Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Латын тілі – жарқын болашақ кепілі



бет6/15
Дата17.04.2017
өлшемі5,45 Mb.
#14109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Латын тілі – жарқын болашақ кепілі

Клиникалық ветеринарияда нақты бір аурудың этиологиясын, патогенезін, балау жəне емдеу əдістерін зерттейтін ветеринария саласында қолданылатын терминоэлементтерге сипаттама.

«ғылым», «білім» мағынасында, ал клиникалық ветеринарияда нақты бір аурудың этиологиясын, патогенезін, балау жəне емдеу əдістерін зерттейтін ветеринария саласында қолданылады.

Төменде келтірілген көп кездесетін терминдерді білген жөн:

Этиология – аурудың пайда болу себептері;

Патогенез – аурудың патологиялық күй мен процессін, даму механизмі;

Ветеринариялық клиникада «сұйықтық немесе газ + мүшенің аты» моделімен аталатын терминдер көп қолданылады: pneumothorax – плевра қуысында ауа мен газдың болуы, pyosalpinx – жатыр түтігінде ірің жиналуы. Кейде мұндай терминдер патологиялық күйді білдіретін –ōsis-ке аяқталады: пневмартроз – буын қуысында газдың болуы.

genĕsis-ке аяқталатын термин - зат есімдер, ағзада қандай бір структуралардың пайда болуын білдіреді: gĕnus-қа аяқталатын сын есімдер де көп кездеседі. Бұл сын есімдер «қандай да бір себептің салдарынан» (rhinogĕnus –риногенді: мұрындағы патологиялық күйдің салдарынан), «бір нəрсені болдыратын» (smasmogĕnus – спазмогенді: спазм болдыратын).

poёsis – терминоэлементі «пайда болу» мағынасын, басқа «мүшенің орнын толтыру үшін пластикалық операция» мағынасында да қолданыла береді (мысалы: urethropoesis).

malacia – жеке мағына беретін «маляция – некроз немесе дистрофия салдарынан болатын тоқаманың жұмсаруы» термині ретінде қолданылады.

malacia – терминоэлементіндегі екпінге көңіл аударыңыз.

plegia – жансыздану дəрежесін білдіретін терминоэлементтер құрамында қолданылады: мысалы - mono- (бір аяқ), di- (екі жақтан), tri- (үш аяқты),

tetra- (барлық төрт аяғы) , hemi- (бет не дененің бір бөлігінің жансыздануы).

Терминоэлементтер тізімі

Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

chyl(o)- chylia

Лимфа (сөл) (хилоторакс)

асқазан сөлі (ахилия)

dacry(o)- Көз жасы (дакриоаденит)

herni(o)- жарық (герниорафия)

hist(o)- ұлпа (гистология)

narc(o)- Ессіздену, сезімталдықтың жоғалуы, жансыздану

terat(o)- Кемістік, жарымжандық (тератология)

thanat(o)- өлім (танатология)

trachel(o)- Жатыр мойны (трахелорафия)

Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

-asthenia əлсіздену (неврастения)

-genĕsis пайда болу, өсу (онкогенез)

-genia жақ, төменгі жақ (прогения)

-gĕnus, a, um -генді (бір нəрсенің салдарынан не бір нəрсеге себеп болатын)

-logia ғылым, білім (урология)

-malacia жұмсару (остеомаляция)

-plegia жансыздану (гемиплегия)

-poёsis пайда болу, өсу-өну (гемопоэз)

Префикстер

Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

exo- Сыртқы, тысқы (экзогенный)

Клиникалық терминологияда түбірлі терминоэлементтері грек немесе латын сөзі болып келетін термин-синонимдер кездесе береді: angiographia (грек тілінен angio-) синонимі vasographia (латын тілінен vas, vasis n) – қан жəне лимфа тамырларын рентгенологиялық зерттеу.

9. hyperthyreosis – қалқанша безінің шамадан тыс көп қызметі жəне hypothyreosis – қалқанша безі қызметінің төмендеуі.

Түбірлі терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтің мағанасы aden(o)-

1. без (лимфаденография);

2. аденоидтар (аденотомия)

audi(o)- (лат.) есту (аудиограмма)

cardi(o)- жүрек (кардиомегалия)

chol(e)- өт (холангиография)

cholecyst(o)- өт қапшығы (холецистопатия)

cyst(o)- қуық (цистоскопия)

lapar(o)- құрсақ қуысы (лапароскопия)

macr(o)- көлемі үлкен, ірі (макроцефалия)

megal(o)- megalia) (-үлкейіп кеткен (мегалодонтия, цефаломегалия)

men(o)- менструация, менструальдыцқ цикл (дисменорея)

metr(o)-metra

hyster(o)-

жатыр (метрография, гистероскопия)

micr(o)- көлемі кіші, майда (микромастия)

mogi- қиналып жасалатын əрекет (могиграфия)

olig(o)- саны аз (олигемия)

ophthalm(o)- көз, көру (офтальмоскопия)

phleb(o)- вена, көк тамыр (флебограмма)

poly- көп (саны жағынан), көбею (полиурия)

pyel(o)- бүйрек тостағаншалары (пиелография)

salping(o)- жатыр түтігі (сальпингоскопия)

sphygm(o)- Тамыр соғуы (сфигмография)

tomo- қабат, қабатты (томография)

thyr(o)- қалқанша без (гипотиреоз)

Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтерің мағынасы -gramma

1. рентгенограмма (флебограмма);

2. рентгенологиялық емес зерттеулердің графикалық

сызықтары, суреті (гемограмма) -graphia

1. рентгенологиялық зерттеу (ангиография);

2. графикалық тіркеу (рентгенологиялық емес зерттеу) (кардиография);

3. хатқа қатысты (аграфия) -metria өлшеу (калориметрия) -ōsis

1. ауру, патологиялық күй (хейлоз);

2. қанның формалық элементтерінің көбеюі (эритроцитоз);

3. көп (фурункулёз)

-penia қанның формалық элементтерінің азаюы (тромбоцитопения)

-scopia зерттеу, көру, байқау (эндоскоптың көмегімен) (гастроскопия)

Префикстер

Грек ТЭ Терминоэлемент мағынасы dys- Қызметінің бұзылуы, қалыпты жағдайдан ауытқу, қиналу

endo- ішкі

Тыныс алу мүшелерінің ауруларының латынша атаулары –

Morbi systemătis respiratorii

1. abscessus, us m Абсцесс (іріңдік)

2. adenoĭdes, um f (мн. число) аденоидтар

3. asthma, ătis n Астма (демікпе)

4. bacteriālis, e бактериалды

5. conditio, ōnis f күй

6. cysta, ae f киста

7. cystĭcus, a, um кистозный

8. deviātus, a, um жылжу, қисаю

9. emphysēma, ătis n эмфизема

10. gangraena, ae f Гангрена (өліеттену)

11. infectio, ōnis f инфекция

12. influenza, ae f грипп (тұмау)

13. mediastīnum, i n Аралық перде

14. mixtus, a, um аралас

15. mucopurulentus, a, um кілегейлі-іріңді

16. obstructīvus, a, um Обструктивті (кедергілі)

17. oedēma, ătis n ісіну

18. paralysis, is f салдану

19. paranasalis, e параназалды (мұрыналды)

20. periodĭcus, a, um мезгілді

21. pneumonia, ae f Пневмония (өкпе қабынуы)

104


22. polўpus, i m полип

23. respiratorius, a, um тыныс

24. tractus (us m) respiratorius тыныс жолы

25. ulcus, ĕris n ойық жара

26. vasomotoricum, a, um вазомоторлық
Бақылау сұрақтары:

1. «Этиология» жəне «патогенез» терминдеріне анықтама беріңіз.

2. Gĕnus/-генді терминоэлементтеріне аяқталатын сын есімдер қандай

мағына береді?

3. «Маляция» терминінің мағынасы.

4. «Бір аяқтың жансыздануы», «екі аяқтың жансыздануы», «үш аяқтың

жансыздануы», «төрт аяқтың жансыздануы», «дененің бір жартысының

жансыздануы» мағынасын білдіретін терминдерді атаңыздар.

5. Эксцизия, резекция, экстирпация, ампутация, катетеризация термин-

дерінің мағынасын түсіндіріп беріңдер.


Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988



Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978



2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №12 Дәріс


Модуль 2 Латын граматикасының клиникалық терминологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: Клиникалық және физикалық белгілер мен қасиеттерді, клиникалық маңызды қатынастарды білдіретін дербес терминоэлементтер.

Жоспар:

1. Сезім мүшелерінің патологиялық күйін білдіретін терминоэлементтер.

2. Емдеу əдістерін, патологиялық күйді білдіретін терминоэлементтер.

3. Ісіктердің латын атаулары.


–opia, -opsia терминоэлементтері көру патологиясын білдіретін офтальмологиялық терминдер құрамына кіреді.

Екі терминді білген жөн:

hypermetropia – жақыннан көрмеу жəне myopia – алыстан көрмеу.

-opsia терминоэлементі «балау мақсатымен тірі ағзадан азғана ұлпанының микроскопиялық зерттеуге алынуы» деген мағына беретін “biopsia” терминінің құрамына кіреді. Жаттығуларда «биопсия» деп қолдануға болады.

Төменде келтірілген терминоэлементтер жеке термин ретінде де терминоэлементтер ретінде де қолданыла береді:

Некроз (necrōsis, грек. nekrōsis өліеттену) - тірі ағзадағы торша топтары, тоқыма не мүше бөлігінің қызметінің қайталанбас тоқтауына алып келетін өліеттену, яғни жергілікті өлу.

Стеноз (stenōsis; грек. stenōsis тарылу) - қуысты мүшенің түтігінің тарылуы.

Склероз (sclerōsis; грек. sklerōsis қату, нығыздалу) - ұлпасын дəнекер ұлпа басқандықтан белгілі бір мүшенің нығыздалып қатаюы.

Стаз (греч. stăsis іркілу, тоқталып қалу) - тамырларда не қуыс мүшелерде (мысалы: қан тамырында қанның, ас қорыту мүшелерінде жынның) физиологиялық сұйықтықтың тұрып қалуы.

Спазм (spasmus; от грек. spasmos немесе spasma) - көлденең жолақты не бірыңғай салалы ет ұлпасының еркінен тыс жиырылуы.



Терминоэлементтер тізімі

Грек ТЭ Терминэлементтер мағынасы

cheil(o)- ерін (хейлит)

chrom(at)- түс (ахроматопсия)

dactyl(o)- саусақ (мегалодактилия)

derm(at)(o)- тері (эритродермия)

dipl(o)- Сыңарланған, екіленген (диплопия)

erythr(o)- Қызыл, эритроциттерге қатысты (эритропсия)

galact(o)- Сүт, сүтті (галакторея)

kak(o)- жаман, жағымсыз (какосмия)

phac(o)-

(-phakia)

Көз бұршағы (факосклероз, афакия)

xanth(o)- сары (ксантопсия)

-necrōsis Торша мен ұлпаның өліеттенуі (остеонекроз)

-opia, -opsia, -optĭca Көру, көз (анопия, эритропсия)

-osmia Иіс, иіс сезу (какосмия)

-phagia Жұту, жеу (пищи) (дисфагия)

-phasia Сөйлеу, сөйлеу мəнері (дисфазия)

-phonia Дауыс, дыбыс (дисфония)

-sclerōsis тығыздану (факосклероз)

-spasmus спазм, еріксіз жиырылу (блефароспазм)

-stăsis Тұрып қалу (лимфостаз)

-stenōsis тарылу (бронхостеноз)



Қатерсіз жəне қатерлі ісіктердің латын атаулары – neoplasmăta maligna et benigna

1. carcinōma, ătis n Қатерлі ісік, карцинома

2. in situ «ин ситу» (орнында)

3. leukaemia, ae f лейкоз

4. lymphoblastĭcus, a, um лимфобласты

5. lymphocytĭcus, a, um лимфоцитарлы

6. malignus, a, um қатерлі

7. melanocytĭcus, a, um меланофорды

8. melanōma, ătis n меланома

9. metastatĭcus, a, um Қайталанатын, екінші (ісікке байланысты, «метастаз»)

10.monocytĭcus, a, um моноцитарлы

11.myeloproliferatīvus, a, um миелопролиферативті

12.naevus, i m невус (пигментті дақ)

13.neoplasma, ătis n ісік

14.plasmocytĭcus, a, um Плазматоршалы

Префикстер

ГрекТЭ Терминоэлементтер мағынасы

pro- Алдыңғы, алдындағы (прохейлия)



Бақылау сұрақтары:

1. «биопсия» түсінігіне анықтама беріңіз.

2. «некроз» түсінігіне анықтама беріңіз.

3. «стеноз» түсінігіне анықтама беріңіз.

4. «склероз» түсінігіне анықтама беріңіз.

5. «стаз» түсінігіне анықтама беріңіз.


Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988



Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978



2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №13 Дәріс


Модуль 3 Латын граматикасының фармацевтикалық терминологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: Фармацевтикалық терминология. Шипаұсыным құрылымы.

Жоспар:

  1. Фармацевтикалық терминдер құрудың негізгі əдістері мен ережелері.

  2. Көп кездесетін құрамдас бөліктер.

  3. Рецепт туралы түсінік.


Фармацевтикалық атауларда жəне рецептте бас əріппен:

·Дəрілік заттар атаулары (мысалы: Raunatinum).

·Дəрілік өсімдіктер атаулары (мысалы: Crataegus).

·Химиялық элементтер атаулары (мысалы: Hydrargўrum).

·Дəрілік заттарға теңгерілген атаулар (Saсchărum – қант, Amўlum – крахмал, Gelatīna – желатин жəне т.б.).

·Рецептегі жаңа рецептік жол.

·Терминнің құрамындағы төмендегі сөздер (олар сөздік формада жай əріппен жазылады): Acĭdum acetylsalicylĭcum – ацетилсалицил қышқылы,

Aqua destillāta – дистилденген су, Liquor Ammonii anisātus – мүсəтір-анис тамшылар, Solutio Ammonii caustĭci – мүсəтір спирті, Vitaminum B12 –

витамин В12).

Фармацевтикалық атауларда жəне рецептте жай əріппен:

·Терминнің ортасында келетін дəрілік пішін атаулары (мысалы: Pulvis extracti Belladonnae).

·Сын есімдер (мысалы: Mentha piperīta).

·Оксид атауларындағы oxўdum, peroxўdum, hydroxўdum (мысалы: Zinci oxўdum).

·Терминнің ортасында келетін өсімдік бөлшектерінің атаулары (мысалы: Infusum radīcis Althaeae).

·Тұз атауларындағы анион атаулары: (мысалы: Magnesii sulfas).

·Рецепт рəсімдеудегі қалыптасқан сөздерде: in vitro nigro, contra tussim, in charta cerata жəне т.б.

Кез келген фармацевтикалық атауларда бірінші сөз бас əріппен басталатынын ұмытпаған жөн (номенклатурада, сөздіктерде, этикеткаларда, тізімде). Жаттығу мен бақылау жазғанда төменде көрсетілгендей етіп жазу керек:

·Solutio Camphŏrae – камфоры ерітіндісі.

·Flores Chamomillae – дəрілік түймедақ гүлдері.



Дəрілік өсімдіктер жəне олардың бөлшектерінің атаулары

Дəрілік өсімдіктер деп, мал ағзасына биологиялық белсенді заттарымен əсер ететін өсімдіктерді айтады.

Дəрілік өсімдіктер шикізаты деп, дəрілік зат ретінде кептірілген немесе кептірілмеген дəрілік өсімдіктер мен олардың бөлшектерін айтады.

Дəрілік өсімдік шикізаты ретінде өсімдіктің əр түрлі бөлшектері қолданылады: бүршігі, гүлі, қабығы, тамыры, сабағы, жапырағы, дəні, жемісі жəне т.с.с.

Қазіргі кезде шипалық қасиеті бар дəрілік өсімдіктердің 21000 түрінен астамы емдік жəне алдын алу мақсатында пайдаланылады.

Өсімдік бөлшектерінің атаулары (лексикалық минимум)

1) cortex, ĭcis m қабық

2) flos, floris m гүл

3) folium, I n жапырақ

4) fructus, us m жеміс

5) gemma, ae f бүршік

6) herba, ae f шөп

7) radix, īcis f тамыр

8) rhizōma, ătis n тамыршық

9) semen, ĭnis n тұқым



Дəрілік зат формаларының атаулары

Сөздік формада есте сақтау қажет:

Сұйық дəрілік зат формалары

1. Solutĭo, ōnis f ерітінді

Қатты дəрілік затты дистилденген суда, спиртте, майда ерітіп алынған дəрілік пішін.

2. Mucilāgo, ĭnis f шырыштар



Рецепт (receptum; лат. recipĕre - алу) - дəрігердің белгілі бір мөлшердегі жəне дəрілік зат формасында дəрі жасап беруі туралы дəріханаға немесе фармацевтке арнап жазған жазбаша сұрауы. Рецепт – маңызды заңдық жəне медициналық құжат болып саналады.

Дəріханаларда дəрігердің бақылауынсыз жіберілетін дəрілер бар (валидол, ацетилсалицил қышқылы, валериан таблеткасы, т.б.). Мұндай препатарттар рецепсіз жіберілетін дəрілер немесе ОТС (ағыл.over the counter – сөреден) деп аталатып, тізімі қажетті құжаттарда келтіріледі.



Қалған дəрілердің бəрі рецепт бойынша жіберіледі.

Рецептте орфографиялық қателіктер жіберілмеуі тиіс!!!

Рецепттер құрамына қарай:

· қарапайым мөлшерленбеген - бір ғана дəрілік заттан құралған:

Rp.: Streptosidi 100.0

D.S. жараға себу үшін

· қарапайым мөлшерленген - бір ғана дəрілік заттан құралған:

Rp.: Streptosidi 50.0

D.t.d. №20

S. ұнтақтан күніне төрт рет ішкізу үшін

· күрделі мөлшерленбеген - екі немесе бірнеші заттан құралған:

Re.: Cupri citrātis

Lanolīni


Vaselīni ana 5,0

M.f. ungutntum

S. жараға жағу үшін

·күрделі мөлшерленген (диспензиялық-бөлінген):

Rp.: Streptosidi 5.0

Synthomicini 3.0

M.f. pulvis D.t.d. №10

S. күніне 3 рет 1 ұнтақтан ішкізілсін

·күрделі мөлшерленген (двизиондық-бөлінбеген):

Rp.: Streptosidi 50.0

Synthomicini 30.0

M.f. pulveres №10

D.S. күніне төрт рет 1 ұнтақтан ішкізілсін

Дəрілік заттардың малдарға арналған мөлшерін жазу ережелері:

· граммда - «грамм» сөзі жазылмайды, сан ондықпен белгіленеді, грамм бөлшектері «0» – 10,0 (10 грамм) қойылады; 0,25 (0,25 грамма), т.с.с.

· миллилитрде - 10 ml (10 мл), 0,2 ml (0,2 мл);

· тамшыда – тамшы саны рим цифрімен белгіленеді – жекеше түрде guttam (бір тамшы - guttam I), көпше түрде guttas (капель пять - guttas V);

· кейбір антибиотиктер бірлік əсерде жазылады - ƏБ: 100 000 ƏБ – 100000 əсерлік бірлік).

мысалы: Recĭpe: Kalĭi chlorĭdi 3,0

Insulīni 25 ЕД

Solutiōnis Glucōsi 10% - 1000 ml

Misceātur. Sterilisētur!

Detur. Signētur: ішке құю үшін

· кейде дəрігер мөлшерді көрсетпей (мысалы, балауызда), оны фармацевтің қалауына қалдырады; бұл жағдайда рецепте quantum satis – қанша керек) деп жазылады.

Егер бірнеше дəрілік зат бір мөлшерде жазылатын болса, мөлшері тек соңғы дəрінің тұсына жазылады да, санның алдында ana (бірдей, тең) деп көрсетіледі.

Мысалы: Recĭpe: Cupri citrātis

Lanolīni

Vaselīni ana 5,0

Ал: Мыс цитратын

Ланолин


Вазелин тең 5,0

Бақылау сұрақтары:

  1. Фармацевтикалық терминдер.

  2. Рецептік қағидалар.

  3. Шипаұсынымдағы негізгі талаптар.


Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988



Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978



2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №14 Дәріс


Модуль 3 Латын граматикасының фармацевтикалық терминологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: Дәрі-дәрмектердің сөз жасам құрылымы. Дәрілік күй (форма) туралы қысқаша түсінік.

  1. Рецептің латын бөлігін рəсімдеу.

  2. Рецепт түрлері.

  3. Көп кездесетін кесінділер (3 бөлім).

1. Көп дəрілік заттардың латын атаулары - –um-ға аяқталаын n тектік түріндегі екінші жіктеудің зат есімдері: Ampicillinum. Бұл зат есімдер ілік септігінде –i-ге аяқталады: Ampicillini. Екпін бұл терминдерде соңғы буынның алдындағы буынға түседі жəне қазақ тіліне um жалғауынсыз аударылады - ампициллин.

2. n тектік түріндегі екінші жіктеудің зат есімдерінің біразы –ium жалғауына аяқталады. Олар –ий, -форм жалғауымен сай келеді: натрий – Natrium, хлороформ – Chloroformium. Мұндай зат есім ілік септігінде –ii-ға аяқталады: Chloroformii (бірінші і- түбірдің соңғы дауыстысы). Екпін соңынан санағанда үшінші буынға түседі.

3. -а -ға аяқталатын шет елдік препараттар I жіктеу бойынша жіктеледі:

Levodopa, Methyldopa

Қазақ тілінде -за-ға аяқталатын дəрілік заттар атаулары латын тіліне n тектік түрінде аударылады: глюкоза – Glucosum, лидаза – Lydasum (бірақ: - Asperasa, Gelatosa өзгермей қалады).

4. Дəрілік заттардың тауарлық атаулары қандай түрде патенттелген болса, солай жазылуы керек. Бірақ рецепт жазғанда ілік септігіндегі –і жалғауы арқылы жазылады: Magurol – Maguroli, Taktivine – Taktivini.

5. Дəрілік заттарды жазғанда бірінші орында дəрілік зат формасы жазылады: solutĭo, unguentum, tinctūra...

6. Екінші орында ілік септігіндегі дəрі атауы бас əріппен жазылады:

Solutĭo Lidocaīni – лидокаин ерітіндісі, Unguentum Tetracyclīni – тетрациклин

7. Фармацевтикалық термин құрамындағы сын есімдер терминнің соңында жазылады: Solutĭo Hexoestrōli oleōsa – майлы гексэстрол ерітіндісі (бірақ, мынадай дəрілік зат формаларынан кейін - membranulae – шілтер (плёнка), mixtura - микстура, suppositorium –балауыз, сын есімдер дəрілік зат формасының атынан кейін жазылады, мысалы: Suppositorium rectale “Anusolum”).

8. Тұнбалардың, тұндырмалардың, экстрактылардың, қайнатпалардың атауларында дəрілік зат формасы мен өсімдік атының ортасында ілік септігіндегі өсімдік бөлшектерінің атаулары жазылады (жапырақ, тамыр, шөп жəне с.с.) Infūsum foliōrum Digitālis – оймақгүл жапырақтарының тұнбасы.

9. Күрделі құрамдағы дəрілік заттардың компоненттерін тізбектеп жазып жатпау үшін оларға коммерциялық ат беріледі. Алдымен дəрілік зат формасы, соңынан тырнақшаның ішінде атау септігінде коммерциялық аты жазылады: Suppositorĭa «Anaesthesōlum» - балауыз «Анестезол».

Көп кездесетін құрам (жиілік кесінділер) – белгілі бір мағынасы мен жазылуы бар фармацевтикалық терминнің құрылымдық компоненті.

Фармацевтикалық терминдердің құрамындағы бұл құрамдар орфографиялық дұрыс жазуға жəне көп терминдерің мағынасын түсінуге себеп болады.

Реттік саны Латын тілінде Мағынасы Мысалдар

1. -cillin- Пенициллин тобындағы антибиотиктер Penicillinum

2. -cyclincycl- Циклдық құрылымы бар Demeclocyclinum Cyclobarbitalum

3. -menth- Жүйке талшықтарына тітіркендіріп əсер ететін заттар (бұрыш жалбыз препа-раттары) Mentholum Boromentholum

4. -mycin- антибиотиктер Monomycinum Erythromycinum

5. - myc(o)-Саңырауқұлақтарға қарсы Mycosolonum Mycoseptinum

6. -pyr- анальгетиктер-антипиретиктер “Pyrameinum”Anapyrinum Дəрілік заттар атауларында қосымша ретінде сан есімдер көп қолданылады

1. mono- Бір (моно-) Monomycinum

2. di- Екі (ди-) Diaethylcarbamazinum

3. tri- үш (три-) Triamcinolonum

4. tetra- Төрт (тетра-) Tetracainum

5. pent(a)- Бес (пента-) Pentazocinum

6. hex- алты (гекс-) Нexoestrolum

7. hept(a)- жеті (гепта-) Heptavitum

8. oct- Сегіз (окт-) Octodiolum

9. Тоғыз қолданылмайды

10. deca- он (дека-) Decapeptylum

Рецепт алты құрамдас бөлімдерден тұрады:

I inscription – кіріспе. Бұл бөлімде емдеу мекемесің таңбасы, ауру мал туралы деректер (түрі, жасы, иесінің аты-жөні, т.б.), рецепт жазылған уақыты жəне рецепт жазушы дəрігердің аты-жөні жазылады.

II praeposition - Дəрігердің фармацевтке өтініші. Қысқаша Rp.: (resipeалыңыз) деп жазылып, үш нүкте қойылады. Себбебі, ол біріншіден қысқартылып отырған сөз, екіншіден, ол сөзден кейін дəрілердің аттары жазылады.

Дəрілер латын тілінде көбіне жекеше түрде, ілік септігінде жазылады.

Кейде ілік септігінде көпше түрде, табыс септігінде жекеше не көпше түрде жазылады.

ал не? Қаншалықты? (Acc.) нені? (Gen.)

Recĭpe: 10 ml Tincturae Valeriānae

Ал: 10 мл Тасшүйгін тұнбасын

Recĭpe: Tincturae Valeriānae 10 ml

III designation materiarum. Дəрілік заттардың атаулары. Рецепт құрамындағы дəрілік заттар белгілі бір тəртіппен, ретпен жазылады:

бірінші - remedium basis - негізгі дəрілік зат

екінші - remedium adjuvans – көмекші дəрілік зат

үшінші - remedium corriqens - дəмдік заттар

төртінші - remedium constituens – форма түзгіш заттар жазылады. Бұл бөлімде дəрілік заттарды бір рет қолдануға немесе емдік курсқа тағайындалған мөлшері көрсетіледі, ал форма түзгіш заттар керегінше алынсын quantum satis (q.s.) деп жазылады.

IV subscriptio – дəрі жасау жəне оны босату (жіберу) туралы мəлімет беріледі. Алдымен дəрілік заттарды (екі немесе бірнеше болса) араластыру-Misce (M), содан соң жасалынсын - fiat – орындалсын, болсын деп, ең соңында қандай дəрілік форма жасау керек екендігі көрсетіледі. Дəрігердің дəрілік заттар берілсін деген нұсқауы рецепте Da, denture (қысқаша D) деген сөзбен жазылады. Егер дəрілік заттарды қара түсті ыдыспен беру керек болса

– Da in vitro nigro, парафинделген қағазбен - Da in corta paraffinata, қорапшада берілу керек болса - Da in scatula деп көрсетіледі.

V signatura (S) дəрілердің қолданылу тəсілі, қанша мөлшерде жəне қанша рет, қашан берілуі керек екендігі көрсетіледі. Бұл бөлім ауруға түсінікті ұлт тілінде жазылуы керек.

VI nomen medici дəрігердің қолы. Бұл бөлім рецептің ең жауапты бөлімі болғандықтан, дəрігер мұқият қарап шығуы керек.

Дəрігер ресми (лат. officina – аптека, фармациялық көшірмеден түскен жазбалар) жасаған жазбалар жəне магистрлік (лат. magister – оқытушы, ex tempore, қажеттілігіне қарай) жазбаларды түсіне білуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет