Энтони Шефтсбери (1671-1713) өз
үлесін қосты. Ол адамгершілік құндылықтарын
адамның бастапқы ізгі табиғатынан шығара отырып, әлемде үстемдік етуші үйлесімділік
және бастауы Құдай болып табылатын адам туралы ілімді дамытты.
Бұл жерде оның көзқарастары Т.Гоббс пен Дж.Локк көзқарастарына
тікелей қарама-қайшы келеді. Ойшылдың пікірі бойынша, ізгілік
пайда іздеу, марапат немесе жаза алу жолында пайда бола алмай-
ды. Ізгілік өзін-өзі тудырады, өйткені ол адамға орындалған борыш,
бақыт сезімін әкеледі. Ізгілікті адам өзі жататын топтың немесе тұтас
қоғамның игілігі үшін барлық күш-жігерін салады.
Ізгілік адамның ішкі табиғатынан шығатын болғандықтан, ол
Құдайға деген сенімге тікелей байланысты емес. Әлемдік тарих көп
жағдайда діннің қоғамның моральдық санасына теріс ықпал ететінін
көрсетеді. Құдайдан үміт күтетін немесе оның алдында қорқатын,
ізгілік жолымен жүретін адамның моральдық ұстанымдары шын-
жырмен байланған арыстанның құлықтылығын, мойынсұнуын еске
түсіреді.
Алайда бұл Шефтсбери Құдайды мойындамады дегенді білдірмесе
керек. Құдай – бұл әлемнің сұлулығы мен үйлесімділігінің бастауы.
Ол осы тамаша, ұлы және ретке келтірілген Әлемді жаратты. Олай бол-
са, адамның рухани өміріндегі көкорай шалғындар мен әсем бақтар да
Әлемнің осы сұлулығына сай болуға тиіс.
Ағылшын жазушысы