Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы



бет6/26
Дата12.07.2023
өлшемі1,1 Mb.
#179429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
аза стан Республикасыны білім беру ж йесіні рылымы

Теориялық қызметтерге жататындар:
- түсіндіру: озат әрі жаңашыл педагогикалық тәжірибені зерттеу;
- болжамдау: педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу және оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру;
- анықтау: педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс - әрекеттерінің нәтижелілігі немесе тиімділігін және оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу.
Педагогиканың технологиялық қызметтері:
- жобалау: педагогикалық іс-әрекет пен оның мазмұны әрі сипатын қалыптастыру және реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті әдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар, оқу құралдары) жасауға байланысты;
- жаңалау: тәрбие және білім беру тәжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының заманауи жетістіктерін мектеп өміріне енгізу, пайдалану;
- ықпал таныту (рефлексивтік) және реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық): ғылыми-зерттеу нәтижелерінің оқу-тәрбие процесіне болған әсер-ықпалын бағалау және одан соңғы ғылыми теория мен тәжірибелік іс-әрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу -түзетулерді іске асыру.
Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері.
Еліміздегі білім беру жүйесінің басты міндеттері – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, білім мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады.
Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі негізгі міндеті – педагогикадағы жаңалықтың өмірге келуін жүйелі зерттеу, оның даму жолдарын анықтау, инновациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне тиімді енгізуі.
Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі негізгі міндеттерін инновациялық педагогика айқындайды. Инновациялық педагогиканың теориялық негізін жалпы педагогиканың теориясы мен педагогикалық инноватика құрайды: педагогикалық шығармашылық теориясы; озат педагогикалық тәжірибені тарату; педагогикалық жаңалық теориясы; ғылыми жетістіктерді практикаға енгізу теориясы; педагогикалық неология; педагогикалық аксиология; педагогикалық праксиология.
Оқу-тәрбие процесінде педагогикалық жаңалықтардың теориясы және практикалық маңыздылығын анықтау үшін жаңалықтың шығу тегін, құндылығын білуіміз қажет. Ал бұл мәселемен педагогиканың жаңа саласы педагогикалық аксиология айналысады.
Педагогика пәнінің мақсаты – біртұтас педагогикалық үрдісті тұлғаның өзін-өзі дамыта алатындай ұйымдастыруда педагогикалық білім мен біліктер жүйесімен қаруландыру.
«Педагогика» курсын оқу барысында болашақ педагог педагогика ғылымының құрылымы, зерттеу обьектісі, атқаратын қызметтері мен оқыту-тәрбиелеу әдістемесі, мектепті басқару жүйесімен таныс болады; педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін, тәрбие теориясы мен әдістемесін, оқыту теориясы мен әдістемесін, педагогикалық басқару жүйесі бойынша жаңа білім игереді; тәрбие жұмыстары мен оқыту процесін жүзеге асыру жолдарын және оқыту процесін басқару, оқушылармен, ата-аналармен тиімді қарым-қатынас жасау технологияларын меңгереді.
«Педагогика» оқулығында теориялық материалмен бірге, тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған тапсырмалар, глоссарий берілген. Әрбір тақырып бойынша болашақ педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыратындай қосымша тапсырмалар жинақталған.
«Педагогика» оқулығы педагогикалық жоғары оқу орнының барлық мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттеріне арналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет