Қауіпсіз мінез-құлық және валеология негіздері бойынша жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- адам денесінің құрылымын, маңызды органдарының іс-әрекетін және адам денсаулығы үшін олардың дұрыс жұмыс істеу маңыздылығын білу;
- негізгі азық-түлік өнімдерін білу мен атау, олардың сапасын анықтай білу;
- гигиеналық жеке заттарды пайдалана білу;
- жұқпалы аурулар және олардың белгілері туралы түсінікке ие болу;
- аурудың алдын алу және денсаулықты нығайтудың негізгі шаралары туралы түсінікке ие болу (шынығу, күн тәртібін сақтау, мүсінді дұрыс сақтау);
- жануарлармен, жәндіктермен қауіпсіз қатынас жасау тәсілдерін білу, сақтық шараларын сақтау;
- улы және дәрілік өсімдіктер туралы түсінікке ие болу;
- үйде, көшеде және қоғамдық орындарды қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау;
- өзінде және басқа адамдарды аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда, ересектердің көмегіне дер кезінде жүгіне білу;
- көмек алу үшін полицияға, кассирге, сатушыға және басқа да жұмыс істейтін адамдарға дер кезінде жүгіну;
- дененің ауырғанын жеңілдете білу;
- шұғыл көмекке шақыра білу;
- жақын айналада, балабақшаның аумағында, өз үйінде бағдарлана білу;
- жалпы мақсаттағы жабдықты дұрыс және ұқыпты пайдалана білу (телефон-автоматтар, лифтілер).
Достарыңызбен бөлісу: |