Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы



бет9/13
Дата27.05.2023
өлшемі171,41 Kb.
#177826
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
«Математика» мамандығы үшін «сызыты алгебра және аналитикалық геометрия » пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

14-тақырып: Векторлардың векторлық және аралас көбейтіндісі
Тексеру сұрақтары:
1) Векторлық көбейтінді дегеніміз не?
2) Векторлық көбейтіндінің мағынасы неде?
3) Векторлық көбейтіндіні анықтайтын формуланы жазыңыз?
4) Векторлық көбейтіндінің механикалық мағынасы неде?
5) Аралас көбейтінді дегеніміз не?
6) Аралас көбейтіндінің геометриялық мағынасы?
7) Аралас көбейтіндінің қасиеттері?
15 тақырып: Екінші ретті қисықтар
Тексеру сұрақтары:
1) Эллипс дегеніміз не?
2) Эллипстің канондық теңдеуі қалай анықталады?
3) Жазықтықтың қандай нүктелері эллипстің фокустары деп аталады? Эллипстің неше фокусы бар? Фокустардың арасындағы арқашықтық қалай аталады?
4) Эллипистің төбелері дегеніміз не?
5) Эллипистің эксцентриситетары дегеніміз не?
6) Гипербола деп нені айтамыз?
7) Жазықтықтың қандай нүктелері гиперболаның фокустары деп аталады?
8) Гиперболаның канондық теңдеуі қалай анықталады?
9) Қандай түзулер гиперболаның асимптоталары деп аталады?
10) Парабола дегеніміз не?
11)Жазықтықтың қандай нүктесі параболаның фокусы деп аталады? Параболаның директрисасы дегеніміз не?
12)Параболанң төбесі дегеніміз не?
Әдістемелік нұсқаулар: Әрбір практикалық сабаққа даярлықты студент оқулық, не конспект бойынша тақырыптың негізгі тұстарына бақылау сұрақтары бойынша жауап бере отырып, оқулықтардағы немесе дәрісте берілген мысалдарды талдап дайындалған жөн.
Негізгі есептердің түрлері, шешілу жолдары практикалық сабақтарда көрсетіледі.
Негізгі және қосымша әдебиеттер тақырыптар бойынша 2.2 бөлімінде келтірілген.
Алгебра және геометрия курсы бойынша формулалар өте көп, оларды есте ұстау үшін күнделікті жаттап отыру жөн. Әрбір тақырыпқа анықтамалар мен ұғымдарды, ережелерді, теоремалар мен олардың салдарларын, формулаларды жаза отырып, конспект жасау керек. Практикалық арнайы дәптерге, не арнайы формула кітапшасын бастап, соған тақырыптарда кездесетін барлық формулаларды түсініктемесімен талдап жазып, негізгі деген есептердің түрлерін жазып қойса, ол сізге таптырмайтын көмекші құрал болып табылады. Практикаға бөлек дәптер, дәріске бөлек дәптер бастау керек.
Тақырып меңгерілді деп саналады, егер студент тексеру сұрақтарына жауап бере алып, көрсетілген оқулықтың есептерін шығара алатын болса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет