Қазақстан республикасының білім және ғылым м


Сабақтың мақсаты:Студенттерді Қышқылдар заттарға жататын препараттарды мал шаруашылық тәжірибе қолдану және ерекше әсерлерін талкылау



бет13/18
Дата29.04.2018
өлшемі2,5 Mb.
#40309
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Сабақтың мақсаты:Студенттерді Қышқылдар заттарға жататын препараттарды мал шаруашылық тәжірибе қолдану және ерекше әсерлерін талкылау.


Керекті құрал-жабдықтар: препараттар- Қышқылдар т.б. Термометр, шыны, шприц, мақта, фонендоскоп, вазелин.

Жануарлар: уй қоян.

Тітіркендіргіш заттар әсер етуіне қарай: тек қана қызартатын (rubefacientia) және қолданғаннан кейін қабынуды күшейтетін, кейде күлбірететін және тіпті іріндететін заттар болып бөлінеді.

Сабақтың мазмұны.

Қышқылдар Қышқылдардың дезинфекциялық әсері олардың тканьдерден суды тартып алуында, белокті ұйытып, сілтіні бейтараптандыруында. Минералдық күшті қышқылдар тек суды ғана емес, сонымен қабат сутегі мен оттегін де тартып алады. Қышқылдың дарулығы мен концентрациясына байланысты оның бір орынға әсер етуі тканьдерді пайда болатын бос оттегілері де көмектеседі. Қышқылдың бактерицидтік әсері көбінесе оның ионға ыдырау дәрежесіне байланысты. Қышқыл неғұрлым толығырақ және тезірек ыдыраса, соғұрлым оның әсері күштірек болады, өйткені мұнда сутегі иондары көп құралады, ал қышқылдың бактерицидтік әсерін туғызатын негізінен осы сутегі иондары. Еріткіш температурасының жоғаылауы да бұны күшейте түседі, өйткені мұнда қышқылдың ыдырауы толығырақ және жедел болады. Қышқылдардың күштісі, орташасы, әлсізі болады. Күшті қышқылдарға фторлысутегі, азот, үшхлор, сірке қышқылдары жатады, орташа қышқылдарға хлорлы сутегі (тұз) қышқылы және әлсіз қышқылға күкірт және фосфор қышқылы және әлсіз қышқылға күкірт және фосфор қышқылы жатады; алайда бұл айырмашылық олардың бактерицидтік құндылығын толық көрсетпейді. Ол құндылық қоздырғыштың түрінде де байланысты.

Мысалы, азот қышқылы споралы және коккты микробтарға таңдап әсер етеді, фторлысутегі қышқылы топалаңның спорасына өте күшті әсер етеді де, стафилококктарға әлсіз болады, күкірт қышқылы стафилакокктарға өте күшті әсер етеді, ал басқа микробтарға әлсіз болады.

Қышқылдар тканьдер мен заттарға қатты бұза әсер ететіндіктен, олар басқа дезинфекциялық дарулармен аралас түрде (мысалы күкірт-крезол қоспасы) көбінесе, мал қорасын, тұрақтарды, жер бетін, атбайлауштарды т.с. дезинфекциялау үшін қолданылады.


МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ № 6 .

Сабақтың мақсаты:Студенттерді хлорлысутегі заттарға жататын препараттарды мал шаруашылық тәжірибе қолдану және ерекше әсерлерін талкылау.


Керекті құрал-жабдықтар: препараттар- хлорлысутегі т.б. Термометр, шыны, шприц, мақта, фонендоскоп, вазелин.

Жануарлар: уй қоян.

Тітіркендіргіш заттар әсер етуіне қарай: тек қана қызартатын (rubefacientia) және қолданғаннан кейін қабынуды күшейтетін, кейде күлбірететін және тіпті іріндететін заттар болып бөлінеді.

Сабақтың мазмұны.


Хлорлысутегі, яғни тұз қышқылы – Acidum hudrochloricum. Тазартылмай (Acidum hudrochloricum crudum), тазартылған (Acidum hudrochloricum purum) және ерітілген хлорлысутегі қышқылы (Acidum hudrochloricum dilutum деген түрлері болады) соңғысы – судың екі бөлегі мен тазартылған қышқылдың бір бөлегінің қоспасы.


Қышқылдың тазасы да, ерітілгені де түссіз келеді, ал тазартылмағаны – сарғыш келген, ащщы иісі бар сұйық зат. Марганецтің асқын тотығын қосып қыздырғанда қышқылдан хлор бөлініп шығады.

Сүт қышқылы – Acidum lacticum. Шырын тәрізді, түссіз немесе аздап сарғыш, иіссіз, қышқыл дәмі бар сұйық зат, суға жақсы араласады. Онда 75 проценттей таза сүт қышқылы болады. Сүт қышқылы ашу процесіне қарсы, антисептикалық және тітірендіргіш әсер етеді: асқазан жолындағы сфинктерлердің күшін (жыйырылуын) бәсеңдетеді.

Қышқылдың 10-15 проценттік ерітінділері ісікті күйдіруге қолданылады. 5-10 проценттік жылы ертінділері сыйыр трихомонозбен ауырғанда қынабына енгізу (жуу) үшін қолданылады.

Бор қышқылы – Scidum boricum. Түссіз, жылтырауық, суға етитін кристалл. Антисептикалық дару есебінде қолданылады. Борикум қышқылын көп ішкізсе, қарынды тітіркендіріп, құстырып, гастроэнтеритке ұшыратады.

1-4 проценттік ертіндісі жараны шайып жуу үшін, сондай-ақ таза күйінде немесе қойған мақсатқа қарай басқа даруларды қосып, сеппе ұнтақ түрінде қолданылады, көзді емдеу үшін тамшы түрінде 1-2 проценттік ертінді түрінде қолданылады.

Сіркесу қышқылы – Acidum aceticum. Түссіз, ұшқыш, сіркесу иісі бар сұйық зат. Сіркесу қышқылы үш түрлі концентрацияда қолданылады.

Официналдысы – концентрацияланған сіркесу қышқылы- Acidum aceticum concentratum ол, мұзды сіркесу қышқылы деп те аталады, онда 96 –100 % таза сіркесу қышқылы болады.

Іс жүзінде жұртқа мәлім және көп тарағаны – ерітілген сіркесу қышқылы - Acidum aceticum dilutum, онда 30 % сіркесу қышқылы болады. Ең ақырында сауда орындарында сатылатын ас сіркесуы қолданылады, онда 6 % сіркесу қышқылы болады.

МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ № 7 .

Сабақтың мақсаты:Студенттерді сілтілер заттарға жататын препараттарды мал шаруашылық тәжірибе қолдану және ерекше әсерлерін талкылау.


Керекті құрал-жабдықтар: препараттар- сілтілер т.б. Термометр, шыны, шприц, мақта, фонендоскоп, вазелин.

Жануарлар: уй қоян.

Тітіркендіргіш заттар әсер етуіне қарай: тек қана қызартатын (rubefacientia) және қолданғаннан кейін қабынуды күшейтетін, кейде күлбірететін және тіпті іріндететін заттар болып бөлінеді.

Сабақтың мазмұны.


Сілтілер


Сілтілердің қасиеті – қышқылдарды бейтараптандыру, клеткаларды сусыздандыру, майларды сабынға айналдыру және белоктерді еріту, міне олардың бактерицидтік әсері осы қасиеттеріне байланысты. Сілтілер өздерінің гидроксилды иондарымен және сілті ыдырағанда пайда болатын сутегімен әсер етеді.

Қышқылдардағы сыяқты, сілтілердің де әсер ету күші олардың ыдырау қабілетіне байланысты.

Еріткіш температурасының да маңызы бар, жоғары температурада ыдырау процесі едәуір тез өтеді, сондықтан қыздырылған ертінді күйінде сілтілер күштірек әсер етеді, ал салқын ерітінді күйінде едәуір әлсіз болады. Тез ыдырайтын анорганикалық сілтілер, баяу ыдырайтын органикалық сілтілерден гөрі, күштірек әсер етеді.

Сілтінің концентрациясының маңызы да бұдан кем емес: сілтінің күшті ертінділерінің дезинфекциялық және бактерицидтік әсері, әлсіз ертінділерінікінен гөрі, күштірек болады, өйткені бірінші жағдайда гидроксилды иондардың саны екіншідегіден гөрі көбірек болады. Күшті ерітінді күйдіреді, ал әлсіз ертінді тек тканьдерді тітіркендіреді немесе босатады.

Күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий – Kalium hudrooxydatum (Kalium causticum fusum) және Natrium hudrooxydatum fusum (Natrium causticum). Сарғыш не көкшіл тартқан ақ кесек немесе таяқша, ашық ауада еріп кетеді. Олар аузы жақсы жабылған, тығынының бетіне парафин не балауыз құйылған ыдыста сақталады.

Бұл сілтілердің 1 проценттік ерітінділері бірқалыпты тітіркендіргіш әсер етеді, ал 3-5 проценттік ертінділері күшті тітіркендіріп, кератоликалық әсер етеді, 10 және одан жоғары проценттік ертінділері тканьдерді күйдіреді.

Бұл препараттардың біріншісі де, екіншісі де күшті ерітінді түрінде немесе басқа заттармен қоспа түрінде үй-жайларды, қора-қопсыларды, мал тұрақтарын, құрал-саймандарды, оттықтарды және басқа да сілтіден бұзылмайтын заттарды дезинфекциялау үшін қолданылады.

Күл сілтісі – (сақар). Ағаш күлін 1: 10 – 1: 20 мөлшерінде суға салып қайнату арқылы алынады. Ыссы күйінде ол спора жасамайтын микробтардың барлығын өлтіре аалады. Ол оттықтарды, қора қабырғаларын, едендерді тағы сондай ағаш заттарды жуу үшін қолданылады.

Күйдірілген известь – Calcium oxydatum (Calcaria caustica s. Calcaria usta). Ақ, аморфты қатты кесектер, ол көмір қышқылды известі немесе мраморды қыздырудан алынады, ол бұдан кейін суды сіңіре отырып, бірте-бірте сөне бастайды. Оны құрғақ, жақсы бітеліп жабылатын ыдыста сақтау керек.

Сөндірілген известь (кальций тотығының гидраты) – Calcium hydrooxedatum. Күйдірілген известьке салмағының жартысындай су қосу арқылы алынады.

Известің сөну реакциясында жылу көп шығады, бұл өрт жөнінен қауіпті нәрсе, өйткені ағаш, сабын, басқа да тұтанғыш заттар жанып кетуі мүмкін. Сөндірілген известь ақ, ери қоймайтын ұнтақ, оның 0,4 проценттік ертіндісі хлоера мен іш тифі таяқшаларын өлтіре алады. Известь суын (1: 20) бір жаққанның өзінде тауық холерасының бактериялары өледі, қою известьпен (1:3) бір сылағанда шошқаның тілме мен септицелиясын және топалаң бацилласын құртады.

Известі су – Aqua Calcis (Aqua Calcariae s. Calcium hudrooxydatum solutum s. Calcariae caustica soluta) Мөлдір, түссіз сілтілі сұйық зат, беті ашық тұрса немесе одан ауа үрлеп өткізсе, көмірқышқылды известь құралуы салдарынан ол лайланып кетеді.

Бұл – сөндірілген (күйдіргіш) известің 1 проценттік ертіндісі, онда 0,15-0,17 проценттей кальций тотығының гидраты болады. Бір орынға жаққанда ол тұтқырлық және кептіргіштік әсер етеді. Сілті есебінде ол кілегейлі ерітіп, кілегей қабыққа тұтқырлық әсер етеді. Қарын мен ішекте ол шінара кальций хлоридына (CaCl2) және басқа қосылыстарға айналады.

Натрий карбонаты (көмірқышқылды натрий) – Natrium carbonicum. Кристалды, суға жақсы еритін ұнтақ. Натрий карбонатының күшті ертіндісі күйдіре әсер етеді, ал әлсіз кілегей қабықты ерітеді, майды сабынға айналдырады, қабыршақты жұмсатып, тері мен кілегей қабықты тазартады.



Натрий карбонатының жылы ерітнділері дезинфекциялық әсер етеді, бұл әсер температураның жоғарлауына байланысты күшейе түседі, натрий карбонатының 2 проценттік ертіндісі 62 градусқа дейін қызғанда туберкулез бацилласын 5 минут ішінде, ал 5 проценттік ертіндісі 80 градусқа дейін қыздырылса, топалаңының спорасын 10 минут ішінде өлтіре алады.

  1. Тақырыпты бекіту:

  2. Бесінші негізгі топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйдегі валенттіліктерін анықта. Олар қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

  3. Элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне қарай топша элементтерінің оттекті және сутекті қосылыстарының қасиеттері қалай өзгереді?

  4. Азоттың табиғатта таралуын, физикалық қасиеттерін сипатта және химиялық қасиеттері мен алыну жолдарын көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз.

  5. Аммиактың физикалық және химиялық қасиеттерін айтып, молекуласының пішінін сызып көрсет.

  6. Азоттың оттекті қосылыстары: алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері?

  7. Фосфор және оның қосылыстары: алынуы, қасиеттері.

  8. Мышьяк топшасының элементтері, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері?

МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ № 8



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет