Зерттеу әдістемесі. Құрғақ заттардың массалық мөлшері Чижов аппаратында экспресс – әдіспен анықтайды:дайындалған пакетті 0,001 г аспайтын қателікпен өлшейді, оған 0,001 г аспайтын қателікпен зерттелетін өнімнің 5 г өлшейді, ол пакеттің өнім барлық ішкі бетіне біркелкі болып таралуы керек. Ілгегі бар пакет жабылады конверт түрінде оралады, қажетті температураға (155-160)0С дейін қыздырылған аппарат плиталарының арасындағы құрылғыға 5 минутқа орналастырылады. Ылғалдың массалық мөлшерін (Х, %) келесі теңдеумен анықталады:
Х= (3.1)
мұнда G1- кептіргенге дейінгі пакеттің салмағы, г;
Go- пакеттің салмағы, г;
G – кептіруден кейінгі пакеттің салмағы, г.
Моно және дисахаридтердің массалық мөлшері қызыл тұз көмегімен анықталады. Әдіс сілтілі ерітіндіде қанттарды тотықтырған кезде темір-күкірт калий (қызыл қан тұзы) темір-күкіртті калийге (сары қан тұзы) қалпына келеді:
2К3[Fe(CN)6] +2 КОН=2К4[Fe(CN)6] +Н2) +О
Темір-күкіртті калийдің сілтілі ерітіндісінің тағайындалған концентрациясы индикатор ретіндегі метилен көгінің қатысуымен қант ерітіндісімен титрленеді.
Бастапқыда құрамы шартты түрде анықталады. 100 см3 колбаға 20 см3 К3[Fe(CN)6] ерітіндісін және 5 см3 NаОН ерітіндісін өлшеп құяды. Егер сыналатын ерітіндідегі қанттың концентрациясы 0,25% аз болса, онда екі есе аз реактивтарды дәл өлшеп алады. Бір тамшы метилен көгін тамызып, қоспаны торда қайнауға дейін қыздырады және қайнаған ерітіндіні бояуы жоғалғанға дейін сыналатын ерітіндімен титрлейді.
Соңғы титрлеу кезінде қоспаларға К3[Fe(CN)6] және NаОН бюреткадан сыналатын қант ерітіндісін (шартты түрде анықтау кезінде жұмсалған мөлшерден 0,2-0,3 см3 аз мөлшерде) құяды, 1 минут аралығында қайнауға дейін қыздырады, 1 минут қайнатады, бір тамшы индикатор қосады және ерітіндінің бояуы жоғалғанға дейін бюреткадағы қант ерітіндісімен титрленеді.
Моно- және дисахаридтердің массалық мөлшері (Х, %) келесі формуламен анықталады:
Х=
мұндаК –дайындалған ерітіндіні К3[Fe(CN)6] түзету коэффициентідәл 1 %-дық қатынаста;
b – титрлеу кезінде қосылған моно- дисахаридтер ерітінділерінің көлемі, см3;
a– араластыру (сұйылту) дәрежесі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жакупова Г.Н. ,Абдугамитова А.Е., Сагандык А.Т. «Методы исследования свойств и состава молока и молочных продуктов» Нур-Султан. Издательство Казахского агротехнического университета им. С.Сейфуллина, 2019 год -147 стр. ISBN 978-601-257-188-2
Достарыңызбен бөлісу: |