155
Бір адамдар Құдайдан түскен деп Библияны көрсетсе, ал екіншілері
Құранды, үшіншілері Авестаны және басқаларын айтады.
Христиан
Құдайының үштігін (Әке, Ұл, Қасиетті рух) қалай түсінуге болады?
Өлімнен кейінгі өмір, жұмақ пен тозақ, бастапқы күнә дегендер не?
Барлық осы сұрақтар бойынша әлі күнге дейін пікірталастар толастар
емес. Сол себепті адам үшін еркін ойлау, діни адасушылықтардан ары-
лу ауадай қажет.
А.Коллинз адамдарды төзімділікке (толеранттыққа) шақыра оты-
рып, діни фанатизмнің кез келген түріне қарсы шығады. «Діни қарама-
қайшылықтарға бола әлемдік тарихта қаншама қан төгілді!» – деп
қынжылады ойшыл. Бүгінгі күнгі адамзат үшін бұл мәселелер мен ой-
лар маңыздылығын жоғалтты ма, сірә?
Деизмнің келесі бір жарқын
жақтаушысы болған философ, жара-
тылыстанушы, химик
Джозеф пристли
(1733-1804) еді. Ол оттегін
ашты, хлорлы сутегі мен аммиакты тапты,
фотосинтезді сипаттады
және ағылшын философы және дәрігері, қауымдасқан психологияның
негізін салушы Дэвид Гарклидің (1705-1757) ілімін ары қарай дамытуға
үлкен үлес қосты.
«Материя және рух туралы зерттеулер» (1777) деген шығармасында
Пристли табиғат – материалдық, рух материяның қасиеті деп сендіреді.
Пристли
материя
деп ұзындығы, тартылыс және кері тебу күші бар
түпнегізді санайды. Материя инертті емес, ол барлық мүмкін болатын
күштерге толы. Егер сіз материядан тартылыс және кері тебу күштерін
тартып алсаңыз, онда оның өзі де жоғалады.
адамның
табиғатында бір-біріне қарсы тұратын тәуелсіз жақтар
жоқ – ол толығымен материалдық дене болып табылады. Жүйке
жүйесінсіз және мисыз ешқандай да идеялар мен сезімдер болмайтын
еді. Осы ойларының өздері-ақ Пристлидің
Достарыңызбен бөлісу: