Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік



бет3/36
Дата14.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#176705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ?ûëûì æ?íå á³ë³ì ìèíèñòðë³ã³

Зерттеудың мақсаты – жоғары оқу орындары оқу процесінде студеттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың тиімділігін арттыру педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыда негіздеу, әдістемелік талдама жасау.
Зерттеу нысанасы – жоғары оқу орындарында оқу – тәрбие жүйесінде студент – жастарды трбиелеу процесі.
Зерттеу пәні – оқу процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы – жоғары оқу орындары оқу процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру тиімді
болуы мүмкін, егерде:
- оқу пәндері мазмұныңың отансүйгіштікке тәрбиелеу мүмкіндіктері анықталып, одан мақсатты түрде пайдаланылса;
- тәрбиелеуші оқыту принципі іске асырылып, оқу үрдісінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің арнаулы әдіс – тәсілдерінен пайдаланылса;
- болашақ маманды кәсіптік тәрбиелеу отансүйгіштік бағдарда жүзеге асырылса;
- мотивациялық, когнитивтік және мінез-құлықтық компоненттерінің өзара бірлігі негізінде қалыптасатын, студенттердің жеке тұлғасын интегративтік қасиеті ретіндегі отансүйгіштікті қалыптастыру технологиясын пайдалану;
- оқыту процесінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің этникалық – аймақтық ерекшеліктерін есепке алу, халықтық салт-дәстүрлерді пайдалану;
- болашақ мамандардың кәсіптік қалыптасуы және азаматтық – субъектілігін позициясының жан-жақты даму контексінде отансүйгіштік сезімдерін (отансүйгіштігін) тәрбиелеу;
Зерттеудың міндеттері:
1. Жоғары оқу орындарында студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәнін, құрылымын және міндеттерін айқындау.
2. Қазіргі жоғары оқу орындары тәжрибесінде оқу процесінде студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін ашу.
3. Оқу процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру тиімділігінің педагогикалық шарттарын айқындау.
4. Педагогикалық пәндерді оқытуда студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру әдістемесін жасау және эксперименттік – тәжірибе жүзінде тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет