нормаларын орындауы болып табылады деген тәрбиелік
қызметі ерекше айқындалады:
Заң алдында, бәрі бірдей мен үшін,
Кесем әділ, болмайды еш келісім.
Біл, әділ заң – басшылықтың тұғыры,
Заң бар жерде – берік елдің жұлыны.
Ислам дінінің тәрбиелік мәні зор қағидаларын
пайдалана отырып, Ж.Баласағұни имандылық тәрбиесіне де
ден қояды. «Құтты білікті» Құранның бірінші Фатиха
(Беташар) сүресінің сӛздерімен бастауының ӛзі ғұламаның
иманды адам болғанын, сондықтан жастарды имандылыққа
баулуды мақсат етіп отырғанын аңғартады. «Қазақ
халқының жалпы ұлттық қасиетті ұғымына айналған
имандылық сӛзінің түп тӛркіні
мен ілкі бастауының да
мұсылман дінімен тоқайласып жататындығы белгілі. Иман
ұғымы әуел баста Құран арқылы адамдардың санасына
сіңсе де, уақыт ӛте келе халықтың ежелден қалыптасқан
салт-дәстүрімен, таным-түсінігімен, наным-сенімімен біте
қайнасып, жаңа бір сапалық деңгейге кӛтерілген ұғым.
Халық түсінігіндегі иман сӛзі діни шеңберден шығып,
жалпы ұлттық, бүкіл адамзаттық құндылықтарды қамтитын
ауқымды дүниетанымдық категорияны білдіреді. Қазіргі
педагогика ғылымында имандылық тәрбие туралы мәселе
кӛтеріліп жатқанымен оның теориялық негіздемелері әлі
қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан, имандылық тәрбиесінің
теориялық
негіздерін жасап, жас ұрпақгы имандылыққа
баулудың практикалық жолдарын анықтау - ғылыми
педагогикалық жұртшылық үшін күн тәртібіндегі күрделі
мәселелердің бірі» [9.Б.58] деген зерттеуші Т.Ә.Ахметовтың
пікірімен келісе отырып, Ж.Баласағұнидің имандылық
тәрбие беру теориясының негізін салушы екендігін ерекше
атап ӛткен. Ғұлама жаратушы ұлы тәңір-Алланың
құдіреттілігін дәріптей отырып, әр адамға күш-қуат беретін
сенімді қалыптастыруды кӛздейді. Құдіретті Мұхаммед
пайғамбардың бойындағы адами ізгі қасиеттерді саралай
отырып, әр адамды паймғабарды үлгі тұтуға,
оның ізгі
істері мен ӛнегелі сӛздерін күнделікті ӛмірде ұстануға
шақырады. Имандылықты адамның жан-дүниесін, болмыс-
бітімін бейнелейтін адамгершілік ізгі қасиет ретінде
қарастыра отырып, оны тұлға жетілуінің сапалық
кӛрсеткіші ретінде анықтайды:
Ұлы Хажыб шыншыл болсын баладай,
Дінді білсін, дана болсын бабадай.
Дінді білсін. Дық түсірмей кӛңілге,
Кӛңілі ақтың – ісі де ақ ӛмірде.
Ж.Баласағұни ілімінде отбасы тәрбиесінің мазмұны,
жүйесі және технологиясы толық ашып кӛрсетіледі, ол
қазіргі
педагогикадағы
«ӛмір
бойы
тәрбиелеу
тұжырымдамасымен» толық үндестік табады. Еңбекте
отбасы тәрбиесі халықтық педагогикаға негізделеді, ғұлама
халықтың ғасырлар бойы жинақталған бала тәрбиелеудегі
тәжірибесін, дәстүрін және бай мұрасын (халық
шығармашылығын)
пайдалана отырып, ұлағатты ұрпақ
тәрбиелеудің жолын кӛрсетеді. Зерттеуші Т.Ә.Ахметов
Ж.Баласағұнидің отбасы тәрбиесі бойынша ой-пікірлерін
мынадай бағыттарда қарастырады: отбасы – мемлекеттің бір
бӛлшегі; отбасының беріктігі - мемлекет беріктігі; әке мен
шешенің ұрпақ алдындағы борышы; ұл мен қыз баланы
тәрбиелеу
ерекшеліктері;
тәрбиенің
әдіс-тәсілдері;
мамандар мен ӛнегелі тәлімгерлердің аса қажеттілігі;
этностық ӛзіндік салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні;
тәрбие
ісінде бүкіл адамзаттық құндылықтарды пайдалану мәселесі
[9. Б.81]. Ал татар ғалымы Л.Ф.Иванова «Құтты біліктегі»
отбасы тәрбиесінің мазмұнын мына мәселелер тӛңірегінде
айқындайды: отбасы тәрбиесінің маңызы; әйел мен ер
адамның қоғамдағы, отбасындағы ролі; ана мен әкенің
алғашқы табиғи тәрбиешілер ретіндегі жауапкершілігі;
отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас [29].
Аталмыш зерттеулерде аталған бағыттар бойынша
Ж.Баласағұни еңбегіндегі отбасы тәрбиесі мәселесі толық,
әрі жан-жақты қарастырылады.
Ғалымдардың жасаған
қорытындылары ғұламаның отбасы теориясын ғылыми-
педагогикалық тұрғыдан негіздегенін дәлелдейді.
Ж.Баласағұнидің педагогикалық теориясын терең оқып-
үйрене отырып, оның педагогика ғылымының шыңында
тұруға лайықты ғұлама екендігіне кӛз жеткіздік. Ғұламаның
адамзат қоғамы алдындағы маңызды үлесі - тұлғаны
тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі бойынша барлық
құндылықтарды игере отырып, ізгілендіру идеясына
негізделген педагогикалық ілімді жасауы. Педагогика
ғылымының қайнар кӛзі болып табылатын оның ілімі ӛзі
ӛмір сүрген қоғам үшін де, қазіргі қоғам үшін де, болашақ
үшін де ӛміршең,
ешқашан құндылығын жоймайтын, аса
бағалы еңбек болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: