ГЛОССАРИЙ
1.
Автооператор
- бір еркіндік дəрежелі манипулятор.
2.
Антропоморфті манипулятор
– тұйықталмаған кинематикалық
тізбекті манипулятор.
3.
Икемді өндіріс
- өндірістік кешендерде, бөлімшелерде, цехтарда,
заводтарда өнімнің бір түрін жасаудан екінші бір түрін жасауға аз уақыттың
жəне минимальді шығынмен өтетін икемді технологияны пайдаланатын өндіріс.
4.
Есте сақтау құрылғысы
– басқа блоктармен ақпаратты сақтау жəне
алмастыру үшін арналған басқару модульінің ең басты құраушы блоктары
болып табылады.
5.
Интерфейс
- берілген жүйенің сыртқы ортамен өзара əсерлесуі үшін
жəне жүйенің өз ішіндегі өз ара əсерлесулер үшін қолданылатын əдістер мен
құралдар.
6.
Ақпаратты-өлшеу жүйесі
– бергіштен, техникалық көру жүйесінен
жəне сигналдарды сəйкестендіру интерфейс құрылғыларынан тұрады.
7.
Жасанды нейроторлар -
электронды жəне оптиканың базалық
элементтерінен құралатын, адам миының жұмысын көшіреді.
8.
Орындаушы механизм
– өзінің жұмыс органымен, берілген
қозғалыстарды орындауға арналған механикалық жүйе.
9.
Кинематикалық буын
– механизмдердің құрамына енетін бір немесе
бірнеше өз ара қатаң қосылған қатты денелер.
10.
Кинематикалық жұп
- өзара салыстырмалы қозғалыста болатын,
жанасқан екі буынның қосылысы.
11.
Кинематикалық тізбек
- өз ара кинематикалық жұп жасап
байланысқан буындар жүйесі.
12.
Коммуникациялық жүйе
- ақпараттың кеңістікпен таралуына
арналған техникалық құралдар жиынтығы.
13.
Манипулятор
– кеңістікте объектілерді қозғалту кезіндегі адамның
қолының функцияларына ұқсас, жұмысшы органымен жабдықталған, қозғалту
функцияларын орындайтын жабдық.
14.
Достарыңызбен бөлісу: |