Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы


Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы, педагогика ғылымдарының салалары



бет8/26
Дата12.07.2023
өлшемі1,1 Mb.
#179429
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
аза стан Республикасыны білім беру ж йесіні рылымы

6.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы, педагогика ғылымдарының салалары.
Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар (сыртқы және ішкі, биологиялық және әлеуметтік). Негізгі факторлар: тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие, олардың өзара байланысы.
Тәрбие – жеке тұлға дамуындағы басты факторлардың бірі. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады.
Жеке адамның дамуының ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол – адам қалыптасуында жетекші фактор. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордың ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етеді.
Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады.
Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына, әрекетіне елеулі ықпал етеді.
Орта – адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Жеке тұлғаның дамуы әсер ететін факторлар және олардың ішкі, сыртқы деп бөлінуі төмендегі 47- суретте толық ашылды.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.
1) Мегафакторлар: космос, неосфера, планета, әлем.
2) Макрофакторлар: ел, мемлекет, этнос, қоғам.
3) Мезофакторлар: тұрғылықты жерде халықтың болмыс-түрі, әртүрлі субьмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобының әлеуметтеңдіру жағдайы.
4) Микрофакторлар: ұстаз бен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум, яғни белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады.
Ішкі қарама-қайшылық-жеке тұлғаның ойы қоршаған ортамен байланыспағанда туындайтын қарама-қайшылық.
Сыртқы қарама-қайшылық-қоршаған ортаның талаптары мен заңдарына жеке тұлғаның іс-әрекетінің қарама-қайшылығы.
Жалпы қарама-қайшылық-жеке тұлғаның ойы, талап тілектері табиғатпен,рухани дүние мен материалдық жағдай арасындағы қарама-қайшылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет