Балық паштеті.Терісі мен сүйегінен тазартылған балықты тұзды суға салып, піскенше (5-7 минут) қайнатады. Піскен балықты əзірленген тұщы сүзбемен, қуырылған бас пиязбен араластырады. Осыларды мұқият жуып ыстық сумен шайылған ет тартқыштан өткізеді.
Ересектер үшін паштетке маргарин, ұнатуына қарай тұз бен тұздық қосады, алынған малманы мұқият езіп, жентектеп, формаға келтіріп, суытады. Балаларға дайындалған паштетке сары май салу керек, бірақ тұздық қосуға болмайды. Паштетті ұзақ сақтамайды.
Балық – 50, сүзбе – 30, пияз – 10, маргарин немесе сарымай – 15, өсімдік майы – 5 грамм.
Белокты нан.Балықты терісінен, сүйе-гінен ажыратып, алдын-ала əзірленген тұщы сүзбемен қосып, ет тартқыштан өткі-зіледі. Сүзбені майы алынған майсыз (тартылған сүттен жасаған жақсы, бірақта бұл мақсатқа жай сүтті де пай-далануға болады. Балыққа қосыатын сүзбе былай жасалады: жылытылған сүтке 5-10 пайызды хлорлы немесе сүт қышқылды кальций (5 немесе 10 пайызды ерітінді күйіндегі хлорлы кальцийді, 0,5 грамдық ұнтақ түріндегі сүт қышқылды кальцийді дəріханадан алуға болады) ертіндісін (2 литр сүтке 1 шай қасық ерітінді) құйып, ірімтік пайда болғанша ысытып, сосын оны екі қабат дəкемен сүзіп алады. Дүкенде дайын сүзбелер де сатылады.
Аршытылған бас пияз бен сəбізді уатылған печеньемен араластырып, сəл ғана майға қуырып, ет тартқыштан өткізеді. Дайын фаршқа шикі жұмыртқа құйып, қалауынша тұз қосып, бəрін мұқият араластырады. Əзірленген малманы қаңылтыр табаға немесе формаға (қалыпқа) салып, бетіне жұмыртқа жағып, духовкада 180-200 градус температурада пісіреді. Піскен соң белокты нанды табадан немесе формадан алып суытады.
Балық – 50, сүзбе – 40, жұмыртқа -1/4 дана, бас пияз – 10, сəбіз – 25, өсімдік майы – 10 грамм.
Белокты котлет.Тұщы сүзбе дайындайды. Тресканы не басқа балықты терісінен, сүйегінен ажыратып , қатқан нанды азғантай суға жібітіп, бас пиязды турап, өсімдік майына бұқтырады. Осыдан соң белгілі мөлшерде сүзбе, балық, пияз, нан алады. Бəрін қосып ет тартқыштан өткізеді.
Дəміне қарай тұз қосады (ересек адамдар үшін дəмдеуіш қосуға болады). Бəрін жақсылап араластырып, котлет не биточки жасап, кепкен нан ұнтағына аунатып, қуырады. Гарнирге неше түрлі көкөніс қоспасын əзірлейді.
Бір адамға арналған мынандай қоспа қажет: сүзбе - 40, балық - 40, нан - 8, пияз - 8, сухарь - 4, май - 10 грамм.
Достарыңызбен бөлісу: |