97
11) «
Неден кейін не болады
?»
және т.б.
АКТ оқыту және білім беру жүйелерінің дәстүрлі әдістері аясында
«қолдаушы құрал» ретінде білім беру үдерісіне қосылуы қажет екендігін
ұмытпау қажет
.
Экрандағы дыбыс, қимыл, түс
-
баланың зейінін ұзақ ұстап
тұратын факторлар болып табылады және оқыту үдерісін саналырақ етеді.
Интерактивтік компьютерлік ойын
–
мектеп жасына дейінгі балалардың бір
-
бірімен және педагогпен қарапайым өзара әрекеттесуі ғана емес, ал бірлесіп
ұйымдасқан танымдық әрекет болып табылады. Балалар осындай ойында
жаңаны білуді, өзін және басқаларды түсінуді үйренеді, өз тәжірибесін
алады.. АКТ балалармен жұмыс жасауда пайдалану тәрбиеленушілердің
танымдық ынтасын арттырады, сәйкесінше олардың жетістіктерінің, кілттік
құзыреттіліктерінің жоғарылауы байқалады, осылайша балаларды көркем
әдебиетке баулудың өзекті тәсілі болып табылады.
Ақпараттық
-
коммуникативтік технологиялар көмегімен ҰОҚ
қалай
жүргізу және не істеу сұрақтарына келесі бағыттар ұсынылады:
–
Иллюстративтік көрнекілік;
–
Ақпараттық видеороликтер жасау және оларды көрсету;
–
Слайд
-
шоу, ертегілер;
–
Электрондық ойындар;
–
Электрондық логикалық тапсырмалар;
–
Ғажайыпқа саяхаттау;
–
Электрондық слайд
-
шоу;
–
Қоршаған ортамен танысу, экология бойынша видеосюжеттер;
–
Билингвалды құраушылар үшін слайд
-
шоу.
Тапсырмалар:
1.
Өлең жаттау бойынша ҰОҚ
жоспарын дайындау.
2. Жастық топтардың біреуі үшін қыркүйек
-
қазан айларында оқылым
мен айтылымға көркем шығармалар таңдау. Таңдауды негіздеңдер.
3. А.С. Макаренконың «Ойын» («Балаларды тәрбиелеу бойынша
лекциялар») лекциясын оқыңдар; автор ұсынып жатқан ойыншықтардың
жіктемесін жазыңдар. Сөйлеуді дамыту сабақтарында бұл ойыншықтарды
қолданудың жолдарын сипаттаңдар.
4. Сендер практика өтіп жатқан мектепке дейінгі мекемелерде заманауи
техникалық құралдардың қандай түрлері бар, анықтаңдар және оларды
пайдалану мақсатын анықтандар.
Достарыңызбен бөлісу: