Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет99/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   153
Жиембаева Г.Т.
Астана/Қазақстан


ТҮРІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПРОЗА ЖАНРЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ШЫҒАРМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Кеңес Үкіметі тұсындағы саяси ықпал түрік әдебиетімен танысып, оның тарихы мен даму бағытына тереңірек бойлауға мүмкіндік берген жоқ. Осы құрсау ыдырап, тәуелсіздік алғаннан кейін ғана түбі бір туыстас екі ел арасында барыс-келіс орнап, мәдени байланыс жылдан-жылға кеңейіп, бұрын бізге бейтаныс көп дүниенің беті ашылғанымен, қазақ әдебиеті үшін маңызы зор, құнды материалдар әлі де толыққанды зерттеу нысанына айнала алмай келеді. Соның бірі – түрік әдебиетінің жаңару, батыстану кезеңі болып саналатын Танзимат әдебиеті. Ал, Танзимат әдебиеті кезеңінің түрік әдебиеті тарихында алатын өзіндік орны ерекше десек те болады.


Түркиядағы түрік ағартушылығы Ресей қарамағындағы басқа түрік халықтарына қарағанда мүлдем басқа жағдайда өтті. Өйткені, бұл ел түркі халықтарының ішіндегі жалғыз тәуелсіз мемлекет еді.
Ал, Ресей бодандығындағы түркі халықтарының ағартушылығы бодандық кезеңінде дамыды және отаршылдыққа қарсы күрес түрінде жетілді. Кеңес Одағы кезінде шет ұлттардың ағартушылығы, сол бағыттағы әдебиет белгілі бір идеологияның ішінде ғана қарастырылды.
Танзимат ағартушылары түрік қоғамына, ұлт ой-санасына, ұлт тағдырына өте үлкен әсер етті. Қазақ зиялылары қазақтың надандығының, әділетсіздіктің, ескіліктің қазақ еліне бөгет болып отырғандығын айтса, түрік зиялылары демократияға, әділеттілікке жету үшін батысқа бет бұру, батыстың ілім-білімін алу керектігін қолдап осы жолда күресті.
Аталған мақалада түрік және қазақ әдебиетінің проза жанрында жазылған алңашқы шығармалары мен олардың ерекшелікте.
Тахтанова А.Қ.
Астана/Қазақстан




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет