?аза?Стан республикасы



бет2/3
Дата19.07.2020
өлшемі171,5 Kb.
#74632
1   2   3

Мазмұны


1

Жалпы ережелер

4




2

3


Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары



5

7





4

5


Курс форматы

Курс саясаты



7

7





6

Баға қою саясаты

8




7

Әдебиеттер

9


















  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР




    1. Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұматтар

  • Оқытушының аты-жөні: Нұрымхан Гүлнұр Несіптайқызы

  • Кафедра «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы»

  • Хабарласу ақпараты: телефон - 35-48-56, 9 корпус, 2-ші қабат

  • Сабақ өтетін аудитория: № 215, 207.

  • Несие саны – 3

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны

Білім алушы бұл пәнді оқу барысында текстильді материалдар мен бұйымдарды жобалау туралы тапсырмаларды шешуді, бұйымдарды өңдеу цехтарына қойылатын талаптар мен техникалық шарттар, киім туралы жалпы мәліметтер мен технологиялық өңдеулер, онда пайдаланылатын құрал-жабдықтар, ұлттық қолөнер мен киім композициясының басты заңдылықтарымен танысу. Пішу цехы туралы жалпы мағлұматтар, бұйымның тігу технологиясы, тігін-тоқыма бұйымдарын жобалау туралы жұмыстарды орындау реттілігін де оқып үйренеді.. Білім алушытер білімдерін теориялық тұрғыда оқып-үйренумен қатар, тәжірибе жүзінде кәсіпорында өңдеу үрдістерінің технологиясымен танысу арқылы толықтырады. Осы пәнді оқыту нәтижесінде болашақ арнаулы инженерлік пәнді таңдауға және өндіріс кәсіпорынында инженер-технолог ретінде жұмысына қажет бейімділік пен шеберлікті меңгеруге көмектеседі.

«Текстильді материалдар мен бұйымдарды жобалау» курсы бір-бірімен тығыз байланысты төрт түрден тұрады: дәріс, зертханалық жұмыстар, аудиторияда оқытушының бақылауымен жүретін білім алушының өзіндік жұмысы (БАОӨЖ) және білім алушының өзіндік жұмысы (БАӨЖ). Дәріс сабағы ең маңызды түрі болып табылады, яғни пәннің маңызды және күрделі бөлімдерін меңгертеді; зертханалық жұмыс белгілі зерттеулерді және алынған нәтижелерді әдістемелік нұсқаулармен жасауды үйретеді; пәнге қатысты материалдарды оқу-әдістемелік және әдебиеттерді қолдана отырып БАӨЖ және БАОӨЖ түрінде өңделеді және оқытушының қадағалауында болады.


1.3 Пәнді оқыту мақсаты:

Текстильді материалдар мен бұйымдарды жобалау үшін білікті маман дайындау, қазіргі таңда ең маңызды тапсырма болып табылады. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына әсерін тигізіп, тұтынушыларға тек сапалы киім өнімдері мен материалдарды сатуға мүмкіндік береді. Білім алушыларға білім беру, оларға болашақ арнаулы инженерлік пәндерді меңгеру үшін және өндіріс кәсіпорынында инженер-технолог ретінде жұмысына қажет бейімділік пен шеберлікті меңгеруге көмектесу.


1.4 Пәннің негізгі міндеттері:
Текстильді материалдар мен бұйымдарды жобалау болашақ маман ретінде көптеген мәселелерді қарастыра отырып ең алдымен киімнің жоғарғы

сапасының бәрінен  бұрын қолданылатын материалдардың сапасына, олардың дұрыс таңдалуына, модельдік көркемдік бейнесін және конструкциясын дайындау технологиясын жетілдіруіне байланысты мәліметтерді анықтау.


1.5 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы білу керек:

- Білім алушы киім туралы жалпы мәлімет;

- Білім алушы киімнің негізгі қасиеттерін;

- Білім алушы адам бейнесінің өлшемдік сипаттамасын;

- Білім алушы киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасың;

- Білім алушы киімнің технологиялық өңдеулерін

зерттеуде пайдаланатын жабдықтармен жұмыс істей алуы керек.
1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 Текстиль материалдары мен бұйымдарын өңдеу цехтарына талаптар, тігін-тоқыма цехтарының жұмысы мен құрал-жабдықтары және тігін-тоқыма бұйымдарын жобалау.




    1. Курстың постреквизиттері:

1.7.1 Текстиль материалдары мен бұйымдарды өңдеу технологиясы, өнімдерді өңдеу өндірісіндегі есеп және есеп берушілік болады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет