Дәріс 15, 16 – Ароматты аминдер
Дәріс жоспары:
Ароматты аминдердің номенклатурасы, изомериясы, классификациясы
Алу жолдары
Химиялық қасиеттері
Молекуласында бензол сақинасымен байланысқан амин тобы (-NH2) бар қосылыстарды ароматты аминдер деп атайды.
Ароматты аминдері алифатты аминдер секілді амиактың туындылары ретінде қарауға болады. Қарапайым өкілі – анилин. Соған сәйкес, ароматты аминдер де біріншілік (I), екіншілік (II) және үшіншілік (III) болып бөлінеді:
Ar – NH2 (Ar)2 NH (Ar)3N
I II III
Молекуласында екі амин топшасы бар қосылыстарды диаминдер дейді. Әдетте, ароматты аминдерді тарихи номенклатура бойынша атайды. Халықаралық номенклатура бойынша радикалдың атына амин деген сөзді қосып атайды:
Қосылыстар: Т. Н. Х. Н.
C6H5 – NH2 анилин фениламин
C6H5 – NH – CH3 N - метиланилин метилфениламин
CH3 – C6H4 – NH2 толуидин толуиламин
Алу жолдары. 1. Нитроқосыларды тотықсыздандыру (Зинин реакциясы)
2. Галогентуындылардың аммиак пен аминдер мен әрекеттесу
3. Біріншілік аминдерді алкилдеу
Химиялық қасиеттері.
1. Алкилдеу реакциясы
2. Ацилдеу реакциясы
3. Азотты қышқылымен әрекеттесу
Біріншілік аминдер:
Екіншілік аминдер:
Үшіншілік аминдер:
4. Электрофильді орынбасу реакциясы
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: ароматты аминдердің классификациясы, номенклатурасы және изомериясы, алу жолдары, химиялық қасиеттері
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Ароматты аминдер азотты қышқылмен қалай әрекеттеседі?
Триброманилинді алу жағдайы ?
пара-нитротолуолға сутегімен ( катализатор қатысында ) әсер етсе, түзілетін заттың аты мен формуласын жазыңыз.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. В.Л. Белобородов, С.Э. Зурабян, А.П. Лузин, Н.А. Тюкавкина. Органическая химия. – М.: Дрофа, 2008. –Кн.1, С. 514-541
2. В.Ф. Травень. Органическая химия. – М.: Академкнига, 2008. Т.1., С.361-405
Достарыңызбен бөлісу: |