Қышқылдығын анықтау. Ірімшік пен сүзбе ірімшіктіңқышқылдығы Тернер градусымен көрсетіледі. Әдістің мазмұны 100 гірімшік немесе сүзбе ірімшікті титрлеуге жұмсалған децинормальді сілті ерітіндісін анықтауда болып табылады.
Анықтау тәртібі.
0,01 г дәлдікпен алынған 5 г ірімшікті фарфор ступкаға салып, бірте-бірте 35 – 40°С температураға дейін қыздырылған 50 мл су құю арқылы мұқият ұнтақтау.
3 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосып, 0,1 н. сілтімен 1 минутішінде жоғалмайтын қызғылт реңк пайда болғанша титрлеу.
Титрлеуге жұмсалған сілті мөлшерін 20-ға көбейту арқылыірімшік қышқылдығын есептеу. Параллельді анықтаулар арасындағыайырмашылық 4°С-дан аспау қажет.Мысал.5 г ірімшікті титрлеуге 10 мл 0,1 н. сілті ерітіндісі
жұмсалды.
Құрғатылған еріген майда немесе парафинде қыздыру менкептіру арқылы ылғалдылық мөлшерін анықтау тәртібі.
1 Құрғақаллюминді стақаншаға дөңгелек пергамент (стақанша түбін толығыменжауып, 0,5 см-дей түпкі қабырғаларын жабатын) салып, 5 – 8 гқұрғатылған еріген май немесе парафин (МЕСТ 23683 – 79) салып,өлшеу.
2 Пергамент пен парафині бар стақаншаға 5 г ірімшік салу.
3 Стақаншаны қысқышпен ұстап тұрып, абайлап (әсіресе басында)қыздыра отырып, тегіс қайнауын қамтамасыз ету. Судың булануыныңаяқталуын массаның буырқасыннан анықтайды, ол сытырлауы менкөпіршектенуін тоқтатады.
4 Кептіруден кейін стақаншаны таза металл табақша үстіне қойыпсалқындатады.
5 Салқындатылған стақаншаның салмағын өлшеп, ірімшікқұрамындағы ылғал көлемін (В %) төмендегі формула көмегіменесептейді:
В= (mom)100/mom
мұндағы: m0–қыздырғанға дейінгі парафин, пергамент, ірімшікөлшендісі бар стақанша массасы, г;
m1 – ылғалды кетіргеннен кейінгіпарафин, пергамент, ірімшік өлшендісі бар стақанша массасы, г;
m– парафин мен пергамент бар стақанша массасы, г.
6 Ірімшік немесе сүзбе ірімшік құрамындағы құрғақ зат көлемін100-ден ылғал мөлшерін алу арқылы анықтау.
Ірімшіктегі құрғақзаттың мөлшері
С = 100 – 40 = 60%.
Сонымен қатар, ірімшіктегі ылғал мөлшерін сүзбе анализіндеқолданатын әдістер арқылы анықтауа болады.
Достарыңызбен бөлісу: |