Негізгі ұғымдар: оқыту процесі, оқыту түрлері, оқыту функциялары.
17.1. Оқыту процесінің мәні, ерекшеліктері мен қызметі
Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс – әрекет барысы.
Оқу процесі – бұл ұстаз бен шәкірттердің мақсатқа бағытталған өзара әрекетінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу.
Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.
Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында оқушыларға білім беру міндеттерін шешу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |