Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі балаларды ерте дамыту институты



бет18/22
Дата10.09.2024
өлшемі394 Kb.
#204005
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
ИМП каз. 0629134758

Тәрбиенің мақсаты жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Тәрбиенің міндеттері:
- ата-аналарды, ересектерді құрметтеу дағдыларын қалыптастыру және тәрбиелеу, олардың тәрбиесін тыңдау;
-мейірімділік, адалдық, жауапкершілік, қамқорлық пен әділдік қасиеттеріне баулу;
- еңбекқорлыққа баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
- ұлттық мұраны қастерлеу, қазақ тілін құрметтеу дағдыларын енгізу;
- патриотизм сезімін қалыптастыру;
- денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету;
- табиғатқа, ұлттық және табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға, табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу.
Мақсат пен міндеттерді тиімді іске асыру үшін:
- бесік-жырлары, балаларға арналған әндер, тақпақтар, жұмбақтар және мақал-мәтелдер, балалардың айтуына жеңіл жаңылтпаштар қолдану;
- күндізгі ұйқы алдында балаларға ертегі оқып беру;
- балалармен ертегі сағаттарын, «Әжемнің ертегісі», «Бал бала» іс-шараларын өткізу;
- ұлттық, спорттық, қимылды ойындарды, мамандықтар бойынша сюжетті-рөлдік ойындарды, «Отбасы» және басқа ойындарды өткізу;
- экскурсиялар ұйымдастыру (мұражайлар, театрлар, өлкетану экскурсиялары, кәсіпорындарға бару);
- отбасымен ынтымақтастық - МДҰ әлеуметтік желілерінің парақшалары (Instagram, Facebook, Telegram) арқылы ақпарат алушы ретінде ата-аналармен байланыс орнату, балаларды тәрбиелеуге қатысты мәселелер бойынша ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету ұсынылады.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне кешенді әдістемелік қолдауды Балаларды ерте дамыту институтының (бұдан әрі-Институт) порталы www.irrd.kz. қамтамасыз етеді.
Сайтта:
- мектепке дейінгі білім беру жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілер (НҚА айдары);
- әдістемелік ұсынымдар, құралдар және басқалар (әдістемелік әзірлемелер айдары);
- Институттың жылдық жұмыс жоспары;
- Республикалық байқауларды өткізу туралы ережелер, сондай-ақ өткізілген іс-шаралардың қорытынды ақпараттары және басқалар орналастырылған.
«Виртуалды әдістемелік кабинет» педагогтер мен ата-аналарға кең қолжетімділікпен әдістемелік көмек көрсетеді.
Сайтта «Дана бала» Республикалық ғылыми-ақпараттық журналы («Әдістемелік материалдар» айдары) ұсынылған, онда педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, мақалаларын жариялай алады. Осы айдарда мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар мен ережелермен танысуға болады.
Педагогтер үшін өткізілген вебинарлардың, практикалық семинарлардың материалдары, бейнежазбалары сайттың «Жаңалықтар» айдарында орналастырылған.
Сондай-ақ, Jivosait айдарында Институт мамандары ерте даму, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мәселелері бойынша педагогикалық және ата-аналар жұртшылығына жауаптар ұсынады. Бұл портал еркін қолжетімді.
Мектепке дейінгі білім беру бойынша өзекті ақпараттар алмасу үшін әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Telegram, WhatsApp) білім басқармалары мамандарының, МДҰ-дың әдіскерлері мен педагогтерінің чаты құрылған.
Осылайша, Нұсқаулық-әдістемелік хаттың ұсынымдары басшыларға, әдіскерлер мен педагогтерге қауіпсіз, нәтижелі қызметті ұйымдастыру және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру үшін көмек көрсетуге бағытталған.
Оқу жылы сәтті өтсін!
1-Қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет