Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы


Коммуникативтік іс-әрекет



бет5/26
Дата12.07.2023
өлшемі1,1 Mb.
#179429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
аза стан Республикасыны білім беру ж йесіні рылымы

Коммуникативтік іс-әрекет мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының саласын қамтиды. Педагогикалық іс-әрекет өзінің табиғаты бойынша оқушылар мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеті. Оның табыстылығы олардың арасындағы өзара қарым-қатынастың қалай қалыптасатындығына байланысты.
Гностикалық іс-әрекет мұғалімнің төмендегілерді зерделеуін қамтиды: өз іс-әрекетінің объектісі; яғни оқушылар көмегімен бұл іс-әрекет жүзеге асатын мазмұн, құралдар, нысандар мен әдістер; өз тұлғасын саналы жетілдіру мақсатында өз іс-әрекетінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Педагогикалық іс-әрекетке сәйкес мұғалім мамандығына тән
педагогикалық қабілеттер анықталады.
Дидактикалық қабілет. Оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізу, олардың білім дәрежесі, іскерлігі мен дағдысын дұрыс анықтай білу, пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дамыту.
Академиялық қабілет. Мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, биология, әдебиет және т.б.) сәйкестігі. Мұндай мұғалім өз пәнін өскелең өмір талабына сай біледі, қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Перцептивті қабілет. Оқушының ішкі дүниесін тани білу. Қабілетті мұғалім оқушыларда ауық-ауық болатын психологиялық жағдайды (ренжу, қобалжу және т.б.) бірден байқайды.
Экспрессивті (сөйлеу) қабілеті. Тілдің көмегімен өз ойын, сезімін нақты және түсінікті етіп жеткізу.
Қолданбалы қабілет. Мұғалім өз мамандығына тікелей қатысы жоқ іс-әрекет түрі – спорт, шахмат ойындарымен, көркемөнер, бейнелеу өнері туындыларымен айналысып, оқушыларды қызықтыра білуі (7-сурет).


4. Педагогика ғылым ретінде, оның объектісі, пәні және қызметтері, педагогиканың негізгі категориялары.
Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие аға ұрпақ пен жас ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады.
Қазіргі кезеңде педагогика ұғымына берілген анықтамаларды сараптасақ, педагогиканың міндеті адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелеу болып табылады (36-сурет).
Қазіргі кезеңдегі педагогика – тек балалар тәрбиесі туралы ғылым ғана емес, ол тәрбие туралы ғылым болып табылады.
Сонымен қатар педагогиканың атқаратын қызметтерін ғалымдар теориялық және технологиялық (практикалық) деп екіге бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет