Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:
– Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы;
– Шәкірттердің өз бетінше ойлануына қажетті көңіл бөлінбеуі;
– Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.
Проблемалы оқыту.
Проблемалық оқытудың өзі – бұл шығармашылық процесс: бейқалыпты ғылыми оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу.
Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтар қойып, олардың шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді. Бұл оқытудың түріне үлес қосқан ғалым педагогтар: Ж.Ж. Руссо, А. Дистервег, К.Д.Ушинский. Мысалы: Дистервегтің дәлелдеуінше «Жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді».
Достарыңызбен бөлісу: |