Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


ҚАЗАҚ ПЕН БӘДӘУИ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АУЫЗША ДӘСТҮРІНЕ КІРІСПЕ



бет100/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   153
ҚАЗАҚ ПЕН БӘДӘУИ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АУЫЗША ДӘСТҮРІНЕ КІРІСПЕ

Халық ауыз әдебиетінің мәні өте зор. Ең алдымен ол халықтың өткендегі өмірі, тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, дүние танымы, арман мүддесі.


Қазақ пен бәдәуи поэзиясының арғы дәуірдегі үлгілері ауызша шығарылып, ауызша таралып, ауызша сақталған. Ауызша шығарылып, ауызда сақталған фольклор шығармаларында (ертегілер, аңыздар, тұрмыстық-салттық өлең-жырлар, мақал-мәтелдер, эпостық жырлар т.б.) автор болмайтындығы ақиқат. Бірақ ауызша шығарылғанына қарамай, шығарушыларын сақтаған ауыз әдебиеті де бар. Орта ғасырларда жасаған жыраулардан өлеңдер сақталып, бізге жеткен. Шығармалары қаншалықты аз сақталған сайын шығарушылары соншалықты аңызға айналған (Асан Қайғы).
Фольклорда бейнеленетін тұрмыс-тіршіліктің көзінен белгілі бір халықтың тарихын, дүниеге көзқарасын, дінге деген сенімін, арман-мүддесін ғана танып қоймай, сол тіршілікте басты роль атқаратын табиғат пен жер ерекшеліктеріне орай олардың өзгелерге ұқсамайтын өзгешеліктерінің түбіріне үңілуге болады. Сондықтан да, табиғаты, тұрмыс–тіршілігі өзара ұқсас екі көшпенді өмір сүрген қазақтар мен бәдәуилердің шығармалары салыстырмалы түрде алынып, индивидуалды ауызша поэзиясын жан-жақты қарастыру барысында көптеген қызығушылықтарды көреміз.
Ақын-жыраулар поэзиясының көркемдік кестесінде терең мағыналы сөздер ұшан-теңіз. Алдымен көркем теңеулердің шығу себептері - көркемдік қиялдың жемісі, қоршаған ортаны, табиғатты, тұрмыс-тіршілікті, шаруашылықты жетік білу поэзия тілінің құлпырта түседі.
Халықтың мал өсіру кәсібімен айналысуы келісті образдар тудыруға түрткі болды, тілімізді түрлендірді, өрнек-нақыштармен байытты, қимыл-қозғалысын, икем-бейімін күшейтті. Өмірдегі өлеңге сымбат дарытты. Жануарлардың дене бітімдерімен салыстырулар мен теңеулер мал баққан елге тән ерекшелік. Әрине, бұл суреттеулерді екі халықтың поэзиясынан мол табуға болады.
Қазақ хандығы дәуірінде жасалған мол мұраның және исламға дейінгі бәдәуи поэзиясының шағын бөлігі ғана біздің заманымызға жетті. Ақын-жыраулар ана тіліміздің бай дәстүрін жалғастыра отырып, оның бейнелілік, мағыналық қырларын жетілдіріп, ұстартып, көркемдеудің жолдарын пайдаланады. Ұғым-түсініктерді, атауларды суреттілік-көркемдік мақсатқа ұтымды, ұтқыр пайдалануға ұмтылады. Ақындық қиялдың қуатын, интуиция, түйсік-зеректігін, халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын, арман-мұратын, шаруашылық кәсібін шындыққа айналдыратын, өмір сүруін дәлелдейтін құрал, амал, айна - тіл. Адамзат қоғамының рухани мұрасы, ақыл-ойдың жемістері, ғасырлар тұңғиығындағы еміс-еміс жарық сәулелер тіл арқылы жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет