Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет80/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

1. 8. Отандық философия
Дүниежүзілік тарихта адамзаттың көшпелі тұрмысы, номадтық мәдениет – бірегей құбылыс. Кейбір ғалымдар мұндай құбылысты артта қалғандық, сананың жетілмеуі деп келді. Ежелгі және орта ғасырдағы көшпенділікті, қажетті тұрмыс салты ретінде қарастыру керек.
Көшпенділік (номадтық) өмірдің ерекшелігі.
1. Еркін өмір сүру, яғни, негізінен экономикалық және әлеуметтік дербес, шағын топпен өмір сүруі. Оның себебі: мал, тамақ, киім, үй, көлік, отын да болып, ең негізгі қажеттіліктердің бәрін қамтамсыз етеді.
2. Көшпелі қазақ елі еуразиялық кеңістікте ақпараттық рөл атқарды, көрші отырықшы елдердің жақсы жақтарын, жетістіктерін бір-біріне жеткізіп отырды. Мысалы, Жібек жолы, оның үш бағыты: Сібір, Батыс, Оңтүстік.
3.Отырықшы елдердің идеологиялық-саяси тұйықтыққа ұмытылуын бұзып, іштен іріген елдерді жаулап, жаңа жолға итермелеп отырды.
4. Көшпенділер тек ақпараттық рөл атқармай, жаңа идея, жаңа бағыт ұсынды. Оны ежелгі зороастризмді Иран, Ирак жеріне алып келген «түйелі адам» ұғымынан, тәңірге табынудың конфуцийліктің аспанға сенуіне ұқсастығынан байқаймыз. Дін – өнегеліктің көзі десек, көшпелілердің этиканы сақтап дамытудағы ерекше рөлін байқамыз. Алғашқы иудаизм де, ислам діні де көшпелілерден шыққандығы тарихи тұрғыдан дәлелденген. Бұған Қорқыт, Асанқайғы ізденістері, Абайдың «Адам бол» талабы да куә.
5. Көшпелілер табиғатқа жақын болғандықтан, реалистік ойлауға икемді, отырықшы елдер секілді бір мифологияны ұзақ ұстану оларға тән емес. Анарыс, Фараби ғылымның бастауы саналатын логиканы, нақты ойлауды жетілдіруде атаулы рөл атқарғаны да тарихтан белгілі. Олардың табиғатқа жақындығы – балаға тән мейірбандылықты, бәсекешілдікті, жерді қорғаудағы жаугершілік мінезді сақтауға әкелді.
Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақал-мәтелдер, адамның табиғи және әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайларын, ізгілік мақсаттарын танып білуге мүмкіндік берді. Рухани және материалдық ескерткіштерді зерттеу ─ халқымыздың танымдық, адамгершілік-тәрбие және дүниеге деген көзқарасының ерекшелігін білуге көмектеседі. Қазақтың мақал-мәтелдерін алайық. Олардың әрқайсысын философиялық афоризм (түйінді ой) деуге болады, олар арқилы дәуірдің ауыр сынынан өткен, жан-жақты шыңдалған. Айталық: «көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың», «Көп көрген біле ме, көп жасаған біле ме?», «Өнер алды - қызыл тіл», «Сөз - өмір, сөйлеу - өнер», «Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады», «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас», «Ат шаппайды, бап шабады», «Байлық қолдың кірі, жусаң кетеді», т. б.
Ақыл-ой, әдет-ғұрып адамның өскен ортасына байланысты. «Көлде жүзген қоңыр қаз, қыр қадірін не білсін» деген қанатты сөздер мақал-мәтелдердің саны мен сапасына, философиялық ойлардың қалыптасуына әсер етті. Қазақ «тоқсан сөздің - тобықтай түйіні бар» деп ұққан, практикалық философия саласында ерекше жетілген халықтың бірі. Қазақ халқының рухани қазынасы - ауыз әдебиеті. Фольклор, тұрмыс-салттық жырлар, жан-жануарларға, табиғатқа, батырларға арналған толғаулар, философиялқ дүниетанымға қатысты мән-мағынаны ой-парасат арқылы ашу. «Алпамыс батыр», «Қобыланды» «Ер Тарғын» сияқты қазақтың эпостық шығармаларындағы негізгі ой мен мұраты ─ ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырларды жырлаумен бірге, ғашықтық жырлары («Қозы-Көрпеш–Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан»), тарихи жырлар, шешендік сөздер, термелер, қара өлеңдер, аңыздар, т. б. қазақ халқында өте көп.
Қазақ халқының діни көзқарасы да әрқилы. Қазақ даласына ислам діні ІХ ғасырда келе бастады. Ол – араб халифатының Орта Азияны, Қазақ жерін жаулап алуына байланысты болды. Әскермен бірге араб миссионерлері – діни ілімді таратушылар, саудагерлер келе бастады. Олар Сунақ Сауран, Яссы, Отырар, Талас (Тараз), Баласағұн қалаларының тұрғындарына айналды, жергілікті халықтың тілін, әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, қазақ болып кетті. Қожалар молдалық жасап ел аралап, балаларды сүндетке отырғызып, мектептер ашып, дінді уағыздады.
Ислам дінінің тұрақталуына бөгет жасаған – көшпелі тұрмыс. Мал соңында жүрген қазақ үшін бес мезгіл дәрет алып, намаз оқу, мешіт соғып бала оқыту қиынға түсті. Сондықтан олар ескі қорымдарға, ұсталық дүкендерге, далада өскен ағаштарға шүберек байлап, Әулие басына түнеп, садақа беріп, тәңірлік дінге сиынуын тоқтатпады. Ел арасында науқасқа бақсы-балгерлер шақырылып, олар түрлі емдік әрекеттер жасап, адамның ауруын қуыршаққа аударып, әртүрлі жараларға «бәдік» оқып сауықтырмақ болды. Құмалақ ашу, көкке қол жайып, тілек айту, аспан денелері – Айға, жұлдызға, Күнге табыну, отқа сиыну, күл шашу не оны баспау, үкінің қауырсынын тақияға, домбыраға, кілемге, ботаға тағу, жыртқыштың тырнағын бесікке ілу, үйге қарай жүгірмеу, иттің ұлығанынан қорқу, әйелдердің шашын жалбыратып жүруіне тыйым салу, т. б. ырымдар мен нанымдар исламға дейінгі ескі шаман дінінің қалдықтары. Ертедегі адамдар көзден, тілден қорыққан. Қазақ бұлардың бәрін ислам дінімен қабат ұстанған, оларды тіпті бөліп-ашып қарамаған.
Қазақ имандылықты сүйген, үлкендерді сыйлаған, әйелдер мен қыздар ер адамның жолын кеспеген, үлкендерге иіліп сәлем берген. Жастар үлкендердің қолына су құйып, сүлгі-орамал ұсынып батасын алған, ас қайырғанда игі тілек айтып, алғысын білдірген. Ел ішінде ата-анасын, жесірлерін, жетім балаларын тентіретіп жібермеген. Темекі, арақ-шарап ішу, карта ойнау қазақ арасында кейін кірген жағымсыз әдеттер, ол отаршылықтың салдары. Имандылық руханилық тәрбиемен, философиялық көзқарастармен бекітіліп отырған. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Шалқайғанға шалқай, төбең көкке жеткенше, еңкейгенге еңкей, басың жерге тигенше» деп өскен еркін қазақ. Қазақта «жылан жылы жылыс болады, жылқы жылы ырыс болады», «Ағаш тамырымен көгереді», «Ажал келмесе – шыбын да өлмес»- дейді. Ал тіршіліктің өткіншілігі, мәңгі емес екені былай айтылады: «Ағаштың басын құрт жейді, адамның басы – тәңірдің тасы», «Адам ─ адамға қонақ, жан ─ кеудеге қонақ». Адамның ішкі дүниесіне, рухына байланысты қанағат, ар-ождан, пейіл, намыс ұғымдары қаралады. Мысалы, қанағат ету ─ жетіспеушілікке төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, құнықтанудан бас тарту, сондықтан халық «адамды қанағат аздырмайды» дейді.
Қазақ халқының материалдық байлығы да жеткілікті. Ол халық болып «қазақ» атауын алғанға дейін де еуразиялық дала кеңістігінде тұрақты өмір сүріп, өз жеріндегі өткен мәдениеттің бәрінің жетістігіне, ата-бабалардың рухани және материалдық табыстарына ие болған, солардың бірден-бір тікелей ұрпағы. Сондықтан, қазақ тарихын Андронов мәдениеті заманы, үйсін мен қаңлы мемлекеті, түрк қағанатынан, т. б. бастаған жөн. Осы ретте оның өзіндік жазуы, қалалары, билік жүйесі болған деу әбден заңды. Соңғы деректерге қарағанда Қазақстан жерінің тұрғындары алғашқылардың бірі болып металл, соның ішінде темірді балқытуды үйренген, жылқыны ауыздақтаған. Отаршылық қысымнан енді ғана арылған еліміз, әлі де көп археологиялық, этнографиялық, т. б. зерттеулерге зәру. Рухани байлық елдің есінде қалайда сақталмаса, ал материалдық мұралардың сақталуы қиын. Бірақ, солардың көрнектілерінің өзі де қазақтың дүниеге деген түсінігін айқын көрсете алады.
Қытымыр аяздан, шілденің аптап ыстығынан қорғайтын, тез жинап, тұрғыза қоятын баспанаға киіз үй өте сай келеді. Дөңгеленген сыртқы пішіні қатты желге орнықты болса, туырлықтар жауыннан (қардан) кейін тез кебеді. Шаңырақ ─ шеңбер тәрізді шабығынан және күлдіреуіштен тұрады. Оның төбесінен жабылатын түндіктің жартылай ашық тұруы, бір жағынан қажеттілік ─ жарық түсетін терезе, түтін шығатын мұржа, таза ауа кіретін тесік, ал екіншіден ─ шаңырақ шексіз аспанның белгісі, мәңгілікке жол көрсетеді. Киіз үйге жоғарыдан төмен қарасақ, шаңырақ - күнге, ал уық, керегелер ─ оның сәулесіне ұқсас. Халық санасындағы пәни өмірден нұр жауып тұрған аспанға ұмытылу идеясы, киіз үй құрылысынан өз көрінісін табады. Киіз үй қазақтың уақыт пен кеңістікті игеруінің құралы болды. Уақыт өлшемдері негізінен «атшаптарым», «ет асым», «сүт пісірім» деп беріледі, ал ол күн сәулесінің уақытпен жылжуына сүйенеді. Киіз үйдегі шаңырақтан түскен күн сәулесінің уық аралығынан өтуі 360◦= қа байланысты болса, уық саны 45, 60, 72, 90, 120 градус болып, қалдықсыз бөлінеді. Әрбір уықтың 5 градусқа, ал 360:5=72. Шамамен күн сәулесі екі уықтың арасын 20 м, үш уықтың арасын 40 м өтеді немесе 360:120=3 бие сауым мерзімі болады. Қазақ халқының киіз үйі соңғы мыңжылдықтарда ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Сонда киіз үй қай заманда келген? Қонақ күту, дастархан басында ретпен отыру, етті мүшелеп, әр сүйекті мағыналай бөлу, бас беру кәдесі де ерте заманнан келе жатыр.
Қазақ халқының ойлау жүйесінің ең жоғарғы сатысы ─ философиялық дүниетанымы, ең ауқымды ұғым ─ дүние. Бұл ұғым болмыс, әлем ұғымына қарағанда көбірек қолданылады, мағынасы да өте бай. Дүние сөзі араб тілінен аударғанда:

  1. Бүкіл әлем, ғарыш, табиғат немесе болмыс.

  2. Дүниені – тіршілік немесе жарық дүние деп білу, тану. Дүние - құбылмалы, өзгермелі, опасыз, қайырымсыз. Дүниеде келу де, кету де бар. «Дүние кезек, терме ─ тезек», «Опасыз дүние ─ түлкі құйрық». Бұл мағынада оған о дүние, мәңгілік қарсы қойлады.

  3. «Дүнием түгел» деген ұғым ─ бәрі өз орында, бәрі өз ретімен істеліп жатыр дегенді білдіреді.

  4. «Дүниенің тұтқасын ұстау» деген ұғым ─ ретін, есебін тапқан және де қолына билік тиген адамдар туралы айтылады. Жалаң күш, әлсіз білім – дүниенің тұтқасына жеткізбейді.

  5. Күнделікті дүниетанымда «дүние» деп зат, мүлік, жиһаз, байлықты айтады. Бұл әрине, тіршілікте немесе көркем әдебиетте кешірімді, ал философияда «дүние» ұғымын дәл қолдану керек.

Қазақ жерінде дүние туралы жүйелі философиялық ой-пікір айтқан данышпандар жетіп жатыр. Қорқыт ата, әл-Фараби (Оңтүстік Қазақстан жерінде Отырарда дүниеге келген. Ол ұрпақтарына 160-тай философиялық трактат жазып қалдырған), Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Қожа Иассауи, қазақ философиясының қайнар көзі болды.
Қорқыт ата деген данышпан философ VIII–IХ ғ өмір сүрген. Ол бүгінгі Қызылорданың Қармақшы жерінде туып өскен. Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, дарынды күйші, сазгер, жыраулық өнердің атасы.
Қорқыт ата жиырма жасқа жеткенде, түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: « қырықтан артық өмір сүрмейсің» - деген соң түйеге мініп, өлмейтін жер іздеп дүниенің төртбұрышын аралайды. Жолында кездескен бір кездегі көк майса жер «қурап солдым» десе, аспанмен таласқан асқар таулар «бұрын сәулетті едік, енді мыжырайып үгіліп біттік» деп мұңаяды. Аңыз бойынша, Қорқыт қайда барса да, қазылған қабірге тап болады. Кімнің қабірі деген сұраққа: «Қорқыттың қабірі» деген жауап алады. Ол барлық жан-жануарлардың, орман-тоғайдың да түбінде қартайып өлетінін аңғарады. Оның өлмейтін ешнәрсе жоқ деп, өлімді музыкамен жеңбекке ұмтылуында үлкен философиялық мән бар. Ол қолына қобыз алып, өлмей, өшпей түрлі халықтың есінде сақталған неше түрлі күйлер шығарды. Қорқыт ата айтыпты деген мақал-мәтелдер көп: «Ескі мамық бөз болмас, кәрі дұшпан дос болмас», «Шөлді жердің отын киік білер, сулы жердің қадірін құлан біледі», «Тәкаппарлықты тәңір сүймес», «Көңілі пасық ерде дәулет болмас», «Ұл атаның ері, екі көзінің бірі», «Жалған сөз бұл дүниеде болғанша болмағаны игі». Қорқыт айтқан болжамдардың бәрі өмірде орындалып отырған. Сондықтан Қорқыт атаның өнегелі нақыл сөздерін халық соңына дейін ұйып тыңдаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет