Көрсетілген көрсеткіштердің әрқайсысы оған бөлінген баллдар саны шегінде бағаланады, одан кейін нәтижелер жинақталады. Жалпы балл санына байланысты зауыттағы сараптама арқылы балмұздақ тиісті сорттарға жатқызылады:
Экстра-100-ден 96 балға дейін
Жоғары-95-тен 91 балға дейін
1 сорт-90-нан 80 балға дейін.
Бағасы 80 балдан төмен балмұздақ шығаруға жатпайды.
Балмұздақтың дәмі мен хош иісі таза, осы түрге тән хош иісі бар, бөтен дәм мен иіссіз болуы керек.
Құрылымы мен консистенциясыбойынша дайын өнім нәзік, массасы бойынша біртекті, айқын мұз кристалдары мен тұрақтандырғыш кесектері болмауы керек; балмұздақтың бетінде біркелкі бөлінген глазурь болуы керек.
Түсі мен сыртқы түрі - балмұздақтың берілген түріне тән біртекті; оралған-дұрыс пішінді, вафли және вафльдіорамды -тегіс жиектері бар,
Бақылау сұрақтары: 1. Балмұздақты органолептикалық көрсеткіші бойынша бағалау жүргізіңіз.
2. Жеңілдіктер шкаласы қандай мақсатта қолданылады.
3. Балмұздақтың ақаулары қандай.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жакупова Г.Н., Алимарданова М.К., Ахметжанова А.Т,. Мулдашева А.Х. «Сүт және сүт өнімдерінің қасиеттері мен құрамын зерттеу әдістері» Нур-Султан 2021 ж -147 стр. ISBN 978-601-257-188-2
2. Жакупова Г.Н. Лекции по дисцпилине «Технология молока и молочных продуктов», 2020 год. http://portal.kazatu.kz/e-books/content/ZRo6e3JjjOfklpP7XAN6/