1.18 Балықтан дайындалған тағамдар
Балықтан тағамдарды дайындау үшін шикізат болып тірі балық, мұздатылған, суытылған, тұздалған , қақталған, ысталған жəне т.б басқа балықтар пайдаланады. Көбіне балықтың жартылай өнімдерді пайдаланады.Балық ет орынана жүреді, бірақ еттен жеңіл, тез піседі, дə румені көп əрі сіңімді келеді. Ет сияқты сорпа жасап та, қуырып та түрлі ас жасалады. Қайнап жатқанда ары- бері аударыстырудың қажеті жоқ. 40-50 минутте піседі, көп қайнаса, іріп, ұсақталып кетеді. Бұқтырып пісіреді. Балықты ұнға аунатып, май құйып, тұз сеуіп, бұрыш салып қуырумен бірге асып жеуге болады. Ал қызыл балықтардың, қара кета балығының уылдырығы ең таңдаулы тағамның қатарына жатады. Балық еті ыстап не ыстамай тұздап кептіріліп, шикідей жеуге же жарамды.
Балықтан дайындалатын тағамдар ассортименті өте көп. Мысалы, қуырылған немесе пісірілген балық, балық сорпасы, балық салаты, балық котлеті, балық паштеті т.б.
Қуырылған камбала.Дайындалған камбаланы 5-10 минут сүтке салып қояды . Содан кейін тұз сеуіп, ұнға аунатып алады да, қатты қызған сары майға қуырады; балық қабыршақтанғанда алады да, майын сарқып ағызып, дастарқанға ыстықтай қояды. Үстіне лимон жəне көк петрушка салынады.
173
Балықты тұздайды, ұнға аунатып, ыстық табаға салып, майға қуырады. Тортасы айырылған майға немесе өсімдік майына қуыруға болады. Əр кесек балыққа бірнеше тамшыдан лимон шырынын сығып тамызады. Дастарқанға қойғанда балықтың жан-жағына аздап қуырылған помидор, картоп немесе баклажан салып көркемдеу керек.
36-сурет. Қуырылған мөңке балығы
Қуырылған мөңке балық. (карась) Дайындалған ірі балықты жанынан жарып, ортасынан көлденеңінен кеседі. Ал ұсағын тұтастай салып, бұрыш, тұз сеуіп, ұнға аунатып, тортасы айрылған сары майға немесе өсімдік майына қуырады.
Дастарқанға қойылғанда оған қуырылған картоп немесе картоп пюресін, қияр мен помидор қосып береді. Өсімдік майына қуырылған табан балыққа салқын винегрет, маринадталған капуста немесе томат соусын қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |