Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ақмола облысының білім басқармасы астрахан ауданының білім бөлімі


Тілге арналған гимнастикалар-1 сағат



бет11/34
Дата11.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#99159
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрлігі а мола об

10. Тілге арналған гимнастикалар-1 сағат

Дикцияны тазалап, орфопиялық норманы дұрыс сақтау, тілге арналған гимнастикаларды жасап, тілді жұмсарту керек. «с» - «з» әріптерін айту барысында, «ш» - «ж» дыбыстарын қосып отырған абзал және оны тыңдай алу керек. Жаттығуды алдымен бір буынды сөздерден бастап, дауысты дыбыстарды қосып, шағын мақал-мәтел мен жаңылтпаштарға ұластыру керек.

Жаттығуды айту барысында тіл мен тістің орналасуына, сол әріптердің айтылу заңдылықтарына көңіл аудару қажет. С,з әріптерін айтқанда тілдің ұшы алдыңғы төменгі тістерге жанасады, ал ж,ш әріптерін айтқанда тілдің ұшы жоғарғы тістерге көтеріледі, бірақ қатты таңдайға жанаспайды.

Сөйлеу тіліндегі ешқандай ережеге сыймайтын ала-құлалықтарды бір қалыпқа түсіріп, оларды әдеби тілдің нормасына айналдырудың әрекеті- сөйлеу мәдениетінің талабы. Енді, төмендегі әріптер тізбегін айтып көрелік:

Сасса,  сэссе,  соссо,  суссу,         шашша,  шэшше,  шошшо,  шушшу

Зазза,  зэззе,  зоззо, зуззу              жажжа, жэжже, жожжо, жужжу

 

жздра, жздре, жздро, жздру         шстра, шстре, шстро, шстру



зждра, зждре, зждро, зждру         сштра, сштре, сштро, сштру - бұл тілдің ұшы еркін қозғалу үшін жасалынатын гимнастика.

Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Мысалы, [ш]-мен сөйлеу: [шаш]—[чаш] емес, [ұш]—[үч] емес, [ж]-мен сөйлеу: [жарқын]—[джарқын] емес, [жақсы]— [джақсы] емес т. б. Сондай-ақ жалпыхалықтық тілде кездесетін "л" - "д" дыбыстық нұсқ апа- рының маңцай (маңлай диал.) жылқылар (жы- лқыдар диал.) болып айтылуы ұлттық әдеби тіл нормаларының қалыптасуымен байланысты.

 11. Екпін -1 сағат

Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.

Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.

Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.

Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбекерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.

Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.

Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет