздер бар, бірақ айтылуы жағынан басқаша естіледі.

  4. Халықаралық сөздер.

Осы семинардан алған тағы бір тиімді әдістеме - бірге (қауымдасып) үйрену әдістемесі (kooparatives Lernen ), үш-төрт кісілік топ құрып, бір-біріне үйренулеріне көмектесулері арқылы жүзеге асады. Бұл әдістеменің негізгі идеясы – әртүрлі оқу жағдайларындағы студенттердің белсенді бірлескен оқу қызметіне жағдай жасау. Студенттер әртүрлі болады: біреулері – мұғалімнің айтқанын «қағып алады», өздері кез-келген сұраққа дайын; енді біреулері үшін материалды түсінуге уақыт қана емес, қосымша мысалдар түсіндіру қажет. Мұндай студенттер әдетте сұрақ қоюға ұялады, ал кейде өздерінің нақты ештеңе түсінбейтінін, сұрақты дұрыс қоя білмейтінін сезінбейді. Егер мұндай жағдайда оларды шағын топтарға біріктіріп, ортақ бір тапсырма беріп, топтағы әрбір студенттің осы тапсырманы орындаудағы рөлін түсіндірсе, онда әркім өз жұмысының нәтижесі үшін ғана емес, бүкіл топтың нәтижесі үшін жауап береді. Сонда нашар оқитындар жақсы оқитындардан мәселенің мәнісін түсінуге тырысады, ал жақсы оқитындар топтың барлық мүшелерінің бірінші орынға жетулеріне мүмкіндік туғызады. Топпен жұмыста әркім ізденуші, ойланушы, өз идеясын ұсынушы, өз ойын дәлелдеуші ретінде іс-әрекет көрсете алады. Студент топтық талқының іс-әрекетіне өз бетімен ілесуге әрекеттенеді. Бұл әдістемені қолдану үшін топ атауы, топ құраушылар арасында болымды қарым-қатынас, жекеше бағалау, өз-ара қатынас, топ ретінде бағалау, бірдей жетістікке жету мүмкіндігі болуы керек. Бірге (қауымдасып) үйрену әдістеменің 40-тан астам түрлері бар екенін, барлығы да өзін-өзі тану және басқа адамдарды танудың құралы болатынын, олар дүниетанымды қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері және олардың себептерін түсінуге ықпал жасайтынын неміс әріптестеріміз өз тәжірібиелерімен бөлісті. Әрине бұл әдістемелерді, тәсілдерді қолдану үшін мұғалім өзінің біліктілігін жетілдіріп отыруы өте маңызды. Сонымен қатар тілдік құзыреттің болуы да тіл үйретуде өте маңызды, өйткені үйретушінің тілді еркін қолдана алмайтынына көзі жетсе, тіл үйренушінің тілге деген қызығушылығы кемиді. Бір тілді шет тілі ретінде үйренуде ең бастысы – тілге деген қызығушылықты ояту болып табылады. Сондықтан тіл үйретуші сол тілдің барлық салаларын (грамматика, стилистика, әдебиет т.б.) жақсы білуі тиіс.

Шетел әдістемесінің мақсаты – студенттерді жеделдетілген талаппен және сенімді түрде сөйлеуге және жазуға дағдыландыру. Студенттердің әр қадамын қолдап, тілдік қатесін түземеу, оларды шығармашылық іс-әрекетке бейімдейтін, ақыл-ой өрісін дамытатын құрал – дамымалы әдістеме. Бұл әдістемемен орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар студенттің ойлауын дамытатын, есте сақтау қабілетін арттыратын болуы тиіс. Бұл орайда деңгейлік тапсырмалардың қызметі зор. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты – студентке жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, студентті ізденушілікке, шығармашылыққа баулу. Шет тілін жетік меңгеруіне сабақты сыни тұрғысынан ойлауды дамыту әдістемесін пайдалану тиімді. Бұнда студент өз ойын ортаға салып, сөйлеу тілін және сөздік қорын дамытуға жетелейді. Ойын түрлерін сабақта дұрыс таңдалса, студенттің тілді үйренуге ықыласы артып, сол тілде сөйлеп үйренуіне және оның психологиялық кедергіден арылуына, өз күшіне сенуіне көмектеседі.

Қазіргі біз өмір сүріп отырған қоғам ақпараттық болғандықтан, мұндағы білімнің рөлі күннен-күнге артып келеді. Еліміз әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім берудің халықаралық стандарттарына сай келуді көздеп отырған кезеңде ақпараттық ресурстарды тиімді айдалану мақсаты тұр. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Инновациялармен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» (3) тақырыбындағы дәрісінде, бүгінгі әлемдік дағдарыстан шығудың бірден бір жолы – денсаулығы мықты, көкірегі ояу, білімді, әрі бәсекеге қабілетті жастар екенін баса айтады. Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар мәдениеттердің өз-ара әсері мен диалогы үшін қажетті мүмкіндікті кеңейтті. Бұл білім беру сапасының жақсаруына себепші болады. Студенттерге ғаламтордағы ақпараттарды тиімді пайдалануы үшін оқытушы Google, Yahoo сияқты іздеу жүйелерін дұрыс пайдалануға үйрету керек. Сөйтіп, біз студенттердің шет тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруда, олардың ақпараттық мәдениеттерін де көтеруге тиістіміз. Ал ақпараттық мәдениет дегеніміз – әлемнің ақпараттық суретін түсіну, ақпараттар ағынына студенттердің әлеуметтік және кәсіби бейімдеушіліктерін ояту. Осылайша, тілін үйреніп жатқан елден алынған шынайы өмірге негізделген оқу материалдары, кейбір жағдайларда сол тілде сөйлейтін адамдар қатысуымен өткізілген сабақтар тілдік, мәдени және әлеуметтік ақпараттар кешені ретінде оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Ойды қорыта келе айтсақ, еліміздің әлемдік аренаға шығуы, халықаралық байланыстарға түсуі, шет тілдерін үйрену арқылы адам өмірінің практикалық және ақыл-ой қызметінде, шетелдермен мәдени байланысқа шынайы сұранысқа ие болып жатқаны – өмір шындығы.



Әдебиет:

1.Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

2.Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Терминологиялық жинақ. Астана, 2002 ж.

3.Н.Ә.Назарбаев «Инновациялармен оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» Егеменді Қазақстан, 27 мамыр, 2006 ж.


Болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда тіл мен әдебиетті интеграциялаудың құндылықтық бағдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет