Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Жон етке бөлінген табиғи майшабақ



бет252/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

Жон етке бөлінген табиғи майшабақ. Бұл тағаммайшабақ табақшада беріледі, ал пісірілген ыстық картоп бетіне май құйылып, көк себіліп бөлек кроншель немесе тəрелкеде жіберіледі.

Майонез астындағы балық.Порциямен ұқыпты туралған, суытылған балық кесектерін (бекіре, көксерке, нəлім, алабұға), терісіз, шеміршексіз жəне сүйексіз табаққа салып бетіне тегістеп майонез бен желе құйып, суытады, содан кейін үстіне əдемілеп желеге батырылған лимон, көк, кияр, пісірілген көкөністерді салады. Əшекейлер бекітілгеннен кейін, балық бетіне қабаттап қатпаған желені құйып, глазирлеп суытады.

302

Бекіре құймасы.Желатинді 25—30 мин бойы 1:8 қатынасында салқын суда ерітеді. Бөлшектерге бөлінген бекірені пісіреді, суытады жəне порцияға кеседі. Сорпасын желе жасауға қолданады. Ол үшін балық сорпасының майын алып сүзеді, суға салынған желатинді араластыра отырып жаймен, əбден еріп кеткенше қыздырып қосады. Содан соң, 7-8% көпірткен жұмыртқаны қосып, қоспаны араластырып, қайнағанша қыздырып, сүзіп, сорпаны ағартады. Ағарту алдында сорпаға сірке суын қосады ( оның сорпадағы концентрациясы 0,15% көп емес болуы тиіс). Сірке су желенің дəмін жақсартады жəне оның түсін ағартуға себеп болады. Ағартылған сорпа қатқаннан кейін мөлдір жəне нəзік желе түзіледі.

Балық кесектерін бір порциялы салатник немесе

противеньге

орналастырады. Пісірілген

сəбізбен, қызыл бұрышпен

жəне көкпен

əшекейлейді. Əшекейлерді

бекіту үшін балық бетіне

қасықпен аз

мөлшерде шала қатқан желені құяды жəне қатыруға береді. Содан соң тағамды түгелімен шала қатқан желеге батырып тоназытқышқа қояды. Противеньде дайындалған балықты жіберер алдында толқынды жолмен жанжағының қалындығы 1-2 см болатындай порцияларға кеседі. Салатникте дайындалған балықты өзінің ыдысында жібереді. Соусникте бөлек ақжелкен соусы беріледі.

Балық ассорти. Балық ассортиына3-4 -тен кем емес балық өнімдерінің түрлері кіреді. Пісірілген бекіре балықты, тұзы аз семганы жəне албыртты жұқа кесектерге тіледі. Оларды табаққа əдемілеп салып, жанына көкөністерден дайындалған гарнирді салады. Тағамды лимон кесектерімен, салаттармен,көкпен əшекейлейді. Соусникте майонез соусын береді.

Балықтың жанына уылдырығы бар қабатталған қамыр себетті ( дəнді

жəне кетанын), немесе паюсты уылдырық ромбигін қояды. Себеттерді кондитер мөшектерден шыққан майонез соуысымен əшекейлейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет