«Кім зейінді?»
Мақсаты:дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Балалардың, байқағыштық қасиеттерін дамыту.
Көрнекілігі: әр түрлі суреттер, текшелер
Ойын барысы: тәрбиеші балаларға әр-түрлі суреттер, ойыншықтар көрсетеді. Егер сол суреттің басындағы дыбыс дауысты болса, балалар қызыл текшені, дауыссыз болса, көктекшені көтереді.
Тәрбиеші балалардың іс-әрекетін мұқият бақылап, қателеспеген, ойынға белсене қатысқан балаларға жалауша, жұлдызша, не асықтар үлестіріп отырады.
Ойын соңында берілген заттар саналып, жеңімпаз белгіленеді.
2.Шығармашылық іс-әрекет
- тірі табиғат заттарының бейнелерін күрделі емес қимылдар мен қалыптар арқылы беру (өсімдіктер, жануарлар, құстар). заттардың пішіндеріне, бөліктердің салыстырмалы өлшеміне және олардың орналасуына сү «Дәмін татып көр»дид.ойын
Мақсаты:Саусақ бұлшық
еттерін жетілдіру;
бояуларды пайдалана отырып,көкөністер мен жемістердің суретін сала білуге мүсіндеуге,құрастыруға үйрету;
3. Сөйлеуді дамыту
-Фонематикалықестудідамыту, сөздегідыбыстардыңорнын анықтау(басы,ортасы,соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау.
«Қарама-қарсы сөздер» ойыны
Мақсаты:антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.
Құрал-жабдықтары:
доп, карточкалар.
Ойын барысы: тәрбиеші шеңбер бойымен тұрған балаларға кезекпен допты лақтырып антоним сөздерінің бірін айтады, ал допты ұстап алған бала тәрбиешіге кері лақтырып, айтылған сөзге қарама-қарсы сөзді айту керек.
Мысалы: тәрбиеші: «үлкен» десе, бала «кіші» деп, «биік» десе «аласа» деп жауап береді.
4. Дене шынықтыру
кедергілерденөтуарқылы әртүрліжылдамдықпен –баяу, жылдам,орташақарқынмен1,5–2 минут тоқтамай жүгіру
«Допты ал»қимылды ойыны
Ұ) «Денсаулықты нығайтамыз» ойын жаттығуы
«Қолды күнге қарай созыңдар. Күн сәулелері ананың жұм- сақ алақанындай бізді құшағына алып, аймалап, сипалап, жылу береді. Сиқырлы күн реніш пен ауру-сырқауды ерітіп, жүректерді махаббатқа, сүйіспеншілік пен денсаулыққа тол- тырды».Таспалармен жалпы даму жаттығулары.
Келбетті бітім денсаулық кепілі екеніне балалардың назарын аударады.
(Ұ)
30 см биіктіктен белгіленген жер – таспадан әрі шұңқырлау жерге секіру.
Балаларға жаттығу жасағанда жарақатты болдырмау үшін орындықтың ортасында, бір-бірінен алшақта тұру керектігін ескертеді.
(т, ПК) Белгіленген жерге дәл секіруге, жерге түскенде те- пе-теңдік сақтап, аяқты дұрыс қоюға назар аударады.
Көлденең қойылған сатыда алақан мен табанға сүйеніп төрт- тағандап еңбектеу.
Нұсқау – аяқ пен қолдың қозғалысын үйлестіру, қозғалыс кезінде бір-біріне кедергі келтірмеу, арақашықтықты тура сақтау – қозғалыс басталатын сызықтан белгіленген нүктеге дейін. Баспалдақ таяқшаларын ұстағанда төрт саусақ үстінде, бас бармақ астында болады. Қажет болған жағдайда сақтан- дыру қамтамасыз етіледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |