Ацидофильді-ашытқылы сүті.А. М. Скородумованың
технологиясымен өндіреді, оны ацидофильді таяқша жəне сүт ашытқысынан тұратын құрамдас ашытқыдан дайындайды. Осыған байланысты өнім өте құнды диетикалық жəне емдік қасиетке ие. Сонымен
қатар бұл өнім туберкулез, стафилококтар, дизентерия жəне тифмикробтарға қарсы бактерицидті əсерімен ерекшеленеді.
Өнімді тұтыну тəбетті ашады жəне тағам мен түсетін басқада заттардың сіңуін жақсартады. Ацидофильді таяқша ашытқыны бірге өсіргенде олардың антибиотикалық қасиеттері күшейеді. Өнімде жағымды, сергіткіш, өткір қышқыл ашытқылы дəмі бар. Консистенциясы біртекті, тығыз, аздап тұтқырлы, аздап созылмалы. Ашытқылардың дамуының əсерінен азғана газ түзілуі мен көпіруі жіберіледі.
Дайын өнімнің майының массалық үлесі 3,2%, қышқылдығы 80— 120°Т. Балаларды тамақтандыру үшін өнімге 7% қант қосады.
Ацидофильді – ашытқылы сүтті дайындау үшін пастерленген сүтті 30—32 °С температурада 4—6 сағат бойы ашытады. Дайын ұйындыны 10— 17 °С ға дейін суытады жəне ашытқыларды дамыту, спирт пен көмірқышқыл диоксиді пайда болу үшін 6 сағаттан кем емес ұстайды. Содан кейін өнімді саудаға жібергенше 6—8°С температурасы бар тоңазытқыш камераға жіберіп сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |