Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



бет5/95
Дата01.06.2020
өлшемі282,89 Kb.
#71925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Байланысты:
силлабус

Курстың мақсаты: болашақ мұғалімдерді оқушылардың тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі және технологиясы саласынан кәсіби-педагогикалық білікті маман ретінде қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

  • студенттерде оқушылармен тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі және техникасы саласында кәсіби-педагогтік білімдерді және біліктіліктерді меңгеруді дамыту;

  • студенттерде жалпы тәрбие теориясы бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;

  • студенттерде оқушылардың тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі және технологиясы саласынан кәсіби-педагогтік білімдерді қалыптастыру;

  • студенттерді оқушылардың тәрбие жұмысына қажетті жалпы педагогтік және арнайы біліктілікпен қаруландыру: диагностикалық, мақсатқоюшылық, жобалаушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, аналитикалық;

  • студенттерде баланың тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтенуінің маңызды факторы ретінде оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізуге жауапкершілік пен шығармашылық қарым-қатынасын дамыту;

  • оқушылардың практикалық тәрбие жұмысын студенттердің теориялық тұрғыда жете ұғынуын қамтамасыз ету;

  • студенттерде кәсіби-педагогтік өзін-өзі дамыту қажеттілігін қамтамасыз ету.

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсының пререквизиті мамандыққа кіріспе, жалпы психология, бірінші курстың үзіліссіз педагогикалық практикасы, жас және педагогикалық психология, жалпы педагогика, этнопедагогика секілді оқу пәндері болады.

Оқу курсының кореквизитіне педагогика тарихы, екінші курстың үзіліссіз педагогикалық практикасы енеді.

Этнопсихология және ІІІ-ІV курстың педагогикалық практикасы постреквизиті болады.

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқу барысында студенттердің болашақ педагог маман ретінде потенциалдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру және дамыту мақсатында белсенді оқытудың әртүрлі құралдарын, формаларын және әдістерін қолдану қажет: рольдік ойындар, жобалау жұмыстары, пікір сайыс, дөңгелек стол, эссе жазу, видеоматериалдары және т.б.

Оқытушылардың тікелей немесе жанама басшылығы, болмаса өздерінің белсенділігі арқасында орындалған студенттердің өздік жұмыстары оларға өздік дербес білім алуға мүмкіндік береді. Курсты меңгеру барысында педагогикалық өзін-өзі бағалау (рефлексия) болашақ мұғалімдердің қабілеттерін дамыту, олардың өзін-өзі тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет