133
C.
суармалы егіншілік аудандарында шаруашылық күйреді
D.
сыртқы елдерге баратын сауда жолдары жұмысын тоқтатты
E.
халық шұрайлы мал жайылымдарынан айрылып, мал басы кеміді
Тапсырма әзірлеуде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқушылардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып «Фотосуреттермен жұмыс»
тәсілін қолдануға
болады.
Фотосуреттер – тарих сабағындағы қызықты дереккөздердің бірі болып
табылады. Олар ұзақ әрі күрделі жазбаша дереккөздерге қарағанда түсінікті және
қызықты болады. Ал, фотосуреттерді қарапайым әрі түсінікті етіп ұсыну қажет.
Мұқият талдаусыз ұсынылған ең қызықты деген фотосурет те оқушыға түсініксіз
болуы мүмкін.
Ең бастысы, оқушыларға визуалды дереккөздерді зерттеуге
бағыттайтын сұрақтар мен тапсырмалар беру ұсынылады. О
қушылар
фотосурттерді визуалды дереккөзді-мәтінге және жазбаша деректерге қарағанда
оңай қабылдайды. Визуалды дереккөздерді талдау
бойынша тапсырма беру
үшін, оқушыларды зерттеуге бапғыттайтын сұрақтар мен тапсырмалар мазмұны
түсінікті болуы қажет.
Фотосуретпен жұмыс жасаудың алгоритмі:
•
фотосуреттерде көргеніңізді сипаттаңыз. Суретте бейнеленген ұсақ
бөлектерге да назар аударыңыз;
•
суретте қандай нысан басты назарда?
Автордың неге көңіл бөлгісі
келгенін анықтаңыз;
•
фотосуреттегі адамдар қандай іс-әрекетпен айналысуда?
•
ойланыңыз, неліктен суретші осы уақытта және осы оқиғаны фотоға
түсіргенін анықтаңыз;
•
фото
мазмұнында мәтіндік ақпарат, плакат, жарнама, қолтаңба көрініс
тапқан ба?
•
егер фотосуреттің уақыты анық болмаған жағдайда, барлық мүмкіндікті
пайдалану арқылы мерзімін анықтауға тырысыңыз;
•
әрқашан фотосуреттің т.б деректермен (статистикалық деректер, тарихи
оқиғалар, карикатуралар т.б) байланысын анықтаңыз;
•
егер тарихи деректер
бір-біріне қарама-қайшы келсе, оның себебін
анықтаңыз. Қарама-қайшылықтардан тағы да
қандай тың деректерді алуға
болады? Қайсы дерек неғұрлым шынайы екендігіне көз жеткізіңіз?
•
фото мазмұнында қандай оқиға, ақпарат, мәлімет т.б.жеткіліксіз болып
тұр?
[2].
Фотосуретпен жұмыс жасаудың алгоритміне сәйкес с
уретті
талдауға
арналған талдамалық жұмыс парағын қолдану оқушының зерттеу жұмысын
жүйелі жүргізіуіне септігін тигізеді.
Суреттің талдамалық жұмыс парағы
.
1-қадам. Бақылау
А
Суретті 2 минут ішінде зерттеңіз. Суреттен
алған жалпы әсерді сипаттаңыз,
содан кейін оның жеке элементтерін зерттеңіз. Суретті жеке бөліктерге бөліп,
оның әр элементін зерттеңіз.
В
Суреттегі адамдар, нысандар және іс-әрекеттерді анықтау үшін төмендегі кестені
қолданыңыз.