Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет81/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ.) қазіргі Жамбыл облысында өмір сүрген. Ол араб әріпімен түркі тілінде жазған, ақын әрі философ. Ақынның негізгі дастаны - «Құтадғұ білік» («Құтты білік» 1069 ж.) деп аталады. Бұл дастанды саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат десе де болады. Адам баласының қадір-қасиеті, білім мен ақыл деп – дүниеқоңыздықтан, жамандықтан аулақ болуға шақырды. «Құтты білігінде», төрт кейіпкер бар: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Күнтұды бек-әділет, Айтолды уәзір-бақыт, Өгдүлміш уәзірдің баласы ─ ақыл-ой, Одғұрмыш уәзірдің бауыры- қанағат бейнесінде беріледі. Әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ жауаптары арқылы дамиды.
Негізгі пікірлері әділеттілік, бақыт, ақыл-сана, қанағат туралы диалогтармен беріледі. Одан басқа да көптеген рубаилар жазған. Шығармаларының поэзиялық көркемдік жағы жоғары, философиялық толғаулары терең. Ол адамдарды – адамгершілікке, тазалыққа, адалдыққа шақырған. Жүсіп Баласағұни: «Біліп сөйле, білмегенге үйрет», «Білім – жарығын шашып тұрған нұр», «Кірді сумен жуады, су кірлесе оны немен жуады» дегендей ұлағатты өсиеттер қалдырған. Ойшыл, ғалым, білімпаз ақынның кітабы ақыл-өсиет, өнеге-уағыз түрінде жазылған. Баласағұн осы кітабы арқылы Хас Хажып (сарай министрі) атағын алған.
Махмұт Қашқари (ХІ ғ.). Оның негізгі еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» (түрік тілдерінің жинағы). Тұрмыс-салт жырлары, түркі халықтарының фольклор жанрларының ең көне түрлері жиі кездеседі. Мұнда көшпенділерге тән төрт түлік мал туралы, ерте замандағы адамдардың дүниетанымын, тұрмыс тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, тотемдік түсініктерін танып - білеміз.
Махмұт Қашқари еңбегінің құндылығы ─ ондағы орта ғасыр түркілер өлең- жырларының болуы. Ерлік жырларының тақырып- мазмұны, суреттеу тәсілі жағынан қазақ эпос-жырларына ұқсас. Онда сопылық поэзияға тән көзқарастар, дүние жимай ақыл білім жинауға, өмірдің мәнін түсініп, оның бәрі өткінші кететінін ұғынуға шақырады. Махмұт Қашқари: «Жасауы мол келіннің күйеуі жуас болады», «Көзден алыстаса, көңілден де алыстар», «Құс тұзаққа жем үшін ілінер», «Берекесіздіктен құт қашар».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет