Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы


Мемлекеттік қызметтер. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының қабыдануына байланысты, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бақылау мен олард



бет114/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   144

Мемлекеттік қызметтер. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының қабыдануына байланысты, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бақылау мен олардың сапасы жақсарды.

ҚР Президентінің 19.03.2010 жылғы №954 Жарлығына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүргізілуде.

Мәселен, 2012 жылы жергілікті атқарушы органдар 2011 жылы көрсеткен 80 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бағалау жүргізіліп, оның жалпы нәтижесі 52,84 балды құрады (өңірлер арасында 7-орын).


Ал 2013 жылы жергілікті атқарушы органдар 2012 жылы көрсеткен 80 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бағалау жүргізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызмет 33,17 балға бағаланды (өңірлер арасында 16-орын).
Көрсеткіштің төмендеуі ХҚКО ЫАЖ мен Е-әкімдіктің өзара іс-қимылындағы интеграциялау қателіктерінің себептеріне байланысты болды: Оның нәтижесінде, іс жүзінде қағаз тасымалдағышта мерзімінде орындалған қызметтердің электронды нұсқада белгіленген мерзімдерді бұзумен көрсетілгені көп мөлшерде тіркелді.
2014 жылы жергілікті атқарушы органдар жеке және заңды тұлғаларға көрсететін 127 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2013 жылдағы бағалау жүргізілді. Бағалаудың қорытынды нәтижесі 28,17 балды құрады (өңірлер арасында 12-орын).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау нәтижесінде мына өлшемдер: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту» және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау» бойынша төмен көрсеткіштер алынды.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту» өлшемі бойынша бағалау нәтижесінің жалпы балы ықтимал 25-тің ішінде 7,14-ті құрады. Бағалау кезінде бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес регламенттерді әзірлеу және бекіту жөніндегі әкімдіктің жұмысы есепке алынды («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы 13 бабының 1 тармағы бойынша).
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау» өлшемі бойынша белгіленген мерзімдерді 252 бұзушылық анықталып, қорытындысында бағалау нәтижесінің жалпы балы ықтимал 25-тің ішінде 0,97-ні құрады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтің тиімділігін бағалау көрсеткішін жақсарту мақсатында, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жөніндегі бағалау нәтижелерінің көрсеткіштерін 2014 жылы жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес, «ҰАТ» АҚ мамандарымен бірге ХҚКО ЫАЖ мен «Е-әкімдік» АЖ-нің мониторингі күн сайын жүргізілуде.
Сондай-ақ, «Е-әкімдік» АЖ, ХҚКО ЫАЖ, «Е-собес», «Еңбек нарығы» және «Әлеуметтік көмек» электрондыө жүйелері бойынша тексеру және оқыту мақсатында облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерінде көшпелі кеңестер тұрақты өткізіліп тұрады.
Интеграциялық қателер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу себептерін анықтау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне, Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне және «ҰАТ» АҚ-на жазбаша сұраулар жолдануда.
Бүгінгі күнге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуының алдын алу және «электронды үкімет» порталы арқылы және ХҚКО-на келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштерді өңдеудің уақытылылығы проблемалық мәселелер болып қалуда.
Заңды іске асыру шеңберінде «Сандж зерттеулер орталығы» қоғамдық қоры елдің барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізуде.
Мониторингтің негізгі мақсаты көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметті берушілердің көрсететін мемлекеттік қызметтерінің сапасына, қолжетімділігіне және көрсету рәсімдеріне қанағаттану деңгейін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі проблемалық мәселелерді айқындау болып табылады.
Зерттеулер нәтижесінде 2013 жылы халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 54% құрады. 2014 жылы халықтың қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейінің 76%-ға дейін, 2015 жылы 78%-ға дейін артуы күтілуде.
ҚР Үкіметінің 27.05.2013 жылғы №553 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің 49 түрі электронды форматта көрсетілуде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа көшіру бойынша жұмыс ҚР Үкіметінің 23.09.2013 жылғы № 991 қаулысымен бекітілген Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес жүргізілуде.
Жергілікті атқарушы органдар көрсететіндердің қатарынан электронды форматқа көшірілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің санын 2014 жылы – 3,7%-ға, 2015 жылы – 10%-ға арттыру жоспарлануда.
ҚР Президентінің 31.01.2012 жылғы №261 Жарлығын, ҚР Премьер-Министрі Орынбасарының 19.03.2012 жылғы №17-42/05-244 (2.1.-тармақ) хаттамасымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар және неғұрлым талап етілетін рұқсат ету құжаттарын электрондық форматқа көшіру немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЕЛ МДБ АЖ) дамыту аясында 2012 және 2013 жылдары рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін қалған рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру және енгізуді жүргізу жоспарлануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет