Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай институционалды және заңнамалық деңгейде балалар құқықтарын қорғаудың ұлттық моделі қалыптасты.
Балалар құқықтарын қорғау саласындағы ҚР заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары турлы» Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік-құқықтық құжаттарға негізделеді.
Қазақстанда халықаралық құқықтық құжаттардың ережелерін тәжірибеде қолдану және құқықтық салаға имплементациялау жөнінде жұмыс жүргізілуде. Адам құқықтарына қатысты 60-қа жуық халықаралық құжаттар ратификацияланған, соның ішінде 15-нен көбі балалардың құқықтарын қорғауға қатысты.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі «Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы» конвенцияны, «Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны және Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы хаттаманы» ратификациялады.
Достарыңызбен бөлісу: |