Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Тағамдық жануар майларының өндірісі



бет109/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   272
Байланысты:
консерв окулык
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
1.10 Тағамдық жануар майларының өндірісі

Май шикізаттары арнаулы май шыжғыру цехтарында өңделеді. Цехқа түскен майлар бездерден, қан ұйыған, ластанған жерлерінен тазартылып салқын сумен жуады да, салқын жерде немесе мұз қосылған суда (температурасы 4-6оС) 5-6 сағат бойына ұсталады. Сорғытылған бір текті май шикізаттары қуырылуға жіберіледі. Сақтау қажет болған жағдайда май шикізатын тоңазытқыштарда қатырып немесе құрғақ тұзбен тұздап сақтайды.



Майды шыжғыру - бұл шикі майды жылулық əдіспен шығару үдерісі. Май шыжғырудың екі тəсілі қолданылады: ылғал жəне құрғақ. Ылғал шыжғыруда ішкі - май су немесе өткір бумен əрекеттеседі. Осыған байланысты май ұлпалары құрамындағы ақуыз затты майды босата отырып ылғал мен жылу əсерінен гидролизденеді жəне бөлшектене ериді. Үш фазалы жүйе май, су, шыжық пайда болады.

Майды ылғал тəсілмен Р3-ФВЛ-1 (АВЖ), «Титан», «Делаваль», «Центрифлау-майонар», «Чита-3» қондырғыларында, автоклавта, отты қыздыратын қазандықта шыжғырады. Шыжғыру үдерісінде температураны 70-90оС, бу қысымын 0,13-0,15мПа, ыстық су температурасы 70-80оС дейін ұстайды.



Құрғақ шыжғыруда шикі май қыздырылған бет арқылы қыздырылады. Шикізат құрамындағы ылғал майды шыжғыру кезінде атмосфераға буланып кетеді немесе вакум астында жойылады. Жылулық əсер ету нəтижесінде май ұлпаларындағы ақуыз нə зіктенеді, бұзылады жəне май бөлінеді. Екі фазалы жүйе пайда болады. Құрғақ май жəне шыжық. Майды құрғақ əдіспен “Шарплес” қондырғысында, араластырғышы бар екі қабырғалы ашық қазанда, горизонтальдық ваккумдық қазанда шыжғырады. Қолданылған жабдықтарға байланысты шыжғыру үдерісі 42-120оС-та жəне 0,05-0,4мПа бу қысымында жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет