Тыңдалым № 2
Наурыз
1-мәтін
Наурыз – Жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, халықтардың ынтымақ күні. Наурыз табиғаттың мейрамы. 22-ші наурызда күн мен түн теңеледі. Қазақ халқы бұл күнді Ұлыстың ұлы күні деп атайды. Осы мерекені тойлайтын халықтар үшін үлкен салтананат. Наурыз күні адамдар таза киініп қыдырады, бірін-бірі құттықтайды, мерекелі дастарқан жаяды. Мейрамның ең басты тағамы – Наурыз көже пісіріледі. Ақ мол болсын! Қайда барса, жол болсын! Денсаулық берік болсын! – деп ақсақалдар бата береді, ақындар айтысады, ұлттық ойындар ойнайды, ән салады, би билейді. Наурызда барлығы Қыдыр атаны күтеді, ойткені сонымен бірге үйге бақыт, денсаулық, береке кіреді.
Киіз үй
2-мәтін
Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қос қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй ұйытқып қатты соққан дауылдан жығылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді. Киіз үйдің қаңқасы: шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық.
Үйленген балаға бөлек киіз үй тігеді. Қонақтар шақырылып, ет асылады. «Шаңырағың биік болсын!» - деген бата беріледі.
Халқымыз 18 ғасырдың екінші жартысында ғана балшықтан, шымнан қыстық үй сала бастағанымен, киіз үй осы күнге дейін бірге жасасып келе жатыр.
Киіз үйдің түрлері - төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат болып бөлінеді.
Тыңдалым № 3
Сұрақтарға жауап беріңдер
1-мәтін
1.22 наурызда күн мен түннің ерекшелігі
А) Күн қысқарады
В) Түн ұзарады
С) Күн мен түн теңеледі
Д) Күн ұзарады
Е) Түн қысқарады
2. «Наурыз» сөзінің мағынасы
А) Жаңа күн
В) Жаңа жыл
С) Жарапазан
Д) Жаңа апта
Е) Жаңа тәуілік
3. Наурыз мейрамына сәйкес келмейтін нұсқа
А) көк шығады
В) мал төлдейді
С) ақ көбейеді
Д) Наурыз көже пісіріледі
Е) даланы қар басады
4. Сенімге сәйкес Наурызда әр отбасына келетін жақсылық кіммен байланысты?
А) Аяз атамен
В) Қыдыр атамен
С) Қызыр бабамен
Д) Ойсылқарамен
Е) Қамбар атамен
5. Наурыз көже пісірудегі сенім
А) «Дәм-тұзымыз араласқан тату болайық»
В) «Ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман қылсын»
С) «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!»
Д) «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!»
Е) «Ырыс толсын, жауын-шашын көп болсын»
2-мәтін
6. Мәтінде кездесетін бата-тілек
А) «Қуанышың құтты болсын!»
В) «Нәрестенің бауы берік болсын!»
С) «Шаңырағын биік болсын!»
Д) «Жасыңа жас қосылсын!»
Е) «Қосағыңмен қоса ағар!»
7. Киіз үйдің сүйегі - .....
А) шаңырақ
В) түндік
С) алаша
Д) сырмақ
Е) туырлық
8. Халқымыз 18 ғасырда неден үй сала бастады?
А) балшықтан, қамыстан
В) балшықтан, ағаштан
С) балшықтан, шымнан
Д) саздан, шымнан
Е) кірпіштен, тастан
9. Киіз үйдің тәуелсіз мемлекетіміздің рәмізінде қолданылған бөлшегі
А) кереге
В) туырлық
С) сықырлауық
Д) шаңырақ
Е) түндік
10. Жазда киіз үйдің ауасы қандай?
А) таза, салқын
В) таза, суық
С) таза, жылы
Д) таза, ыстық
Е) таза, ыңғайлы
Достарыңызбен бөлісу: |