Зертханалық торшаларды əзірлеу. Зертханалық торшаларды дайындау үшін 8% дан төмен емес ҚМСҚ құрамды, қышқылдығы 19-20ºС жоғары емес мүмкіндігінше майсыздандырылған сүтті пайдаланылады. Штаммдарға арналған сыйымдылық жақсылап жуылған, кептірілген болуы
206
керек. Сүтті сыйымдылығы 1л шөлмекке құйып, мақта тығынмен немесе арнайы қақпақпен тығындайды. Үлкен мөлшерде штаммдарды əзірлеуге сыйымдылығы 10 л алюмин бидон қолданылады. Сүтті 120°С–та 15-20 минут стерилдейді. Стерилденген, салқындатылған сүтті асептикалық жағдайын қатал қадағалай отырып жұмыс дақылдарымен ашытады. Сублимация тəсілімен кептірілген құрғақ штаммдарды пайдаланарда ыдыстың шетіне жалын қызуын тигізіп , 5-7 мл стерилденген сүтті ыдысқа құяды, штаммдарды еріткеннен кейін ыдыстағы 2л стерилденген сүтке құяды. Сұйық штаммдарды пайдаланарда толтырылатын штаммдар мөлшерін уақытқа байланысты есептейді, осылайша қажетті əзір штаммдарды алады. Егер сүт кеш, жұмыс уақытының аяғында ашытылса, таңда штаммдар əзір болады.
Ашытылған сүтті жəне оған енгізген микроорганизмдерді дамуы үшін оңтайлы температураны ұстайды, біріктірілген штаммдарды қолданған жағдайда сол микроорганизмдер арасындағы қажетті сақтауды қамтамасыз етеді, олардың температурасы əртүрлі оптимум температурадан тұрады. Ірімшікке арналған штаммдарды 26 -30°С, қаймаққа 24-26ºС, жай қатық 30-35ºС дейін , ациофильді-ашытқы сүт 25-30°С, болгар таяқшалы ашытқы мен термофильді стрептокок 40-45°С , ациофильді таяқша 38-ден 40°С дейін температурада дайындайды. Əзір штаммдарды пайдаланғанға дейін тоңазытқышта əлде мұздатқыш камерада сақтайды. Зертханалық штаммдарды микроорганизмдердің таза дақылдар қоспасынан тұрады. Зертханалық жағдайда стерилденген сүтті өндірісте ашытқанда жиі сұйық тұрақсыз қойылтпақ пайда болады. Осы кезде бұл штаммдарға пастерленген сүт қосса тығыз, жақсы қойыртпақ береді. Егер пастерленген сүттегі
дақылдардың сынағының қанағаттанарлықтай тоқтатады, адамның иммундық жүйесін белсенділендіреді. Ірімшік ағзадағы холестеринді шығаратын лецитинге бай. Бактериялардың əсерімен сүт қышқылды өнімдерді шығаруда жинақталған В тобындағы дəрумендер, антибиотиктер, сүт қышқылы, спирт, көмір қышқыл газ адам ағзасын жақсартады, асқазан ішек қызметін қалыпқа келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |