Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


ТІЛ ЖӘНЕ ОРТАҚ ТІЛ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТҮРКІСТАН ӘДЕБИЕТІНЕ ӘСЕРІ



бет96/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   153
ТІЛ ЖӘНЕ ОРТАҚ ТІЛ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТҮРКІСТАН ӘДЕБИЕТІНЕ ӘСЕРІ

Ұлтты ұлт ретінде танытатын негізігі категориялардың бірі – тіл. Елдің ең асыл рухани қазынасы саналатын әдебиет ұлттық тіл негізінде тіршілік етеді. Тілінен айырылған ұлт жеке ұлт ретінде өмір сүруін де тоқтатпақ. Отаршылдар боданындағы елді түбегейлі сіңіру үшін ұлттық тілді тоздыратын тіл саясатын жүргізді.


Патшалық Ресей тілдік отарлау саясатын халық жадында ұлттық қасиеттердің жадыхаттары болып сақталған географиялық атауларды өшірумен бастады. Себебі қол астына алған жерлерін өз мүддесіне сай қайта атаудың сан қатпарлы саяси мағынасы бар. «Түркістан ведомосы» басылымының 1899 жылғы санында: «Жергілікті атауларды орысшамен алмастыру кейде үстемдік етуші халыққа жергілікті халықтың сіңісіп кетуі үшін өте пайдалы фактор болады. Жайықты – Оралға, Алматыны – Верныйға (1867 ж.), Ақмешітті – Перовскийге (1863 ж.) өзгертіп атауда белгілі саяси себептер болғаны мәлім» - деп, арнайы түрде ескертуінде Ресей империясының буратана халықтарды күшпен зорлап ассимиляциялау саясатының бар болмысы бүкпесіз де қалтарыссыз ашылып, мойындалған» [1, 72 б.]. Халық қолданысындағы барлық тарихи-географиялық атаулар уақыт өте келе саяси-әлеуметтік мәнге ие болады. Отарлау салдарынан пайда болған атаулар отаршылдықтың тарихы болып жазылады. Мұны ғалым М.Мырзахметұлы отаршылдық топонимдер деп атап, оны «халықтық елді мекен, жер атауларының антиподы ретінде пайда болатын өмірдегі саяси-әлеуметтік, басқыншылық пен зорлық-зомбылықтың көрінісі» ретінде танытады. Түрік халықтарының тұтастығын көрсететін географиялық, этникалық, мәдени және саяси аймақтың Түркістаннан Орта Азия мен Орталық Азияға ойысуы орыс үстемдігі жүргізген қайта атау әдісінің нақты мысалы. Қайта атау әдісінен туған атауларды басқыншылар «жаңа география жасау» деп өздерінше заңдастырды, олар осы күнде де өзгермей келеді.
Ұлттық тілдің өмір сүру формасы да сол тілдің жазуы арқылы көрінеді. Осындай қиын тұста Түркістанның тілдік өмірі қандай халде еді? Түріктер кейбір дыбыстық өзгешеліктері бар бір тілде сөйлейтін, әрі олардың араб графикасына негізделген ортақ жазулары болды. Мән-жайға тереңдеп қарасақ, түріктердің көне ойма жазуын арабтың ирек жазу алмастырып, бұл ортақ жазудың қалыптасуына да отаршылдық құбылысы әсер етіпті. Яғни арабтандыру саясатының салдарынан араб тілі мемлекеттік тіл, ғылым және әдебиет тіліне айналды да, жалпы халыққа игертілді. Бодандағы ұлт болмысы еркіндікке бұлқынатыны белгілі. Қашан да қорғаныс сипатында пайда болатын түрікшілдік арабтануға қарсы ұлттық тілді, жазуды сақтап қалу үшін қайта қалқан болып алғы шепке шықты. Осының нәтижесінде арабтардың өздері жергілікті халыққа сіңіп кетті.



Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет