парадигма – нақты ғылыми қауымдастықта ғылымның белгілі бір
саласында жалпыға бірдей қабылданған функционалдық теория.
парағылым – ғалымдардың тиісті қауымдастығы мүшелері ара-
сында ғылыми таным жүйесінің толық құқылы элменттері деп тану-
да оларға қатысты мығым консенсус (пәтуа) болмайтын идеялар мен
тұжырымдамалар (мысалы, парапсихология, евгеника және т.б.).
принцип (қағида, ұстаным) – танымдық, іс жүзіндегі және руха-
ни қызметті жүзеге асыруға қойылатын белгілі бір талаптан тұратын
нормативтік жалпы пікір (салыстырмалылық қағидасы, сәйкестік
қағидасы, тиімділік қағидасы, моральдық қағидалар және т.б.).
пролиферация – П.Фейерабендтің ғылым философиясындағы:
өзара бір-бірін теріске шығаратын әртүрлі ғылыми болжамдар мен
теориялардың көбеюін, мейлінше ұлғаюын ғылымның табысты
өркендеуінің қажетті шарты деп санайтын негізгі ұғымдардың бірі.
Редукционизм – ғылыми білім синтезін қамтамасыз ету жөніндегі
жалпы зерттеу стратегияларының бірі. Таным теориясында редукцио-
низм түсіндірудің тиісті қағидасы ретінде қолданылады.
Релятивизм – білімнің объективтік мазмұнын терістейтін адам
танымының салыстырмалылығы, шарттылығы және субъективтілігі
туралы ілім; этикалық релятивизм – міндетті адамгершілік нормалар-
ды және адамгершіліктіктің объективті әлеуметтік белгісін терістеу.