Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет44/45
Дата17.06.2020
өлшемі169,16 Kb.
#73738
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
tasmaganbetov tfefhnfye

2. Тауар ақпаратына қойылатын талаптар мен тауарлы ақпараттың

құралдары


Тауар ақпаратына негізгі 3 талап қойылады:

  • айқындылық;

  • ашықтылық;

  • ақпараттық толықтығы.

Бұл талаптарды «3 А» деп те атайды.

Бірінші «А» - айқындылық не сенімділік, яғни тауар туралы ақпаратта объективтілікті және шынайлықты талап етеді;

Екінші «А» - ашықтылық, яғни тұтынушылар үшін тауар туралы ақпараттың ашық болуы, оған тұтынушылардың қол жеткізу мүмкіндігі;

Үшінші «А» – ақпараттың толықтығы, яғни рационалды ақпараттың берілуі немесе артық ақпарттың берілуіне жол бермеу.

Толық емес ақпарат деген тауар туралы белгілі бір мәліметтердің болмауы.

Артық ақпарат деген тұтынушылардың аса қызығушылығын туғызбайтын және негізгі ақпаратты қайталайтын мәліметтер. Тауарлы ақпараттың құралдары мыналар:



Маркалау дегеніміз тауардың сандық пен сапалық сипаттамаларды, өндіруші туралы ақпаратты тұтынушыларға дейін жеткізу үшін арналған шартты белгілер немесе суреттер, мәтін.

Маркалаудың негізгі функциялары:

Маркалаудың 2 түрі бар:

  • өндірістік деген тауарға немесе орамасына өндіруші орнатқан шартты белгі, немесе сурет немесе мәтін. Өндірістік маркалаудың түрлері: этикетка, кольеретка, вкладыш, ярлык, бирка, клейма, штамп және т.с.с.

  • сауда маркасы деген тауарға және орамасына, тауарлы немесе кассалық чекке сатушы орнатқан шартты белгі немесе сурет немесе мәтін. Сауда маркасының түрлері:

  • ценниктер;

  • тауар;

  • кассалық чектер.

Маркалаудың 3 элементі бар:

    • мәтін;

    • сурет;

    • шартты белгі немесе ақпараттық белгілер.

Маркалауда 3 элементтің арасында келесідей арақатынасты сақтағаны дұрыс: мәтін – 50100%, сурет – 0 – 50%, ақпараттық белгі –0 – 30%.

Техникалық құжаттар деп тауар туралы ақпаратты көрсететін құжатты айтады. Ол екі топқа бөлінеді:

    • Тауарлы – ілеспе құжаттар деген тауар қозғалысы барысында тауар партияларын идентификациялау үшін қажетті ақпараты қамтитын құжаттар. Тауарлы –ілеспе құжаттардың түрлері: o сандық; o сапалық; o есептік; o кешенді.

    • Эксплуатациялық құжаттар деген күрделі техникалық тауарларды пайдалану ережелері туралы ақпараттарды сақтау және беру үшін арналған құжаттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет