Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


VIII ТАРАУ. БАЛАБАҚШАДА БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУІН



Pdf көрінісі
бет149/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

VIII ТАРАУ. БАЛАБАҚШАДА БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУІН 
ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ 
8.1. Сөйлеуді дамыту жұмысын жоспарлау түрлері 
 
Жоспар

бұл 
тәрбиеші 
еңбегінің 
мақсаттылық 
және 
ұйымдастырушылық шарты. Ол балалардың сөйлеуін қалыптастыру 
үдерісінің мазмұнын, әдістерін және мерзімдерін анықтайды. Жоспар Мектеп 
жасына дейінгі оқыту және тәрбиелеу Үлгілік оқу бағдарламасының 
негізінде құрастырылатындығы белгілі.
Сөйлеуді дамыту жұмысын көрсететін жоспарлау бойынша қандай 
құжаттармен тәрбиеші жұмыс істеуі қажет? Бұл балабақша жұмысының 
жылдық жоспары, болашақ жоспар 

екі аптаға алдын ала жасалатын, жыл 
бойы біртіндеп толтырылатын тәрбиешінің күнделігі, жеке сабақтардың 
жоспар
-
конспектілері. 
Балабақша үшін ағымдағы оқу жылында маңызды болатын балалардың 
сөйлеуін дамыту бойынша негізгі міндеттер жылдық жоспарда көрсетіледі. 
Әдетте жоспардың бірінші нұсқасы барлық қызметкерлердің ұсыныстары 
мен тілектерін ескере отыра ұжымдық
-
әкімшілікпен құрастырылады. 
Тәрбиеші алдағы әдістемелік іс
-
шараға 

баяндауға, кеңес беруге, ашық 
сабаққа алдын ала дайындалу үшін, бекітілген жылдық жоспардан өзіне ең 
маңызды ережелерді күнделік
-
жоспарына жазып алғаны дұрыс.
Тәрбиеші балалардың сөйлеуін дамыту бойынша олармен жұмыстың 
нақты мазмұнын циклограммада көрсетеді. Онда күн тәртібінің келесі 
кезеңдері арасында балалардың сөйлеу әрекетін ұйымдастыру және 
мазмұнын көрсету ұсынылады: таңғы сағаттар, сабақтар, таңғы
серуендеу, 
күндізгі ұйқыдан кейінгі уақыт, кешкі серуендеу және кешкі ойындар.
Балабақшада балалардың сөйлеуін дамытудың жетекші құралы үйрету 
болып табылады. Сондықтан да, тәрбиеші сөйлеуді дамыту бойынша сабақты 
таңдаудан жоспарды екі аптаға біртіндеп
құрастырудан бастаған жөн. Өте 
маңызды талап 

сөйлеуді дамыту бағдарламасының барлық тарауларымен 
жұмыс жасаудың жүйелілігі. Сөйлеуді дамыту міндеттерін, көптеген 
тәрбиелік міндеттер сияқты қысқа мерзімде шешуге болмайды, оларды 
кезектілік тәртібі бойынша алуға болмайды; олар бір уақытта және тұрақты 
жүзеге асырылады. Тәрбиеші әр аптаның ішінде барлық балалармен сөйлеуді 
дамытудың негізгі міндеттерін шешуді яқтап бітіргені жөн.
Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балалардың табиғи заттарды тікелей 
қабылдау үдерісінде олармен танысудың үлкен мағынасын ескере отыра, 
бақылауды жоспарлауға ерекше назар аудару қажет. Апта сайын барлық 
жастық топтарда кем дегенде бір бақылаудан жоспарланады. Қоғамдық
-
тұрмыстық құбылыстармен танысу бағдарламасы кең жоғары топтарда екі
бақылаудан жоспарлауға болады, олардың біреуі кешенді сабақтың бөлігі 
болып және 10
-
15 минутқа созылады (мысалы, пошталық, мектеп заттарын 
қарау және т.б.).


98
Бақылаудың бағдарламалық мазмұны бір қалыппен кезектеседі. Ай 
ішінде төрт бақылауды шамамен келесі
реттілікпен жүргізуге болады 
(дайындық тобы) (Кесте 8.1).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет