Балықты үй жағдайында тұздау.Бекіреден басқа балықтың барлығын тұздауға болады (үйде тұздалған немесе кептірілген бекіре балықтарынан адам улануы мүмкін). Тек сапалы балықтарды ғана тұз-дау керек. Бұзыла бастаған балықты тұздау арқылы сапасын жақсарту мүмкін емес.
Майға бұқтырылған килька.Кильканы ұстаған бойда тазартып, басын алып тастайды да, жуып, кастрюльге салады, үстіне пияз қосып, содан кейін қара бұрыш пен тұз себеді. Жарты стакан өсімдік майын құйып, баяу жанған отқа 1,5 – 2 сағат бұқтырады. Оған 3 ас қасық томат-пюресін қосуға болады.
Тұздалған майшабақтар.Май шабақтарды балық аулайтын кемелерде бірден тұздайды немесе тоңазытады. Тұздылығына қарай май шабақтарды 3 топқа бөледі. Шала тұздалған тұзының мөлшері 10%, орташа тұздалған - тұзының мөлшері 10%-тен 14%- ке дейін, ащы тұздалган тұзы 14%. Тұздалған жəне ащы тұздалған май шабақты салқын суға сүтке немесе қою шайға салып жібіткен жөн. Оны пайдалану алдында бұрыштап, терісін алып, арқа сүйектері мен қабырғаларынан арылту керек. Сонымен бірге желбезегін де алып тастайды. Ұсақтау кесілген балықтың сүбе етін (сүйектерінен, терісінен, қылтанақтарынан тазартылған) тəрелкеге салады. Содан кейін оған жас қияр, қазанақ, тұздалған саңырауқұлақ, қайнатқан қызылша мен картоп, сəбіз жөне көк пияз немесе дөңгелектеп туралған басты пияз қосады. Май шабақты дастарқанға қоярда оған 2-3 ас қасық сірке суына, құмшекерден жəне өсімдік-майынан дайындалған тұздық құяды. Сондай -ақ қышадан əзірленген тұздықкұюға болады; жұмыртқаның сары уызын 1 шай қасық дайын қышаға, 1 шай қасық құмшекерге, 1 ас қасық өсімдік майына косып араластырады. Тұздалған жəне жас май шабақтан əр түрлі тағам дайындалады.
Бақылау сұрақтары:
Азық–түлік өнімдерінің биологиялық құндылығының негізгі бағалау критериялары. 2. Сапасы бойынша ет қандай топтарға бөлінеді? 3. Жартылай ет фабрикаттарын дайындау технологиясы қандай операциялардан тұрады? 4. Майды ашық қазанда құрғақ тəсілмен неше сатыда өңдейді? 5. Балықтың тағамдық жəне биологиялық құндылығы. 6. Балық жартылай фабрикаттарын дайындау қандай операциялардан өтеді? 7. Балықты ерітудің əдістерін ата. 8. Ауада ерітудің қандай кемшіліктері жəне артықшылықтары бар? 9. Суда ерітудің қандай кемшіліктері жəне артықшылықтары бар? 10. Балықты қалай бөлшектейді? 11. Өнеркəсіп жəне ірі кəсіпорындарындағы балық жартылай фабрикаты өндірісін сипаттаңыз.