Сөздік
әуесқой – любитель
баптап жүру – тренировать
жарқ етіп көрінген тұсы – удачный период
өрен – подросток
ақтық сын – решительный бой
алқынбай жету – достичь, не напрягая усилий
шешуші тұста – решающий этап
танымал – известный
оралу – вернуться
бәсеке – соперничество
қарсылас – соперник, противник
басым түсу – превосходить
тіптен – совсем, весьма
сабап тастау – исколотить
бапкерлердің таңдау – выбор тренеров
түсу – зд. выпасть
жартылай финал – полуфинал
қалып қою – остаться
мүмкіндігін қалт жібермеу – не упускать возможности
тағу – надеть
қызу даярлық үстінде – активно готовиться
тұғырына табан тіреу – победить на...
өлуге таяр – готов умереть
жетістік – достижение
Тапсырмалар
1. Мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
2. Алдыңғы мәтінмен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыздар.
3. Берілген тірек сөздерден толық сөйлем құрастырыңыздар: Галиб Джафаров, туып-өсті, үйреткен, жетті, жарқ етіп көрінген, оралды, жарқырады, қалт жібермей, қалып қойды, күміс медаль.
4. Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.
5. Мәтіннен мекенжайды, бағытты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
10.5 Илья Ильин
Илья Ильин (1988 жыл, 24 мамыр, Қызылорда) – атақты жас қазақ штангашысы.
Ауыр атлетпен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн сегiз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi.
Жетiстiктерi:
Ол жастар мен ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүниежүзінің теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес.
2005 жылғы әлем чемпионы Илья Ильин бұл жетістігінен кейін әлемдегі ең жас әлем чемпионы ретінде (17 жасында) «Гиннес рекордтар кітабына» енді.
2008 жылы И. Ильин Пекинде (Қытай) өткен Олимпиадада алтын медаль ұтып алды. Бұл Қазақстан үшін мақтаныш және үлкен жетістік.
Достарыңызбен бөлісу: |