Сүйекті майынан айыру. Сүйекті жылулық (ылғал жəне құрғақ) жəне салқын (экстрационды, гидромехникалық, элекро-импульстік) əдісімен майынан айырады.
Сүйекті ылғал əдіс арқылы жылумен майынан айырғанда майды атмосфералық қысымда жəне 90-100оС температурада немесе 0,3-0,4мПа артық қысымда шыжғырады. Құрғақ жылулық майдан айыру қазанда 0,09-0,08мПа жəне 60оС температурада жүргізіледі.
Сүйекті экстракционды майынан айыру ұшқыш еріткіштермен жүргізіледі. Бұл əдісте шикізаттан май толығымен шығады. Бірақ бұл əдіс күрделі, қымбат жəне жарылғыш ерітінділерді қажет етеді. Сонымен қатар, шығарылған майдан жəне майынан айырылған шикізаттан еріткіш
128
қалдықтарын мұқият жою қажет. Бұл əдісті желім жəне желатин өнеркəсіптерінде сүйектен майды айыру үшін қолданылады.
Майды шыжғырудың гидромеханикалық əдісі кавитационды импульс жəне машина құралы мен су немесе басқа сұйық ортада өңделген шикізаттың жұмыс қозғалысында пайда болған күшті гидравликалық соққыны қолдануға негізделген жоғары жылдамдықты импульспен су қысымы əсерінен ұлпа құрамындағы май жасушаларының ұстап тұрған байланыс үзіледі жəне май жасушаларындағы су ортасына бөлініп шығады. Бұл əдісті сүйектен шығарылған майды кейіннен желатин мен желім өндірісіне қолдану үшін пайдаланған анағұрлым дұрыс, себебі мұнда майынан айырылған сүйектегі ақуыздық заттар өз құрамын сақтайды.
Майдан ажыратудың электроимпульсті əдісі сүйекке конденсатордың элекр разрядта гидравликалық импульспен əсер етуінен тұрады. Сүйектен майды электро импульсті айыруға арналған қондырғыда төменгі қысымдағы токтан 127-220В конденсаторда жиналатын жоғарғы қысымдағы 50-90кВ жоғары ток пайда болады. Разрядкада электр импульсі жару энегиясына өтеді,нəтижесінде сұйықтықта пайда болған импульс сүйектен майды ығыстырып шығады. Сүйек пен судың қатынасы 1:2-1:4. Алынған май жоғары сапасымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |